Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
политология экзамен.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
133.56 Кб
Скачать

Саяси жетекшiлiктiң негiзгi тұжырымдамалары.

Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдадың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр. Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан-ақ білгілері келген. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н. Макиавеллидің «Патша» деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін – соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болсамын аман қаларлық қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс; 4)басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндірілді. Қазіргі саяси топ бастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси жетекшiлiктiң ұғымы және типологиясы. Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады

Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін американдық ппрофессор Дж. Херман ұсынды. Ол саяси топ бастаушыларды былай жіктейді:

  1. Тү көтерер саяси жетекші. Оның өмірге өз көзқарасы, болашаққа болжамы бар,өмірде болып жатқан оқиғалардың сипатын жақсы түсінеді, оның өзгерту жолын айқындайды. Мысалы Үндістанда ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы Махатма Ганди,Негрлердің азаматтық құқығы үшін күрескен Мартин Лютер Кинг.

  2. Қызмет етуші топ бастар. Ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін дәлме дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді. М: Л. И. Брежнев, Д. А. Қонаев.

  3. Сауда топ бастар. Оның ерекшелігі – алдына қойған жоспарды іске асыруға соңынан ергендердің бәрін жұмылдырып, сендіре білу қасиетінде. М: американың 40-президенті Р. Рейган, Ресей президенті Б. н. Эльцин.

  4. Өрт сөндіруші топ бастар. Ол уақыттың талабына сай өз жақтастарын жинақтап қойған сауалына,қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алады. М Д. Буш , Я. Арафат.

Саяси және мемлекеттiк билiктiң негiзгi түрлері. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саястта тұжырымдалан өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды тенестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендіруінің тәсілдемелік негізі болды.Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу апаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кездерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (ежелі русьтегі азаматтар жиналысының түрі),вече соттарының және т. б. билігі болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО және т.б.) сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгеніндей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.