Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

Қазақстанның экономикалық байланысы

ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін бір жағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіктестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет болды. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, теміржол, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрлымын дамыту керек болды.

Сыртқы сауда операцияларын кедендік-тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарларымен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуге де нақты әсер етуге болады.

Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті құруға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі принциптеріне сүйенеді.

Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу.

Ішкі және сыртқы сауда

Сауда саясаты – белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шараларының және өзге де шаралардың жиынтығы.

Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi принциптерi:

1) сауда қызметі субъектілері құқықтарының теңдiгi;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың сауда қызметiне араласпауы;

3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау;

4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау;

5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету;

6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi;

7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiрлiгi;

8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары:

1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту;

2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;

3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу;

4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау;

5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестік қабілеттігін арттыру болып табылады.

Ішкi сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi.

Сыртқы сауда – тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi.

Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi.

Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларына:

1) кедендік баждарды;

2) тарифтік жеңілдіктерді;

3) тарифтік преференцияларды;

4) тарифтік квоталарды қолдану жатады.

Сауданың өзге түрлері: аукциондық сауда, комиссиялық сауда, тапсырыс бойынша сауда, шекара маңындағы сауда, көшпелi сауда, көрме-жәрмеңке қызметі, электрондық сауда, тауарлармен биржалық сауда жасау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]