- •Жеті жарғы» заңдар жинағының қазақ хандығының саяси өміріндегі орны.
- •«Қазақстан-2030» дамыту стратегиясы - кәсiби мемлекеттiң құрастыруы туралы.
- •Авторитарлық саяси тәртiп.
- •Адам мен азамат құқығы мен бостандығы туралы қр- ның Конституциясы.
- •Адамның негiзгi құқықтары туралы қазiргi политология.
- •Азаматтық тұжырымдама - негiзгi теориялық жiберу, саяси қайта туу ойлары.
- •Ашықтықтың ұғымы. Ашықтықтың түрлерi.
- •Билiктiң бөлiнуi бұл заңға сүйенген мемлекеттiң қағидасы
- •Демократиялық саяси тәртiптiң негiзгi тармақтары.
- •Еуропалық орта ғасырдың саяси ойы. Августин Блаженский мен Фома Аквинский оқулары.
- •Жаңғырту шарттарындағы саяси социализация және азаматшылықтың құрастырылуы.( н.Назарбаев «Тарих шежіресінде»)
- •Заңға сүйенген мемлекет: ұғым және қағидалар.
- •Қазiргi американдық политология: р.Даль, г.Алмонд, д.Истон, г.Лассауэлл тағы басқалар.
- •Қазiргi қоғамдағы политологияның функциялары.
- •Қазiргi политологиядағы элиталардың құрастыруындағы мәселе
- •Қазiргi француздардың саяси ойы: р.Арон. М.Дюверже тағы басқалар.
- •Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.
- •Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
- •Қазақстандағы саяси жүйенiң өзгеруi. (тоталитаризмынан демократияға)
- •Қазақстандағы ұлттық қатынас мәселелері
- •Қоғамның саяси жүйесi: мәні және құрылымы.
- •Марксизмдiк саяси тұжырымдама.
- •Мемлекеттiк басқарудың формалары.
- •Николо Макиавеллидің саяси көзқарастары.
- •Платонның саяси көзқарастары.
- •Политология ғылым ретінде.
- •Политологияның зат және объект ұғымдары
- •Политологияның әдiстерi.
- •Сайлау жүйелерiнiң негiзгi түрлерi және ұғымдары.
- •Саясат- бұл әлеуметтiк құбылыс. Орны және қазiргi қоғамдағы саясаттың рөлi.
- •Саясатқа деген адамның негізгі қарым-қатынас түрлері
- •Саясаттағы адамның орны мен рөлі туралы негiзгi тұжырымдамалар.
- •Саясаттың мәні және табиғаты. Оның табиғатын анықтау жолдарының алуан түрлiгi.
- •Саяси ғылымның тарихы: дiни, заң және саяси – социологиялық дәстүр.
- •Саяси жетекшiлiктiң негiзгi тұжырымдамалары.
- •Саяси жүйелердің типологиясы.
- •Саяси көзқарастар және XX ғасырдың бiрiншi жартысының басындағы қазақ либералды интеллигенциясының тағдыры
- •Саяси Қазақстан мәдениетi: дамытудың күйлері және перспективалары.
- •Саяси мәдениеттiң типологиясы және функциялары.
- •Саяси партиялардың классификациясы.
- •Саясаттын мәні және табиғаты. Оның табиғатын анықтау жолдарының алуан түрлігі.
- •Саяси плюрализм және көп партиялылықты дамыту - қазақстандық қоғамның ары қарай демократтандыруының шарты.
- •Саяси процесс және жаңғырту.
- •Саяси процесстiң бiр түрi сияқты төңкерiс, реформа, көтерiлiс, бүлiк.
- •Саяси сана- бұл қоғамдық сананың формасы.
- •Саяси элита және элиталардың негiзгi тұжырымдамаларының ұғымы.
- •Сыртқы саясат, халықаралық саясат ұғымдары, айырмасы
- •Томас Гоббстың саяси көзқарастары.
- •Үкімет, оның негізінің мәні және қорлары.
- •Шарль Монтескьенiң саяси көзқарастары.
Саяси элита және элиталардың негiзгi тұжырымдамаларының ұғымы.
Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “ Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”ең жақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады . 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі , осы белгілерді кң жоғарғы өлшеммен бағалайды . Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды. Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.
Сыртқы саясат, халықаралық саясат ұғымдары, айырмасы
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардың негізі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және халықаралық саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.