Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
политология экзамен.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
133.56 Кб
Скачать

Үкімет, оның негізінің мәні және қорлары.

Үкімет ҚР ның атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.Үкімет алұалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.Үкіметтің құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі қонституциялық заңмен белгіленеді.ҚР Үкіметі: мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.Үкіметтің табысты жұмыс істеуі үшін үнемі сапалы құқықтық база, заңдардың тұрақтылығы қажет.

Шарль Монтескьенiң саяси көзқарастары.

Георгафиялық ортаның саясатқа ықпал етуі туралы ертедегі ойшылдар Гиппократ, Аристотельдер атап айтқан болатын. Алайда оны теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529-1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан сол елдің философы Ш.Монтескье (1689-1755). Оның ойынша, географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады. Ал Оксфорд университетінің профессоры Маккиндер ХХ ғасырдың басында теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттер даму жағынан артта қалады деді. Ол дүниені құрылықтық және теңіздік күштер деп екіге бөлді. Қалай болса да, бүгінгі таңда елдің географиялық жағдайы оның сыртқы саясатын қалыптастыруға әсер ететіндігі даусыз.