Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

Қалалық коллаж

Сіз қаламыздың әр аялдамасынан қалалық коллажды көрдіңіз бе? Көрмесеңіз, әр аялдамадағы коллажда әр түрлі жарнамалар бар. Оларда құрылыс материалдары, жұмыс және жұмысқа қажет құрал-жабдықтар, азық-түлік, газет-журналдар, техникалық жабдықтар және тағы басқа да заттар жарнамаланған. Жарнама ілетін бос орындар да бар. Төмен жағында жарнама агенттігінің телефон нөмірі мен мекен-жайы көрсетілген.

Сұрақтар:

1. Қала аялдамаларында не ілінген?

2. Қалалық коллажда нелер бар?

3. Оларда қандай заттар жарнамаланған?

4. Жарнама ілетін бос орындар бар ма?

5. Төменгі жағында не көрсетілген?

7. Үлгі бойынша сөйлем құраңыз.

Үлгі:

Жарнама.

Сыртқы және ішкі жарнама.

Сыртқы және ішкі жарнама жасайды.

«Нар-Тәукел жарнама» ЖШС сыртқы және ішкі жарнама жасайды.

9-тапсырма. Көрген жарнамаңыздың мәтінін еске түсіріп, жазыңыз және көрсетіңіз.

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

Жарнама сауаттылығы

Жарнама дегеніміз – белгілі бір зат пен құбылысты, іс-әрекет пен қызметті елге таныту, насихаттау, оларға деген сұранысты күшейту мақсатымен жарияланған хабарлама жиынтығы.

Жарнама (жар+нама; «жар» - жария етті, мәлімдеді, хабар таратты, жарияланды; «нама» - араб, парсы «жазылған хат, шығарылған бәйіт, дастан» - қазақ мәдениетінде кең қолданылған ұғым. Энциклопедиялық, лексикологиялық, мағлұматнамалық, терминологиялық еңбектерде берілген анықтамалардан шығатын қорытынды – «жарнама – спектакль, концерт немесе көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауық туралы хабарландарудың бір түрі». Жарнама – тілдік құралдар арқылы да, вербалды емес құралдар арқылы да ұлттық мәдениеттің белгілерін көрсетуі қажет. Ал ұлттық мәдениеттің танылуы тілдің ұлттық белгілері: сөз қолдану, граматикалық заңдылығы, нормалары игерілгенде көрінеді. Жарнама мәтіні ұлт тілімен, ұлттық мәдениетпен байланысты қалыптасатын жағдайда ғана, өзінің негізгі мақсатын атқара алады.

Жарнама – нарық, сауда заманының жемісі. Жарнаманы сауданың қозғаушы күші деп бекерге айтпаған. Тауар, сауда, жарнама – бұл үштік бір бірімен тығыз байланысты, әрдайым қатар жүреді.

Жарнаманы шартты түрде газеттегі, радиодағы және телевизиядағы жарнама деп бөлуге болады. Осылардың ішіндегі ең әсерлісі, есте қалатыны экраннан көрсетілген жарнама. Жарнаманың басты мақсаты объектіні (тауар, жұмыс, қызмет) таныстырып, насихаттап, үгіттеу болғандықтан ол субъектіге (сатып алушыларға) әсер етуі тиіс. Жарнама сауаттылығы деген осы арадан басталады.

Жарнаманың тілі ерекше. Көп сөзділіктен аулақ болған дұрыс. Аз сөзбен көп мағына бере білу керек.

Жарнама әрі түсінікті әрі тартымды болуы тиіс. Сөздердің не үшін айтылғаны, суреттер мен бейнелердің не үшін көрсетілгені кез келген адамға ұғынықты болуы керек.

Жарнама барынша қысқа болуы тиіс. Осыдан келіп шығатын келесі талап, талғампаздық керек. Сөзге де, дыбысқа да, көрініске де. Жарнама өзінің табиғатына орай, адамды елең еткізуі тиіс, еліктіріп өзіне тартуы керек, ең бастысы - жақсы жарнама адамды сүйсіндіріп ғажайып ән тыңдағандай тамсандыруы тиіс.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар жазып, ауызша жауап беріңіз.

