Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

Отандық тауар өндірісі

2030 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс. Ол үшін отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы керек. Отандық тауар өндірушілер өнімдерін өзге жұрт қызығатындай сапалы да, ыңғайлы етіп даярлап үйренуі керек.

Отандық өндірушілер үшін ынталандыру жағдайын туғызуға бағытталған құралдар белгіленген заңнамалық база өңделіп қабылданған. Одан әрі отандық өндірушілерге арналған тәртіп енгізілген, мемлекеттік органдармен, ұлттық холдингтер және компаниялармен, жер қойнауын пайдаланушылармен конкурсты өткізу барысында жиырмадан отыз пайызға дейінгі көлемде шартты жеңілдік қарастырылған. Одан басқа, тұрақты түрде сатып алу мониторингі жүргізіледі.

Бүгінгі күнгі экономиканың тірегі ретінде шағын және орта бизнес қызмет етеді. Президенттің «Біздер нағыз бизнесмендерді тәрбиелеуіміз керек. Егер ел экономикасының ең болмағанда 60 пайызын шағын және орта бизнес жасайтын болса, біз қуат күші мол орта деңгейдегі тапты құрдық деп айта аламыз. Яғни біздің еліміз тұрақты даму жолына бет алды деген сөз» - деген сөзі бар. Алайда ірі өндірістердің де айқын артықшылықтары бар. Олар ұзақ мерзімді перспективаны жоспарлауды біледі. Қазіргі уақытта жеке өнімді сертификаттап қана қоймай, кәсіпорынның өзін сертификаттау керек. Бұл уақытты және қаражатты үнемдейді, ал бұл бизнес үшін өте маңызды.

Болашаққа сенімділік және тұрақтылық дамудың экономикалық жағдайына байланысты. Бизнес тұрақты болуы керек. Мұның астарында кәсіпорындардың өсуі, жаңа жұмыс орындарының көбеюі, өз кадрларымызды кәсіби дайындау, біртіндеп шетелдік жұмыс күшін азайту жатыр.

Тапсырмалар:

  1. Мәтіндерді оқып шығып, аударыңыз.

  2. Әр мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.

  3. Әр мәтіннен бір сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

  4. Әр мәтін бойынша дәптерге сұрақ-жауап жазыңыз.

  5. Мәтіндердің мазмұнын айтыңыз не досыңызбен сұхбат жасаңыз.

9-тақырып. Заман және нарық. Құнды қағаздар. Бағалы қағаздар нарығы.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді жаттау.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Заман және нарық

Нарық  – тауарөндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық – нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.

Демократиялық қоғам тарихи жағынан нарықтық қатынастардың енуімен жалпылама сипатқа ие бола бастады. Мәдениеттің, демократияның, нарықтың арақатынастарын қарастырайық. Мәдениет пен нарықтың арақатынасы туралы әртүрлі, кейде бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар бар. Алайда бір нәрсені анық айта аламыз: адамзат әлі күнге дейін адамдық әрекетті ынталандыру мен қоғамдық байлықты бөлудің нарықтан жетілген тәсілін ойлап тапқан жоқ. Нарық — бұл демократиялық құрал, онда әрбір тұтынушының дауыс құқығы бар. Мемлекеттік артықшылықтар, жеңілдіктер, жемқорлық және тыйымдармен шектелмеген нарық жүйесінде байлыққа жетудің бірден бір жолы бар. Ол — тұтынушылардың талап-мұқтаждарын дер кезінде аңғарып, оларды өтеу мақсатында тынбай еңбек ету. Мәдениет нарықтық қоғамда оның әрекеттік принциптерінен тыс тұра алмайды, тіпті мәдениеттің өзі тауарға айналып кетуі мүмкін. Дамыған елдерде мәдениет өзінің тартымдылығымен, адамгершілігімен, ыңғайлығымен және оптималдығымен көзге түседі. Бизнестің әр түрлі құрылымдары мен филантропиялық ұжымдар мен тұлғалар жоғары мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әрекеттерге барады, фирмалар мен корпорациялар қызметкерлерінің мәдени деңгейі артып келеді, мұның өзі нарықтық субъектілердің табысын көбейтеді, мәдениетті қолдау қоғамның рухани байлығын молайтады және әлеуметтік қақтығыстардың алдын алады, іскерлік және әлеуметтік белсенділікті жоғары деңгейге көтереді, осының бәрі қуатты мәдениет индустриясын қалыптастыруға мүмкіндік береді, Қазақстан жағдайында да осындай өркениеттілік бағдарларына бетбұрыс жасау қажеттігі бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]