Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

1 - тақырып. Инновациялық экономика және ғылым. Грамматика.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:

1. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

2. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

3. Сөздікті пайдалана отырып, мәтіндерді аударту.

4. Грамматикалық тақырып бойынша тапсырмалар орындату

Инновациялық экономика және ғылым

Соңғы жылдары әлемдік экономикада білім мен инновацияны маңызды экономикалық ресурстар ретінде пайдалану базасында экономикалық өсудің Жаңа типі қалыптасты. Қазір материалдық игіліктерді жасау көп жағдайда ғылымның жалпы деңгейі мен техниканың прогресіне немесе осы ғылымның өндірісте қолданылуына тәуелді. Дамыған елдердің экономикасын қазіргі уақытта индустрияланудан кейінгі ақпараттық немесе білім экономикасы, болмаса қызмет көрсету технологиялық экономикасы деп анықтайды. Басқа да анықтамалар бар, бірақ, бастысы, қазіргі экономиканың мықты инновациялық құрамдас бөлігі бар. Сондықтан, егер біз әлемдік экономикаға тең түрде ықпалдасқымыз келсе, егер жаһанданудың талаптарына өзімізге пайдалы жағынан бейімделгіміз келсе, онда өзіміздің дамуымызда бұдан әрі қарай да тек табиғи ресурстарға иек артпауымыз керек.

Осы жолдағы негізгі міндеттердің бірі «білім экономикасы» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды қолдану, инновациялық экономиканы дамыту болып табылады. Ол үшін адами капиталды дамыту, елдің интеллектуалдық әлеуетін нығайту талап етіледі. Бұл ғылым мен білім беру ісінің алдына үлкен міндеттерді қояды, оларды дамытуда радикалды өзгерістерді талап етеді.

Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сұқбат құрастырыңыз.

3. Жаһандану, инновация, ғылым, экономика сөздерін пайдаланып сөйлем құрастырыңыз

4. Мәтіннен есімдіктерді тауып жазыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

5. Тұрсынова Г.Т. Қазақ тілі. Оқулық. Алматы, 2012.

СӨЖ

1.Мәтін бойынша сұқбат құрастырыңыз

2.ҚарМТУ ғалымдары ашқан ғылыми жаңалықтар туралы жазыңыз.

ҒЫЛЫМИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елбасы ғылыми инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын ұсынғанын жақсы білеміз.

«Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз ғылыми инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Сондықтан ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуымыз қажет»,- деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев.

Н.Ә. Назарбаевтың жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру мен инновация туралы ой-тұжырымын көрсететін пікірін әрқайсымыз қолдаймыз. «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың ғылыми инновациялық жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, экономикалық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу...» - деген еді мемлекет басшысы. Бұл барлық құндылықтарды талапты жастың көкейіне сіңіруге үндеген тәлімді сөз. Инновация дегеніміздің өзі – жаһандану заманында ғылымның, жаңалықтың өндіріске енгізілуі деп білеміз. Қазақстандық ғалымдарымыз да ұлттық ғылыми инновацияға өз үлестерін қосуда.

Қазақстан ғалымдары қыстың суығына да, жаздың ыстығына да төзімді жылқының жаңа тұқымын ойлап тапты. Ғалымдардың айтуы бойынша жылқының бұл түрін жемдемесе де салмағын жоғалтпайды. Мұндай жылқының салмағы жарты тоннаға дейін жетуі мүмкін. Жылқының жаңа тұқымы еліміздің 3 облысында, атап айтқанда Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстарында бағылады.

***

Алматылық ғалым, биолог Мұрат Ғылманов антибиотиктерден жасалатын нано крем жасап шықты. Ол инфекциялық ауруларды екі есе тез емдейтіндігін дәлелдеді. Нәтижесінде бұл нано капсулалар тебуркулез, диабет, глаукома тіпті ісікті де емдей алады дейді өзі.

***

Қызылордада күріштің жаңа үш сорты өндірісіне енгізілді. Мұның барлығы Ыбырай Жақаев атындағы күріш өндіру ҒЗО қызметкерлерінің көп жылдық еңбегінің нәтижесі.

жаңа сөздер:

желі-сеть

халықаралық-международный

ақпарат-информация

жаңалық-новости

өндіріс-производство

жүйе-система

құндылық-богатство

тәжірибе-опыт,практика

ой-тұжырым-идея, мысль

бағыт-направление

сапа-качество

кәсіп-профессия

жетістік-достижение

құрмет-уважение

Тапсырмалар:

1. Ғылыми инновациялық жаңалықтарға арналған мәтіндерді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

2. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.

3. Инновация дегеніміз не?

4. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жастарға сапалы білім , саналы тәрбие беру туралы ой- тұжырымын айтыңыз.

5. Берілген тіркестермен сөйлем құрастырыңыз: теңдессіз инновациялар, сапалы білім, саналы тәрбие, білім беру, инновациялық технология, талапты жас, жағдайлар жасау, ғылыми жаңалықтар.

6.Ұлы ойшыл , даналардың ғылым туралы айтқан өнегелі сөздерін,өлеңдерін мәнерлеп оқып, жатқа айтыңыздар:

....Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр.

(Мұхтар Әуезов)

***

Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі – ғылым.

( Мұхтар Әуезов )

***

Парасаттылық, шарапаттылық, кеңдік, адалдық ғылымда қызмет істеген әрбір адамға лайық, халқымыздың мәпелеп, бетке ұстары – ғылым адамдары.

(Евней Букетов)

***

Ғылыми ізденіс дегеніміз творчестволық процестің барып тұрған биігі, шыңы.

(Евней Букетов)

***

Надандық жаман ғой, оқыған адам ғой,

Ізденіп көріңіз, ғылымды заман ғой.

Насихат тегін ғой – салулы егін ғой,

Еңбек қыл, ерінбе, араздық кегін ғой.

Ғылым бір кенің ғой, үйренсең емің ғой,

Бәріңе жетеді, таусылмас көлің ғой.

(Шәкәрім Құдайбердиев)

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. Практикалық курсы: Оқулық. Алматы: Раритет, 2003. – 151 бет

2. Оралбай Н, Құрманалиев К. Қазақ тілі - Алматы: «Арыс» -2007- 456 б.

3. Ақылдың кені. -Алматы: «Ана тілі» - 2008 – 216 б. Құрастырған:

Қ. Жарықбаев.

4. «Егемен Қазақстан» газеті. 5.09.2013 ж.

5. «Егемен Қазақстан» газеті. 1.11.2013 ж.

6. Әбілқасов Ғ.М , Хасен М.Ә. Қазақ мәдениеті –Қарағанды: ҚарМТУ баспасы -2009-95 б. ISBN 9965-04-221-7

7. Әбілқасов Ғ.М.Тіл мен мәдениет (Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрлерін оқытуға арналған танымдық –тәрбие сабағы ) – Қарағанды: ҚарМТУ баспасы- 2013- 118 б. ISBN 978-601-296-434-9

СӨЖ

1. «Ғылыми инновациялық жаңалықтар» тақырыбына реферат дайындаңыздар.

2. Жаңадан өндіріске енгізілген инновациялық технологиялар туралы шағын әңгіме жазыңыздар

2-тақырып. Заман және заң. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңы». Грамматика.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:

1. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

2. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

3. Сөздікті пайдалана отырып, мәтіндерді аударту.

4. Грамматикалық тақырып бойынша тапсырмалар орындату

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]