Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

Заман және заң

Қазақстан Республикасының егемендігі мен дербес тәуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі нормативтік құқықтық акт, еліміздің Ата заңы – ҚР Конституциясы.Ата заңның 1 бөлімінің 1бабында «Еліміздің ең басты қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған.

Ал адам құқықтары мәселесі – бүкіл адамзатқа ортақ мәселе. Мемлекеттердің халықаралық институттары (Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа Қауіпсіздігінің ынтымақтастық Ұйымы) көлемінде қабылданған адам құқықтары туралы міндеттемелері, жеке мемлекеттердің тек ішкі ісі болып қана қоймай, барлық қатысушы мемлекеттердің мүддесіне айналды.Осындай маңызды халықаралық келісімдерге жету бүкіл әлем халықтарының қауіпсіздігі мен ынтымақтастығын нығайтуға септігін тигізеді. Мысалы ретінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Кеңесінің Қорытынды Актісін айтуға болады.

Адам құқықтарын қорғау, оның қажетті талаптарын жасап, жүзеге асыру мәселелері –көптеген халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің халықаралық қатынастардағыбасты мақсаттарының бірі. Еуропада адам құқықтарына байланысты құқықтық реттеу тек Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін басталды. 1950жылы Римде «Адам құқықтары бойынша Еуропа Конвенциясы» қабылданды. Мазмұндық тұрғыдан адам құқықтары мен бостандықтары азаматтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және экологиялық деп жіктеледі. Кез келген мемлекет бұл құқықтарды заңмен бекіту арқылы қамтамасыз етеді. Барлық адамдар заң алдында тең. Ал адамдар өз құқықтары мен бостандықтарын және оны қалай қорғауды білуі керек. Заңды білу – заман талабы. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Ал азаматтардың міндеті – заң талаптарын бұзбау. Заң бұзушылық – Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет ету.

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып, аударыңыз.

2.Жаңа сөз тіркестерінен дәптерге сөздік жұмысын жазып, жаттап алыңыз.

3.Төменде берілген сұрақтарды дәптерге көшіріп, жауабын жазыңыз.

Қазақстан Республикасы – қандай мемлекет?

Қазақстан Республикасының егемендігі мен дербес тәуелсіздігін қамтамасыз ететін қандай құжат?

Көптеген халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің халықаралық қатынастардағыбасты мақсаттарының бірі не?

  1. ы Римде қандай құжат қабылданды?

Мазмұндық тұрғыдан адам құқықтары мен бостандықтары қалай жіктеледі?

4.Заң сөзімен тіркескен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

5.Мақалдарды аудармасымен сәйкестендіріп, дәптерге жазыңыз.

Әр дәуір өз заманының ұлы адамдарын тудырады.

Адамдарды жасы жақындастырмайды, заманы жақындастырады.

Уақыты келгенде мұз да ериді.

Уақыт тасты да уатады.

Адамның ісін уақыт басқарады.

Время настанет – и лед растает.

Не возраст людей сближает, а время их объединяет.

Время и камни разрушат.

Делами человека время управляет.

Каждая эпоха своих великих людей рождает.

6.Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Қазақстан республикасының «тілдер туралы заңы»

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңның 4-шi бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» - деп бекітілген. Сонымен бiрге, «Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi» - деп көрсетiлген.

Әр халықтың ана тiлi - оның жаны, халқының қайталанбас өзiндiк бейнесі, ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығының көзi. Қазақ тiлiн зерттеушiлер Мұхтар Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағында, жазушының сөздiк қорында 29.483 сөз бар екенiн, соның iшiнде таза қазақ сөздерiнiң саны - 23.740, қалғаны кiрме сөздер екенiн анықтаған. Салыстыру үшiн айтсақ, А.С.Пушкин шығармаларында 21.197 сөз, ал Шекспир шығармаларында 15.000 сөз бар екенi туралы ғылыми анықталған деректер бар.

Тiл туралы Заңның 24-шi бабында «Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың 1-шi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар ҚР Заңдарына сәйкес жауапты болады» делiнген.

ҚР Ата Заңының 19-бабының 2-тармағында «Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқы бар» делінген. Соңғы жылдары әр түрлі этностардың мәдени бірлестіктері де өз тілдері мен салт-дәстүрлерін жаңғыртумен қатар, мемлекеттік тілді де меңгеріп жатыр. Қазір өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақша еркін сөйлейтін басқа ұлт өкілдерінің қатары өсті.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

  2. Жаңа сөз тіркестерінен дәптерге сөздік жұмысын жазып, жаттап алыңыз.

  3. Төменде берілген сұрақтардың жауабын дәптерге жазыңыз.

Қазақстан Республикасының «Тiл туралы» Заңы қашан қабылданды?

Осы Заңның 4-шi бабында не туралы жазылған?

Мұхтар Әуезовтің шығармалар жинағында, жазушының сөздiк қорында қанша сөз бар екенi анықталған?

ҚР Ата Заңының 19-бабының 2-тармағында не деп жазылған?

  1. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сіз ана тіліңізді білесіз бе?

Қалай ойлайсыз, көп тіл білу қажет пе?

Сіз қанша тіл білесіз?

Тілді тез үйрену мүмкін бе?

Мемлекеттік тілді үйрену сіз үшін қажеттілік пе, әлде міндет пе?

  1. Мақалдарды жаттап алыңыз.

Жеті түрлі ілім біл.

Жеті жұрттың тілін біл.

Адамгершілік амандасудан басталады.

Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді.

Білімді өлсе, қағазда аты қалар. Ұста өлсе. Істеген заты қалар.

  1. Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Туыстас тілдер, ұлт саясаты, тілді құрметтеу.

  1. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

4. Тұрсынова Г.Т. Қазақ тілі. Оқулық. Алматы, 2012.

СӨЖ

Тіл туралы жазылған қазақ ақындарының шығармаларын жаттаңыз.

3-тақырып. Жарнама және бәсеке. Жарнама сауаттылығы. Грамматика.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Сөйлемдерге толық синтаксистік талдау жасай білуге үйрету;

2. Жарнама және бәсеке. Жарнама сауаттылығы тақырыптары бойынша түсінік беру, жарнаманың қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру (осы тақырыптар бойынша студенттердің, шығармашылық, сауаттылық және іскерлік қабілеттерін дамыту).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]