Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

Қазақ елінің ұлттық байлығы

Ұлттық байлық дегеніміз - елдің экономикалық күш- қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлық - материалдық игіліктердің қоры.

Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:

а)Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата- бабаларымыздың қалдырған барлық мұрасы.

ә)Табиғат және жерасты байлығымыз.

б) Әдеби, тарихи, мәдени мұралар.

Әдеби, тарихи, мәдени мұраларымыз - халықтың, мемлекеттің өсіп өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез- келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны - сол елдің байлығының кепілі.

Тапсырмалар:

  1. Сөздікті пайдаланып, мәтінді оқып аударыңыз.

  2. Ұлттық деген сөзбен әртүрлі сөз тіркестерін жазыңыз және сол 3-4 сөз тіркесімен сөйлем құрастырыңыз.

  3. Әдеби, тарихи, мәдени мұраларға нелер жатады? Жеке-жеке жазыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. және т.б. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы, 2008.

2. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2009

3. Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. -Алматы.

4. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

1.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. – Алматы, 1994.

2. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі. – Алматы,2007.

3. Сүлейменова Э.Д., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі: оқу кешені. – Алматы, 1996.

СӨЖ

1. « Ұлттық байлық» тақырыбына шығарма жазу.

Ұлттық құндылықтар. Түркістан

Түркістан – екі дүние есігі ғой.

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің Тәңір берген несібі ғой...

Мағжан Жұмабаев

IV-X ғасырларда Түркістан қаласының орнында Шабғар деген үлкен қала болған. ІХ-Х ғасырларда ол үлкен қалалар қатарына қосылады және осы кезден бастап Иассауи (Яссы) деп аталады. Ал ХV ғасырдан бастап Түркістан деген атауға ие болған.

«Түркістан» деген сөз «түріктер мекені» дегенді білдіреді. Өйткені сол заманда бұл аймақты түркі тілдес халықтар мекендеген. Түркістан көп уақыт қазақ хандығының орталығы да болды. Жаугершілік заманда сыртқы жаудан қорғану үшін қаланы айналдыра қорған салынған. Оның ұзындығы үш шақырымдай. Қорғанның төрт қақпасы болған. Қорған мен қақпаның мықтылығы сондай, кейде сырттан келген шапқыншылар оларды бұза алмаған.

Түркістан маңында егіншілік кәсібі де жақсы дамыды. Оңтүстіктің жылы ауа-райы, мол суы, жасыл шөбі қала төңірегінде егін шаруашылығының да ойдағыдай дамуына жағдай жасады. Мұның өзі қаланың гүлдене түсуіне тікелей әсер етті. Шығыстан да, батыстан да үздіксіз келіп жататын сауда керуендерінің түсіп, дем алып, аттанатын жері болды. Орта ғасырдағы қазақ хандарының құрылтай жиыны, билер кеңесі, ру-тайпа мәслихаты өтетін жері де осы қала болды.

Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – Түркістан қаласында ХІV ғасырдың соңында тұрғызылған сәулет өнерінің ғимараты. Онда Қожа Ахмет Иассауидің сағана-құлпытасы орнатылған. ХVІ ғасырдан бастап кесененің жекелеген бөлмелеріне әйгілі адамдардың сүйектері қойыла бастады. Онда Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр хан, Қаздауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр тағы басқа белгілі адамдар жерленген. Кесене ЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына енгізілген.

Тапсырмалар:

  1. Сөздікті пайдаланып, мәтінді оқып аударыңыз.

  2. Берілген сөз тіркестерінен сөйлем құрастырып, олардың әр сөйлемде қандай мағынаға ие болып тұрғандығын айтыңыз.

Түріктер мекені, қала тұрғындары, құрылтай жиыны, билер кеңесі.

  1. Келесі сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктің көмегімен анықтаңыз.

Кесене, ғимарат, дүние, мазар, мұсылман, жамағатхана, мүрде, сағана, шөбере.

  1. Мақал-мәтелдердегі қарамен жазылған сөздердің синонимдік қатарын жасаңыз.

Тірек сөздер: Халық, дәуір, кісі, Отан, ел, кезең, батыр.

Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.

а). Заманына қарай амалы.

ә). Туған жерге туың тік.

б). Көппен көрген ұлы той.

в). Ер қаруы – бес қару.

г). Адамды заманы билейді.

  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз.

Тірек сөздер: биіктігі, бөлмелеріне, кесенесі, кітабына, сүйектері, есік, жатқан, әкімшілігіне, халықтар, маңында, жақсы.

Қожа Ахмет Иасауи ... Түркістан қаласында орнатылған. Ғимараттың-... 37,5 метр. Кесененің жекелеген ... әйгілі адамдардың ... қойылған. Ағаш ... оюмен өрнектелген. Кесене ЮНЕСКО-ның Қызыл ... енгізілген.

