Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
политология экзамен.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
133.56 Кб
Скачать

Саяси процесстiң бiр түрi сияқты төңкерiс, реформа, көтерiлiс, бүлiк.

Төңкеріс немесе Революция (лат. revolutіc — бетбұрыс, төңкеріс) — табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғыл.-тех., мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады. Әлеум. Революция қоғамның жаңа сапаға ауысуына жол ашып, сапалы өзгерістерді бейнелейді. Әлеум. Революция қоғамның саяси, экон., рухани өміріне түбірлі өзгерістер енгізу үрдісін бастап береді

Реформақоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру үшін билік жүйесіне, саяси қызметтердің түрлі жақтарына өзгерістер енгізу. Ол қоғамның саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін.

Көтеріліс - орын алған биліктерге қарсы болған табысты немесе сәтсіз бұқаралық қарсылық, әдетте революциядан айырмашылығы, билік жүйесі тиянақты шүбәге душар болмайды, және сонымен қатар төнкерістен айырмашылығы, соңында көпшілік емес, «өз адамдары» қатысады. Көтерілістердің революцияларға сирек әкеліп соғуының себебі, саяси ұйым түрлері саяси және экономикалық ұйымдарда тап және нағыз баламаларда құрастырылған индустриалды қоғамдардың көрінуіне дейін жоқ болуы.

Бүлік бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекеті.

Саяси процесстiң бар болуының негiзгi тәртiптерi және ұғымдары.Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т.с.с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда. Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді. Оны үшке бөлуге болады: саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі; саяси тәртіптің дамуы; саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы.

Саяси сана- бұл қоғамдық сананың формасы.

Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялықтүрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.

Саяси тәртіп: ұғым және белгілері.Саяси тәртіп – үкіметтің қалыптасуы үшін түрлер мен әдістердің бірігуі. Барлық саяси жүйесі бар мемлекеттер үкіметті қалыптастыруда мынадай формаларға бөлінеді: 1)Демократиялы (демократиялы тәртіп)2)Демократиялы емес (тоталитарлы және авторитарлы тәртіп)3)Саяси жүйенің демократизмі мына факторлармен анықталады:1)Әрқашан шыншыл сайлаулар жүргізу2)Азаматтардың бостандығын, құқықтарын бұзбау3)Көп партиялы жүйенің болуы4)Тәуелсіз баспасөз, көп ақпарат алу әдісіМіне осылай саяси, қоғам жүйесі берілген мемлекет тәртібін сипаттайды, ал тәртіп өз кезегінде саяси жүйенің категориясы болып табылады.