Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

Тәуелсіздік, бұл басымызға қонған бақ

Атыңнан айналайын «қазақ» деген,

                                                 Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем!

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсең де көресіні азаппенен.

                                                                                                   А.Иманов

Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздігінің  түп тамыры – 1986  жылғы  желтоқсан  оқиғасы болып табылады.

Тәуелсіздік деген біз үшін ол не? Бұл тек қана белгілі бір құжатты қабылдаған күн емес... Тәуелсіздікті аңсамайтын адам, егемендікке ұмытылмаған ел болмайды. 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылданды. Бірақ біз үшін Тәуелсіздік – ол  Жәнібек пен Керейдің іске асырған арманы,  Абылай хан мен батыр қаһармандарымыздың ел үшін шайқастары, күнәсіз өлтірілген миллиондаған қазақтардың көз жасы.

Қазақстан – бүгінде  Еуразияның жүрегінде орналасқан, тату-тәтті  өмір  сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Аз уақыттың ішінде еліміз бізден едәуір уақыт бұрын тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді қуып жетіп, спорт, білім, ғылым,  мәдениет, өнер  жағынан  әлемнің  алпауыт елдерімен терезесі теңеле түсуде.  Татулық  пен  бірлікті  алға  тартқан  Елбасымыз  көш  бастап, Қазақстан бүгінде Орта Азиядағы дамушы елдерден алда келеді. Әлемдік дәрежеде спорттық жарыстарды ұйымдастырып, мықты деген елдердің ұйымына төраға болып, дүние жүзіне аты әйгілі, өзінің қандай ел екенін уақыт өткен сайын дәлелдей түсуде. Тәуелсіздігін алған күннен бастап Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талай биік белестерді бағындырып  келеді. Өзге елде жалауымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды әнұранымыз шырқалғанда әрбір қазақстандықтың жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімі орнайды. Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!  «Тәуелсіздік» деген ұғым қазақ халқы  үшін  қымбат, әрі  киелі  ұғым  болып  қала  бермек! Қазақ  елінің Тәуелсіздік күні – Ұлтымыз  үшін ерекше мереке-баршамызға құтты  болсын!

2. Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.

батыл ел

алмастай өткір

қайтпас қайсар

ұлан-байтақ жер

байтақ дала

дархан ел

3. Ұлылардан қалған сөз. Есте сақтаңыз!.

«Елдестірмек - елшіден» деген. Данышпан Қазыбек бабамыз жас кезінде қалмақ еліне барған сапарында: 

Біз, қазақ деген – мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жерімізді ешбір жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз, - деп қазақ елінің бірлігін, тыныштығын сақтауды көздеген.

4. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

Ұлан-байтақ жері мал шаруашылығына қолайлы болғандықтан, төрт түлік малды бағып-қағып, соның өнімін қажетіне жаратып, күн кешкен қарапайым халық.

5.Сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан алды?

    2. Қазақстан кімдердің мекені?

    3. Қазақ халқы қандай оқиғаларды басынан кешірген?

    4. «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» дегенді қалай түсінесіз?

6 Жұптастырыңыз.

Біз, қазақ деген

қашпасын деп,

Ешкімге соқтықпай,

ешбір жау баспасын деп,

Елімізден құт-береке

мал баққан елміз,

Жерімізді

үкі таққан елміз.

Найзаға

жай жатқан елміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]