Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
политология экзамен.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
133.56 Кб
Скачать

Политология ғылым ретінде.

«Саясаттану» ұғымының анықтамасы. Саясаттану сӛзі гректің «саясат» және «ілім» деген сӛздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясаттану сонымен қатар, басқа ғылымдардан ӛзінің әдістерімен, амалдарымен, талдауларымен ерекшеленетін, тұтас ғылым. Саясаттану ғылымының құрылымы саяси білім туралы қалыптасқан жүйе. Оның құрамына мына тӛмендегі мәселелер кіреді: саяси ілімдер тарихы, саяси философия, саяси әлеуметтену, саяси антропология және т.б.

Саясаттану объектісі – саясат, қоғамның саяси ӛмірі.

Саясаттану пҽні саяси биліктің ӛзгеруі мен қызмет етуінің, қалыптасуының заңдылықтары.

Саясаттанудың негізгі заңдылықтары:

• пайда болу, қалыптасу және саяси қызығушылықтардың, кӛзқарастардың, тұжырымдамалар мен теориялардың даму заңдылықтарын

• саяси биліктің мазмұны мен сипатының ӛзгеруі мен қалыптасуының заңдылықтарын

• саяси процестердің дамуы мен қалыптасу заңдылықтарын

Саясаттанудың негізгі кетегориялары: саясат, саяси билік, саяси ұйым, саяси жүйе, саяси режим, саяси құндылықтар, саяси мәдениет, саяси қызмет, саяси әлеуметтені және т.б.

Политологияның зат және объект ұғымдары

Саясаттану сөзі гректің «саясат» және «ілім» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясатанудың орны ерекше. Себебі, адамзатт тарихында саясат негізгі рөл атқарады. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректер ең алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері деп пайымдаған.

Политологияның әдiстерi.

Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жатадыСалыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі ҚРда алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ. Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды. Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді. Нормативтік әдіс (ХІХ ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Пропорционал сайлау жүйесiнiң негiзгi түрлері. Пропорционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы – ол көпшілік принципуне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың (депутаттық орынның) арасындағы пропорционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай патия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға дауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде (Ұлыбритания мен Франциядан басқа) кең дамыған. Сайлаудың пропорционалдық жүйесінің кемшілігі – сайлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.