Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
политология экзамен.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
133.56 Кб
Скачать

Еуропалық орта ғасырдың саяси ойы. Августин Блаженский мен Фома Аквинский оқулары.

Саяси ой тарихында орта ғасырдағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Храистиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин(354-430) еді. Ол хритиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған.Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп 2 түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде 2 қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдай мен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін,жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың 2 қоғамы деп түсіндірді.

Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шынына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жекедара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты – «ортақ игілікке» жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.Фоманың ойынша, билік құдайдың құдыретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай жерде Рим папасы билеуі тиіс.

Әл Фарабидің саяси-философиялық оқулары.Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазған. Саясаттануға байланысты: «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар.Әл Фарабидің ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін – ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек.Әл Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-жігерін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.Әл Фараби алғашқылардың бірі болып адамды ардақтап, асқақтатты. Оның айтуында, адам бақытты болуға лайықты, сол бақытын ол табуға тиіс. Оған өзінің іс-әрекетінің, жұмысының, тынымсыз ізденуі мен оқу үйрену нәтижесінде жетуге болады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады деді.

Жан жак Руссоның саяси көзқарастары.Руссо Жан Жак (1717-1778) - "Қоғамдық келісім туралы" еңбектің авторы. Негізгі идеясы - халық егемендігі. Қоғамдық келісім негізінде ортақ ерік жатыр. Мінеки, осы ортақ ерікпен бағытталатын билікті ол егемендік деп атаған. Мемлекеттегі егеменді биліктің бөлінуін қолдамады. Руссо пікірінше, заң шығарушы билік тікелей егеменді халықтың өзімен іске асырылады. Ал атқарушы билік егемендіктің шешімі бойынша қол астындағылармен байланыс үшін құрылады. Атқарушы билік кімге тапсырылды соған байланысты биліктің түрлерін бөлген: демократия, аристократия, монархия. Географиялық фактор рөлін көрсеткен: демократиялық басқару кішігірім мемлекетте; аристократиялық басқару орта, монархиялық басқару үлкен мемлекетке тән. Табиғи жағдайда барлық адамдар тең және еркін, тек бір теңсіздік - адамдардың денсаулығы мен жасына байланысты. Қоғамдық теңсіздік жеке меншіктің пайда болуымен байланысты. Мемлекет пен құқық осы жеке меншіктің нәтижесі. Руссоның демократия теориясы көбінесе қатысу теориясы болып табылады.Руссо пікірі бойынша, демократия - мемлекеттік тетік қана емес, сонымен қатар адамдарды жетілдіру, олардың мүмкіндіктерін дамыту. Руссоның теориясы кішігірім меншігі бар ұсақ шаруалардан құралған квазидәстүрлі қоғамның идеалды жобасына бағытталған