Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
политология экзамен.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
133.56 Кб
Скачать

Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.

Әл Фарабидың ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін – ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек. Ол басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды. Қазақ халқының саяси санасынынң дамуына ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында пайда болған алғашқы зиялылар тобы да топ та зор ықпал етті. Оларға: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаммеджан Тынышбаев, Мағжан Жұмабаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар және басқалар жатады. Олар Ресейдік отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын басқарып, қазақ халқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Олар қазақ елінің өзін-өзі басқару, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, адам құқықтары мен бастандықтарын сыйлау, демократиялық принциптерді қазақ жеріне кіргізуді мақсат етті. Алаштың білімді де білікті асыл азаматтары қызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақ олардың ісі, саяси мұраты өлген жоқ.

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты принципі еркін сайлау және референдум арқылы жүзеге асырылатынын, ал, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігін белгілейді.Қазақстанда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 98 депутатын сайлауда барабар сайлау жүйесі қолданылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.Барабар жүйе бойынша сайлау партиялық тізімдер үшін дауыс беру дегенді білдіреді. Барабар сайлау жүйесінің негізгі мақсаты көппартиялық жағдайында партиялардың барабар өкілдігін қамтамасыз ету болып табылады. Сайлау партиялық тізімдер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте Парламентке өту үшін партияның міндетті түрде алуы тиіс сайлаушылар дауысының проценті түріндегі заңнамалық тосқауыл қолданылады. Қазақстанда ол 7% құрайды.Қазақстанда сайлауларды және референдумдарды өткізудің ережелері, рәсімдері мен негізгі ұстанымдары ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңымен, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен белгіленеді.Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында Қазақстан азаматтары тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқылы делінген. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматттардың  сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасында сайлау азаматтардың өзінің сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделген. Бұл ретте Президентті, Парламен Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республика Парламеті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі.Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжібүрлеуге, сондай-ақ оның ерік білдіруін шектеуге ешкімнің құқығы жоқ.

Қазақстандағы парламентаризмның дамытуы және заң шығарушы билiктiң құрылымы. Қазақстандағы парламентаризмның дамытуы және заң шығарушы билiктiң құрылымы. Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында, бұрынғысындағыдай, Жоғарғы Кеңеске өте көп өкілдік берілді, бұл биліктің бөліну принципін жүзеге асыру мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жіберді. Реформалардың одан әрі жүргізілуі республикалық билік органдарының, бірінші кезекте, өкілді органдардың тиімсіздігін анықтады, өйткені олар жедел өзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады және осыған орай баламалы шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тұрақты негізде істеген жекелеген органдарының жұмыс нәтижелері де кәсіби Парламент құрудың қажеттігін дәлелдеді. Тежемелілік пен тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы Кеңеске Үкіметтің қызметіне араласуына немесе оны ауыстыруға дейін баруына мүмкіндік берді, бұл республиканың өкілді органының қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соқты. 1994-1995 жылдар кезеңі қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуындағы төтенше маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби парламенті болды.Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. 1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді.