Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

Тарихыңды таны

Ұлтты сүю, ең әуелі, ана тілді ардақтаудан, түпкі тегін, тарихын, салт-дәстүрін тани білуден басталады.

Халқымыздың «баланы жастан» деген аталы сөзі тегін айтылмаған. Себебі, бала оңы мен солын, ақ пен қараны айқын ажыратып отбасынан ұзап шықпай жатып-ақ, оған ұлтымыздың күллі құндылықтарының мүлде басым бөлігін ұғындырып үлгіруге әбден болады. Мәселе әр отбасының бала тәрбиелеу қуатына, атадан жалғасқан отбасындық тамаша дәстүріне, өз ұрпағының ертеңіне болған жауапкершілігіне байланысты. Өз халқына тән қоғамдық ортасы жоқ Европадағы Қазақтардың өзі ана тілінен айрылып қалмағанын түрлі ақпарат құралдарынан естіп-біліп жүрміз. «Отан отбасынан басталады» дейді атамыз Қазақ, адамның өз шаңырағында алған тәрбиесі мен өнегесі оның тұтас ғұмырына жетерлік рухани азық бола алады.

Адамды шын мәнінде адам ететін нәрсе ــ тәрбие. «Не ексең соны орасың» демекші, адам алғашында қандай тәрбие қабылдаса, сондай бағытта дамитыны сөзсіз. Саналы тіршілік иесі болған адамды былай қойғанда, жылқы екеш жылқы да өз үйіріне өзі ие болып, тұтастығын сақтайды. Сондықтан өсер ұрпақты, алдымен, өз өрісінен алшақтатпай, өз тегіне, өз халықтық қасиетіне бейімдеу аға ұрпақтың азаматтық борышы есептелмек.

Қазақ ұлты өзге жұрттан несімен өзгешеленеді? Әрине, өзге жұртқа ұқсамайтын өзгеше тілі, салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихымен, экологиялық санасымен, т.б. өзге жұртта жоқ өзгеше ұлттық болмысымен ерекшеленеді.

Халқымыз ــ ұзақ тарихқа, бай мәдениетке, айшықты көркем тілге ие, ізгі, инабатты, дәстүршіл халық. Ұлтымыздың осы қасиетін сақтап, қорғап, оған мұрагерлік етіп, оны одан әрі дамыту ــ бүгінгі ұрпақтың борышы. Бұл жағында партия мен үкіметіміз ежелден бері еліміздегі барлық ұлтқа бастан-аяқ тіліңді, тарихыңды, салт-дәстүріңді, мәдениетіңді қорға, сақта, оны одан әрі көркейт, дамыт деп сан қайтара айтып отырғаны, әсте, ұлттық болмысыңнан безін, оны тоздыр, жоғалт деп отырмағаны ақиқат.

Сондықтан, ұлт тағдырына жататын ұрпақ тәрбиелеу ісінде отбасы тәрбиесін ең алдыңғы орынға қойып, мейлі қандай жағдай болса да ұлттық ерекшелігімізден, халықтық қасиеттерімізден, бағалы құндылықтарымыздан айрылып, адасып қалмауымыз қажет. Сөз соңында жастарымызға «Біле білсең Қазақ, әсте, қор халық емес, зор халық. Сондықтанда ұлтыңды шынайы сүйгің келсе, тіліңнен безінбе, тегіңді таны, тарихыңды біл, салт-дәстүріңді ардақта» демекшіміз.

Тапсырмалар:

  1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Асты сызылған сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.

Отан

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

(Ө. Тұрманжанов.)

2. «Тарих» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

3. Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тап?

1. Жүк ауырын нар көтерер, ....................................... .

2. Ер жігіт ел үшін туады, ........................................... .

3.Ерді намыс өлтіреді, ................................................. .

4. Қорадан шошынған мал оңбас, .............................. .

5. Жомарт бергенін айтпас, ........................................ .

4. Төменде берілген сөздерді септеңдер.

Ерлік, ер, батыр, тәуелсіздік.

5. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

а) Азаттыққа жету мақсатында болған ең ірі көтерілістерді ата?

б) Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерекше көзге түскен батырлардың есімдерін ата?

в) Қазіргі таңдағы еліміздің көк байрағын шет елдерде асқақтатқан спортшыларды ата?

г) Олимпиада жүлдегері қарағандылық Серік Сапиевке қысқаша анықтама бер.

6. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр.

ел ұмытпа

туған жер туған жерді қадірле

үй көркейт

Отансыз

туған жерсіз рухымыз биік болмайды.

біздің

7. Төмендегі сөз сыңарларын пайдаланып, диалог құрастырыңдар.

Туған елінің, тәуелсіздігі үшін күрескен, тарихи тұлғалар, Абылай хан, Төле би, қол басқарды, Қазыбек би Тауасарұлы

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. Және т.б. Қазақ тілі: оқу құралы. –Алматы, 2008.

2. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.). – Алматы: Ғылым, 2009.

СӨЖ

1.«Мен – егеменді елдің болашағымын» тақырыбына шығарма.

2.«Қазақстан – егеменді мемлекет» атты тақырыпқа слайд әзірлеу.

8-тақырып. Төл теңге тарихы. Экономикалық тәуелсіздік. Отандық тауар өндірісі.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді жаттау.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]