Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

Ұлылардан қалған сөз. Абай құнанбаев

(1845-1904)

Абай (Ибраһим) Құнанбаев – ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды. Ол жастарға үздіксіз еңбек етіп, білім алуды міндет етіп қойды. Білім алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемісті және ізгілікті болатынын қадап айтты.

«Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе,

Адалдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге!» - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба», «Қалың елім, қазағым қайран жұртым», «Оспанға», «Ұлы Абайға», «Сегізаяқ», қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырды. Абайдың қарасөздері – оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Қарасөздердің бағасы – Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді. «Біздің осы күнгі сөйлеп, жазып жүрген әдебиет тіліміздің тарихы жалғыз ғана Абайдан басталады деп кесіп айтпасақ та, сондай сапалы тілді қазақтың жазба әдебиетінде анық биік белге өрлетіп шығарған Абай екені даусыз». (М.О. Әуезов).

Әсемпаз болма әрнеге

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де — бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан!

Кайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

Бастапқы- екеу соңғысыз,

Біте қалса қазаққа,

Алдың - жалын, артың - мұз,

Барар едің қай жаққа? 

Пайданы көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп, қайғы алма.

Мініңді ұрлап жасырып.

Майданға түспей бәйгі алма.

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа қалма езбеден.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас Үйретуден балаға.

Тапсырмалар.

  1. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

  2. Ұлы Абайдың қандай өлеңдерін жатқа білесіздер?

  3. Абайдың қара сөздеріне слайд жасаңыздар.

  4. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жаттап алыңыздар.

  5. «Мен Абайды қаншалықты білдім?» - эссе жазу.

  6. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазу, аудару.

  7. Жіктік, тәуелдік, септік жалғауларын табыңыздар.

  8. Мақал-мәтелдерді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

Өзің әділ болмасаң, өзгеден әділдік іздеме.

Адам қартайса да көңіл қартаймайды.

Ақыл арымас, алтын шірімес.

Өмір теңіз, онда жүзем демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер.

1. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. Практикалық курсы: Оқулық.Алматы: Раритет,2003. – 151б.

2.Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі (Оқу құралы). Алматы,«Санат». 1995.

3. Орысша-қазақша тілашар = Русско-казахский разговорник / құраст.: А. Ж. Төрениязова, Ж. А. Тұрлыбекова, Ұ. К. Каюпова. - Астана : - 2011

4. Қазақ әдеби тілінің сөздігі : Он бес томдық / Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.

СӨЖ

1. « Халықаралық сыйлықтың лауреаттары » тақырыбына шығарма жазу.

2. «Ұлық адам – қызық адам» тақырыбына әңгіме жазу.

6-тақырып. Қазақ елінің ұлттық байлығы. Ұлттық құндылықтар. Грамматика.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Етістіктің шақтарын қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, мәтіндерді аударту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]