Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

Құнды қағаздар

Құнды қағаздар, бағалы қағаздар — мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады. Құнды қағаз ұсынбалы (мүліктік құқықтар құнды қағазды тапсыру жолымен басқа біреуге беріледі), ордерлік (құнды қағаз мүліктік құқықтардың берілгенін куәландыратын жазба жолмен табысталады) және атаулы (мүліктік құқықтар құнды қағазда аталған адамға беріледі) болуы мүмкін. Құнды қағаз реттеушілік, ақпараттық міндеттер атқарады, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларын, соның ішінде нақты экономика мен қаржы саласын байланыстыру тетігі ретінде қолданылады.

Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы кағаздардың Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған өзге де түрлері жатады.

Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:

1) құжатты және құжатсыз;

2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;

3) атаулы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар болып бөлінеді.

Бағалы қағаздар нарығы

Бағалы қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға және бұл нарыққа салааралық капиталдың қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысының барометрі болуға мүмкіндік береді.

Бағалы қағаздар нарығы мынадай шараларды іске асырғанда ғана дамиды: тауар нарығын қалыптастыру, шағын кәсіпорынды қолдау, ақша айналысын нығайту.

Бағалы қағаздар нарығына қатынасушылардың барлығының алдында мынадай міндеттер тұрады: қағаздармен жасалатын операциялардың теориясы мен техникасын игеру; биржалық істі регламенттеуді үйрену; мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу және жекешелендіруге байланысты іс-тәжірибелерді игеру.

Бағалы қағаздар нарығының міндеті – бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды қамтамасыз ету.

Бағалы қағаздар нарығына қатысты мемлекеттік саясаттың негізін жасауда өзін-өзі реттеу қағидасына көңіл аударуға тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік саясат бұл сферадағы жеке кәсіпкерлікті марапаттауға бағытталуы тиіс.

Тапсырмалар:

  1. Мәтіндерді оқып шығып, аударыңыз.

  2. Әр мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.

  3. Әр мәтіннен бір сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

  4. Әр мәтін бойынша дәптерге сұрақ-жауап жазыңыз.

  5. Мәтіндердің мазмұнын айтыңыз не досыңызбен сұхбат жасаңыз.

10-тақырып. Нарықтық экономикадағы бәсеке. Маркетинг қызметі және оның рөлі. Жарнаманың саудадағы рөлі.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді жаттау.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]