Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
политология экзамен.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
133.56 Кб
Скачать

Адамның негiзгi құқықтары туралы қазiргi политология.

Қазіргі кезде әлемдік саяси ғылымда адам құқығына табиғи-тарихи тұрғыдан карап, соған орай түсіну басым. Жалпы алғанда, «адам құқығы» деген ұғымның өзі кең және тар мағынада қолданылады. Оның кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынасында мемлекет тарапынан берілмеген, ол тек конституциялық-құқықтық турде жеке мемлекеттік шенберде бекітілгенқұқықты білдіреді. Оған ең алдымен өмірге келген қандай адам болмасын өмір сүруге құқығы барлығы жатады. Одан басқа адам құқығына кіретін жайлар мыналар: барлық адамдардың заң алдындағы тендігі; тәннің дербес құқығы;адамзаттық ар-намысты сыйлау, оны қормалау; негізсіз, заңсыз тұтқындамау немесе ұстамау;діңге сену және ұждан бостандығы; ата-аналардың балаларын тәрбиелеуі;қанаушыларға қарсылық көрсету құқығы және т.с.с

Азаматтық тұжырымдама - негiзгi теориялық жiберу, саяси қайта туу ойлары.

Азаматтық қоғам – онда болып жатқан үдерістер мен қатынастардың басты тұлғасы мен субъектісі адам деп танып, мойындайтын қоғам.Азаматтық қоғамды қалыптастыру мен демократияны дамыту өзара тығыз байланысты. Азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады.

Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның іргетасы ретінде қызмет етеді. Бұлар жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қоғамда тұрақтылық, қауіпсіздік, әділеттілік пен ынтымақтастық жағдайын орнықтыру мақсатында қажет.

Азаматтық қоғамның өмір сүруі үшін басты базалық шарттардың бірі тәуелсіз БАҚ арқылы қамтамасыз етілетін жариялылық болып табылады. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің міндеті азаматтар мен заңды тұлғалар бірлестіктері (партиялар, ҮЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, т.б.) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билікті бір қолға алуына мүмкіндік бермейтін азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшін қажетті жағдай жасау болып табылады.

Азаматтық қоғамның міндеті – жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесінің мүддесін қорғау, билік қызметін қоғамдық бақылау, әрі оның ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.

Араб орта ғасырының саяси ойы. Әл Фараби, Аль- Газаль, Ибн – Халдун көзқарастары. Ибн Халдун (1332-1406 жылдары) — XІV-XV ғасырлар белесінде өмір сүрген математиктердің арасынан бірінші болып қоғам дамуын талдады. Ол – саяси құбылыстар, яғни билікке иелер мен билікке бағынатындар арасындағы қарым-қатынастар, меншік құру, өкіметтің, мемлекеттің пайда болуы. Ибн Халдун қоғамның экономикалық дамуының нұсқалары туралы біркатар пікірлер айтқан. Ол адам өңдіруші және меншік иесі болған кезде ғана қоғамдық тіршілік иесі болады деп түсінді.

Ибн Халдун адамның әрекеттерін табиғи, материалдық қажеттіліктерге негізделген әрекеттермен байланыстырып қаратырады. Ол былай деп атап өтті:

Aдамдардың ерекшеліктері қоғамдық өмір болып табылады. Бүл бірлескен өмір, қалада немесе ауылдық жерлердегі бірлескен қоныстану, бүл адамдадың бірігуге, адамдардың өздерінің кажеттіліктерін бірлесе қанағаттандыруға деген бейімділіктерімен түсіндіріледі, өйткені адам табиғатына өмір сүрудің қажетті құралдарын алуға бір-біріне көмектесуге ұмтылу тән.

Ибн Халдунның ойынша, қоғамдық өмірдің негізін адамдардың өңдірістік қызметі, олардың өзара көмектері, өзара әрекеттестігі құрайды. Осы екі фактор адамдардың өмір сүруіне және дамуына мүмкіндік береді. Ибн Халдун қоғам мен мемлекетті ажыратып қарады, олардың арақатынастары мен дамуының заңдылықтарын айқыңдауға тырысты. Ибн Халдун әл-Фарабимен мемлекеттің мәні туралы мәселе бойынша пікір таластырады, оның әл-Фарабиден айырмашылығы мемлекетті келісімшарттың немесе келісімнің негізінде пайда болған адамның жасанды туындысы емес, ұдайы қозғалыс пен дамуда болатын қоғамның табиғи дамуының қажетті күрделі және қарама-қайшылыққа толы өнімі деп карады.

Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазған. Саясаттануға байланысты: «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар.Әл Фарабидің ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін – ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек.Әл Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-жігерін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.Әл Фараби алғашқылардың бірі болып адамды ардақтап, асқақтатты. Оның айтуында, адам бақытты болуға лайықты, сол бақытын ол табуға тиіс. Оған өзінің іс-әрекетінің, жұмысының, тынымсыз ізденуі мен оқу үйрену нәтижесінде жетуге болады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады деді

Аристотельдiң саяси көзқарастары. Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б. 384-322) болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салған соң біраз елдерді аралады. Б.з.б. 342-340 жылдары Македония патшасы ІІ Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонскийді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афиныға оралып, өз мектебін (лицейді) ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан. Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика» деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты – адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте, тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет – қауымның дамыған түрі, ал қауым – отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншылықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады. Сонымен қатар ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады. Себебі, мұндайда қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді.