Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
политология экзамен.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
133.56 Кб
Скачать

«Қазақстан-2030» дамыту стратегиясы - кәсiби мемлекеттiң құрастыруы туралы.

Қазір мемлекеттік аппаратты қайта ұйымдастыру мен жетілдіру қолға алынды, алайда бұл процеске неғұрлым қуатты қарқын беру қажет. Менің биылғы жылдың басынан бері үкіметіміз бен оның дербес құрамын түбегейлі реформалау стратегиясын іске асыруға кірісуім де сондықтан. Үкімет орталық және аймақтық деңгейлерде қысқартыла бастады және бұл процесс жалғаса береді.

Біздің міндет — Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау; басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру

Абайдың саяси-құқықтық және әлеуметтiк мәдениет көзқарастары.Қазақтың кемеңгер данасы, заңғар ақыны, асқан агартушысы, жазба әдебиетіміздің негізін салушы Абай Құнанбаев (1845-1904) қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды «ақыл, білім, ерік» жоғары дәрежеге көтеріп, асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағытының бірі болды. Сондықтан ол барлық адамдарды өзіңді өмірде қалай ұстадың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса, айына бір рет өз-өзіне есеп беруге шақырды. Абай патша өкіметінің сойылын соғып, байлардың мүддесін қорғайтын қарапайым халықты езуші старшина, би, болыс және т.б. атқамінерлер сияқты әлеуметтік топтың қоғам дамуына кедергі келтіріп отырғандығын жақсы түсіне білді. Сондықтан ол ел басқару жүйесіне жаңа заң, ережелер енгізуді армандап, сол жолда жүзден аса бабы бар ереже жасаған. Сол кездегі тарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын ескерте келіп, заман талабына сай еңбек етіп, кәсіпті, сауданы меңгеруге кеңес берген – Абай. Демек, қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да, экономикалық реформаны да бірінші ұсынған – ұлы Абай.

Авторитарлық саяси тәртiп.

Авторитарлық тартіп деп куштеуге,жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылысты айтады.Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді.Парламент жойылмайды,дегенмен,ол кеңесші органға айналады.Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық тәртіптебірынғай идеология,көпшілік партия болмайды.Экономика қатаң бақылауға алынбайды,күштеу әдістері де азырақ қолданылады.Әдетте,ол саяси процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостаңдықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады.Сайланбалы мемлекет органдары азаяды. Олардың жұмыстары мемлекет басшысының ырқына бейімделеді.

Адам мен азамат құқығы мен бостандығы туралы қр- ның Конституциясы.

12 –бап: 1)Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.2)Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.3)Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.4)Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жок адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.5)Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.