Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

Бухгалтерлік есеп

Бухгалтерлік есеп — заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.

1997 жылдан бастап Қазақстанда бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт — есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады.

Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.

Бухгалтерлік есеп – есеп теориясы, қаржы мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп теориясы – бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздері. Қаржылық есеп – бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі. Салықтық есеп - салық салуға қажетті ақпаратты зерттеп, тіркейді.

Қазақстанның аудит компаниялары

Бүгінде елде 120 аудиторлық компания тіркелгені белгілі болып отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, алдағы уақытта елде аудиторлық қызметтерге сұраныс артатын болады. Бұл өз кезегінде нарықтың дамуына әсер етеді. Жағымды факторлардың арасында – қаржылық саланың оңалуы, несие ұйымдарының ретке келуі мен несиелік ресурстарға сұраныстың артуы бар. Аудиторлардың негізгі қызметі – тұтынушылардың қаржылық есептерін тексеру болып табылады. Оған баға беріп, заң қойған талаптарға жақын ету. Аудиторлық компаниялардың қызметтеріне - әріптес бизнес құрылымдары, банктер, мемлекеттік компаниялар мен ашық ақпарат алғысы келіп отырған ұйымдар жүгінеді. 

Заң бойынша, аудиторлық компаниялардың қызметі нақтыланып отыр. Негізгі міндет – бұл қаржылық аудит. Елде аудиторлық қызметтер мемлекетіміз тәуелсіздік алған кезде дами бастады. Сол кезде, нарыққа ірі шетелдік компаниялар келе бастады. Бизнестің құрылымын бағалап өту үшін ірі құрылымдар шетелдік компаниялардың қызметтеріне жүгініп келеді. Олардың арасында: KPMG, Price Waterhouse, Ernst&Young, Deloitte & Touch компанияларын атап өтсек болады.

Аудиторлардың қызметіне трансұлттық, жүйе құраушы компаниялар мен холдингтерден бөлек, заңға сай аудит жасап отырған кішігірім құрылымдар да жүгініп келеді. Аудиторлық қызметтердің құнына – аудитор оған қанша уақыт бөлгені әсер етеді. Баға – компания талап еткен ашықтық пен талапқа байланысты болады. Сондай-ақ, компаниялар жаңа қызмет түрлерін ұсына бастады. Бұл салықтық кеңестен бастап, консалтинг пен ақпараттық технологиялар нарығындағы аудит болып шықты. Нарық дамуына әсер етіп отырған ең негізгі фактор – қызмет құны болып табылады. Ірі аудиторлық компаниялар тұтынушыларды ұстап қалу үшін беріп отырған жеңілдіктері әділетсіз бәсекенің дамуына әсер етті.

Тапсырмалар:

  1. Мәтіндерді оқып шығып, аударыңыз.

  2. Әр мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.

  3. Әр мәтіннен бір сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

  4. Әр мәтін бойынша дәптерге сұрақ-жауап жазыңыз.

  5. Мәтіндердің мазмұнын айтыңыз не досыңызбен сұхбат жасаңыз.

12-тақырып. Банк қызметі. Банк және бәсеке. Ұлттық банк жүйесі.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді жаттау.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]