Бұл аймақты түркі тілдес ... мекендеген. Іргелес ... қалалар көптеген шапқыншылыққа ұшырады. Түркістан ... егіншілік кәсібі ... дамыды. Жас қалалар Түркістан ... қарады.

9.Төменде берілген сөздерді сын есім мағынасындағы сөздермен тіркестіріңіз.

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ғұлама

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _көзқарас

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _атақ

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _білім

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _еңбек

10.Жақша ішінде берілген сөйлемдердің жедел өткен шаққа қойып жазыңыз.

Түркістан қаласының орнына Шабғар деген үлкен қала (болу)болды.

ІХ-Х ғасырлардан бастап Иассауи (Яссы)деп (аталу). «Түркістан» деген сөз «түріктер мекені» дегенді (білдіру). Түркістан Ахмет Иассауи кесенесі (салыну). 16-ғасырдан бастап Түркістн қаласы мәдени орталыққа (айналу). Қала қазақ хандығының орталығы (болу). Жаугершілік заманда қаланы айналдыра қорған (салыну). Сырттан келген шапқыншылар қорғанды (бұза алмау). Түркістан маңында егіншілік кәсібі де жақсы (даму).

11.Берілген сөйлемдерден ілік септігі мен көмектес септігінде тұрған сөздерді теріп жазып, кестені толтырыңыз.

Түркістан қаласы Сырдария өңірінің шаруашылық және мәдени орталығы болды. Түркістан қаласы көрші жатқан Сауран, Отырар, Сайрам қалаларының пайда болуымен, дамуымен тығыз байланысты. Осы қалалардың ішіндегі ең жасы, ең дамығаны-Түркістан қаласы.

Сөз тіркестері

Ілік септігі

Көмектес септігі

Сырдария өңірі

+ нің

12. Берілген сөздерден сөйлем құраңыз.

1. Сырдарияның, мәдени, Түркістан, шаруашылық, орталығына, және, айналды.

2. Қорған, қаланы, салынған, айналдыра.

3. Қорғанның, болған, қақпасы,төрт.

4. Қалалар, іргелес, шапқыншылыққа, жатқан, ұшады.

5. Райы, жылы, оңтүстіктің, ауа.

13. Төмендегі сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.

...........................................................................................................?

Шығыстан да, батыстан да үздіксіз сауда керуендері келіп жатты.

............................................................................................................?

Түркістан маңында егіншілік кәсібі жақсы дамыды.

.............................................................................................................?

Жас қалалар Түркістан әкімшілігіне қарады.

.............................................................................................................?

Қорғанның ұзындығы үш шақырымға жуық.

.............................................................................................................?

Түркістан қаласы гүлдене түсті.

14. Төмендегі сөздерді пайдаланып, сұраққа жауап беріңіз.

Қалай атаймыз?

1. Қазақ хандарының жиынын ... деп атаймыз.

2. Қаланы айналдыра қоршаған бекіністі ... деп атаймыз.

3. Ахмет Иассауи кесенесі тұрғызылған қаланы ... деп атаймыз.

қорған Түркістан Құрылтай

15. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.

Жанна: Орта ғасырларда Қазақстанда неліктен тарихи ескерткіштер көп салынған?

Айсұлу: Орта ғасырларда патша сарайы, хан сарайы, мешіт, медресе, керуен сарайы, кітапхана сияқты зәулім де сәнді ғимараттар салуға ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар атақты жеке адамдарға арнап ескерткіш салу барынша өріс алған. Бұлардың бәрі тарихтың куәсі болып ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған.

Жанна: Ал сәулет өнерінің озық үлгілеріне нелерді жатқызуға болады?

Айсұлу: Сәулет өнеріне Ахмет Иассауи ескерткіші, Айша бибі мазары, Жошы хан күмбезі, Алаша хан күмбезі жатады.

Жанна: Бұл ескерткіштер неліктен жоғары бағаланады?

Айсұлу: Өйткені олар халық өнерінің асыл қазынасын біздің заманымызға жеткізген тамаша туындылары болып саналады..

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. және т.б. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы, 2008.

2. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2009

3. Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. -Алматы.

4. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

Қосымша:

1.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. – Алматы, 1994.

2. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі. – Алматы,2007.

3. Сүлейменова Э.Д., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі: оқу кешені. – Алматы, 1996.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (7-тақырып) [қосымша 11,12, 14, 16]

1. « Ұлттық байлық және тәуелсіздік » тақырыбына шығарма жазу.

2. «Қазақ елінің даму перспективалары » тақырыбына әңгіме жазу.

7-тақырып. Тарихыңды таны. Грамматика.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Тұрақты тіркестерді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, мәтіндерді аударту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]