Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
политология экзамен.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
133.56 Кб
Скачать

Саяси партиялардың классификациясы.

Cаяси партияның практикалық элементтер ерекшеліктерінің иерархиясына байланысты көптеген партия классификациясының көптеген критериі бар. Марксистер классификациясының негізгі критериі ретінде партияның таптық сипатын ұсынады. Институционалдық бағытты жақтаушылар ұйымдасқан құрылымдық критериді пайдаланады, ал функционалистер партия қызметінің орындалуына басты назар аударады. Либеральдық бағыт партия мүшелеренің саяси және идеологиялық байланыс сипатын маңызды деп есептейді.

Саяси ғылымда М. Дюверженің классикалық концепциясы ерекше орын алады. Ол концепциядағы партия типологиясында партияның құрылымдық сипаттамалары ішкі құрылымы, мүшелік жүйесі, жетекшілік органы сондай-ақ партиның пайда болу мәселелерін қарастырады. Алғашқы ұйымдасуына қарай М. Дюверже партия-комитеттер, партия-секциялар, партия-ячейка және партия—боранды отрядтар деп ажыратады. Пайда болу критериі бойынша ол партияны электоральдық, парламенттік және «сырттай пайда» болатын партия деп бөледі.

М. Дюверже партияны «кадрлық» және «бұқаралық» деп бөледі. Бұқаралық және кадрлық партиялар айырмашылығы олардың көлеміне де, мүшелер санына да байланысты емес, ол партияның құрылымына байланысты. Олар мынадай белгілермен ажыратылады: пайда болуына, негізгі бағдары мен әрекет ету амалына, алғашқы ұйымдасуына, мүшелілік жүйесі және құрылымдық элементтерінің байланысына байланысты. Кадрлық партиялар парламенттік, электоральдық негізге ие болады. Бұқаралық партия партияның «сыртқы пайда болу ерекшелігіне» көп қатысты.

Өкіметтік билікке бақылау жасау деңгейіне қарай партия оңшыл және оппозициялық болады. Оппозициялық партиялар заңдық статусы критериі бойынша ашық, рұқсат етілген және мемлекеттік тіркелген, заң көлемінде әрекет ететін; жартылай ашық, тіркелмеген бірақ шектеу қойылмаған; жасырын, мемлекетпен шектеу салған.

Саяси партиялардың қоғамның саяси жүйесiндегi орны және рөлі.

Қазіргі демократиялық қоғамда партияның маңызды міндеті – азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.

Саяси партиялардың мәні және генезисi.

Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің  қалыптасу  кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды. "Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады. Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті: 1. Аристократиялық үйірмелер. 2. Саяси клубтар. 3. Көпшілік партиялар. Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін корғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық(виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды. Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбританияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.