Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
политология экзамен.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
133.56 Кб
Скачать

Ашықтықтың ұғымы. Ашықтықтың түрлерi.

Басты және өкiлеттi демократияның негізгі көзқарастары Демократияны тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуде тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің түрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды, асқарушы төбе топтың халықтан алшақтауына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабыдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайларда екі ұшты сұрақтар қою және т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.

Басым сайлау жүйесiнiң негiзгi түсініктері. Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған. Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады.

Билiктiң бөлiнуi бұл заңға сүйенген мемлекеттiң қағидасы

.Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді. Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді. Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік (жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылыс) және конституциялық (монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі, алғашқыда Англияда, қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд Аравиясы, Швеция, Жапония); Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (Парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика президенттік, парламенттік (заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді), аралас (президенттік-парламеттік)

Биліктің легитимдігі (латын тілінде заңдылық,шындык деген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы,оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынадай 2 шарт қажет: 1)ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы жане көпшіліктің еркіне карай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс:2)мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Демократия ұғымы. Оның анықтауына негiзгi жолдар.Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1)мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар. Демократиның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекете ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді.Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызды. 2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.б. Ү ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекеттік айтады деген болатын. Теңдік барлық салада – халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс. 3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық – жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады? 4. Оның кепілі – әділеттілік. Әділеттіліктің де бірыкғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизацияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу – әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады. 5. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға шыққан болатын. Бұл – демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.