2-тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Жарнама, бұқаралық ақпарат құралы, ежелгі дәуір, даму сатысы.

3-тапсырма. Жарнама түрлерін жазыңыз.

Жарнама түрлері:

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

4-тапсырма. Жұптастырыңыз.

Жарнама

құралдары

Ауызша

түрі

Ақпарат

агенттігі

Фирманың

жарнама

Коммуникация

шикізаты

5-тапсырма. Бос орынды толтырыңыз.

Мен жарнама __________ жұмыс істеймін. Біздің агенттік кәсіпорын шикізаттарын __________. Жарнамаларымыздың __________ өте жақсы. Бізге көп __________ түседі. Сіздер де __________ келіңіздер. Теледидарда сайлау алдында __________ жарнамалар жасалады. Біздің қалада __________ жарнамасы өте көп. Ол газеттен __________ жарнаманы оқиды. Тіл орталығының ашылуына байланысты мекемелерге __________ жарнама жасайды.

6-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркесін жасаңыз.

__________

__________

__________

пайдалы

__________

жақсы

__________

сапалы

__________

__________

__________

__________

7-тапсырма. Жарнама туралы қызық фактілерді оқып, аударыңыз.

Жарнамада қолданылатын мұз кубиктері әдетте акрилден жасалады. Содан соң жарықтың жақсы өтуі үшін оған су қосылады. Ал көпіршіктер кір жуу ұнтағынан жасалады.

Америкалық фармацевтика компаниялары жарнамаға зерттеу жұмыстарынан гөрі екі есе көп ақша жұмсайды.

Жарнамаға әлем бойынша жылына 500 миллиард доллар жұмсалады.

АҚШ-өмір сүретін азамат 65 жасқа толғанша шамамен 2 миллион жарнамалық клип қарап шығады.

Америкадағы алғашқы билборд 1900 жылы орнатылды. Бұдан кейін әлем бойынша билборд дүмпуі орын алды.

АҚШ-та балалар тауарларының жарнамасына жылына 15 миллион доллар жұмсалады.

Жарнамадағы көпшілік сағаттар 10:10 уақытын көрсетіп тұрады. Бұл сағат тілдері бренд атауымен бірігіп смайлик (күлкі) жасап тұруы үшін жасалады.

Америкалық психологтардың айтуынша, жас балалар жарнамаға сын көзбен қарауға қабілетсіз. Себебі, сәбилер айналасынан күдіктенбейтін, сенгіш болып келеді.

АҚШ-та фаст-фуд өндіретін компаниялар жарнамаға жылына 1,6 миллиард доллар жұмсайды.

2008 жылы саяси жарнамаға 2,6 миллиард доллар көлемінде қаржы жұмсалды. Сайлау кезінде Обама 310 миллион доллар, Мак Кейн өз кезегінде 136 миллион доллар жұмсаған.

Жарнамадан жылына 100 миллион доллар пайда тапқан алғашқы басылым «Life» журналы болып табылады. Басылымның пайда болғанға дейін тауарларды халыққа ұсынуы дыбыстық жарнамалар арқылы жүргізілген.

8-тапсырма. Мына тауарларды жарнамалаңыз:

«Тuc» печеньесінің жарнамасы, «Jacobs» кофесінің жарнамасы, « Twiks» шоколадының жарнамасы, «Dirol» сағызының жарнамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ]

1. Бір өнімді жарнамалау (Презентация жасау).

2. Газет- журналдардан жарнама жазу (2-3).

3. Жарнаманың қоғамдағы алатын орны туралы айту.

4-тақырып. Тәуелсіздік төрінде. Біз – Тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Грамматика.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Тұрақты тіркестерді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, мәтіндерді аударту.

1 Мәтінді оқыңыз және аударыңыз. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]