Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

8 Сандар сөйлейді. Есте сақтаңыз.

    1. 1991 жыл – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жыл.

    2. 1992 жыл – Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы.

    3. 1993 жыл – Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. Және т.б. Қазақ тілі: оқу құралы. –Алматы, 2008.

2. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.). – Алматы: Ғылым, 2009.

СӨЖ

1.«Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат» тақырыбына эссе жазу.

2.«Мен – егеменді елдің болашағымын» тақырыбына шығарма.

3.«Қазақстан – егеменді мемлекет» атты тақырыпқа слайд әзірлеу.

5-тақырып. Ұлылық ұлыдан. Ұлылардан қалған сөз. Грамматика.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Етістіктің райларын қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, мәтіндерді аударту.

МҰХТАР ӘУЕЗОВ

«Мұхтар Әуезов – біздің бүгінгі адамзатқа

ортақ мәдениет шеруіне қатысуға

жолдама алып берген елшіміз».

Н.Назарбаев.

Жазушылардың ішінде қазақ тарихында ерекше орны бар жазушы – Мұхтар Әуезов. Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961) – XIX ғасырдағы қазақ тарихын көркем сөзбен әдемі де, шынайы суреттеген шебер жазушы.

М.Әуезовтің шығармаларының биік шыңында «Абай жолы» эпопеясы тұр. Абай өміріне, Абай жолын қуған шәкірттерінің өміріне арналған бұл шығарма Абай өмір сүрген заманның тарихын, оның жақсылығы мен кемшілігін көз алдыңа жайып салады.Романның негізгі кейіпкері – Абайдың қалыптасу жолын, табиғи дарынының даму жолдарын, келбеті мен мінезін, адамгершілік қасиеттерін шебер суреттеуі Абайға деген үлкен құрмет сезімін оятады. Халықтың Абай сияқты дана ұлының өмірін қиын заманымен қиыстыра байланыста суреттеуге жазушы үлкен жауапкершілікпен қарап, оған сөз қолданыстағы шеберлігін қосып, бір ғасырда бір рет қана дүниеге келетін керемет мәнді де маңызды шығарма жазған. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы – дүниежүзі тілдерінің көбіне аударылған құнды шығарма.

Тапсырмалар:

1. Сөздікті пайдаланып, мәтінді оқып аударыңыз.

2. Берілген сөз тіркестерінен сөйлем құрастырып, олардың әр сөйлемде қандай мағынаға ие болып тұрғандығын айтыңыз.

Көркем сөз, шынайы суреттеу, заманның тарихы, негізгі кейіпкер, қалыптасу жолы, табиғи дарын, шебер суреттеу, құнды шығарма, үлкен құрмет.

3. Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қосып жазыңыз.

1. Мұхтар О. Әуезов – ... ғасырдағы ... тарихын көркем ... әдемі де, шынайы суреттеген ... жазушы.

2. М.Әуезовтің ... биік ... «Абай жолы» ... тұр.

3. Абай ... , Абай ... қуған ... өміріне арналған бұл ... Абай ... сүрген заманның ... , оның ... мен ... көз алдыңа ... салады.

4. Халықтың ... сияқты ... ұлының өмірін қиын ... қиыстыра ... суреттеуге ... үлкен ... қарап, оған ... қолданыстағы ... қосып, ... ғасырда бір рет қана ... келетін керемет ... де маңызды ... жазған.

5. Мұхтар ... «Абай жолы» эпопеясы – дүниежүзі ... көбіне ... құнды .... .

4. Мәтін мазмұнына орай бес сұрақ қойып, соған жауап жазыңыздар.

1.-------------------------------------------------------------------------------

2.---------------------------------------------------------------------------------

3.----------------------------------------------------------------------------------

4.----------------------------------------------------------------------------------

5.-----------------------------------------------------------------------------------

5. Мәтінді қазақ тілінде әңгімелеп, оны өзіңіз білетін мәліметтермен толықтырыңыз.

6. Етістікке шартты және қалау райдың жұрнақтарын жалғап, сөйлем құраңыз.

Арна, суретте, оят, жаз, аудар, көмектес, басқар, сақта, көмектес, таңда, пайдалан, көрсет, атқар.

7. Сөйлемдерді оқыңыз. Бұйрық райлы етістікті тауып, астын сызыңыз.

1. Жауға жалынба, досқа тарылма.

2. Жаманға сырыңды айтпа,

Сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа.

3. Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.

4. Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға...

5. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

6. Қайғысыздан сақ бол,

Қайғылыға жақ бол.

8. Мәтінді пікірлесімге айналдырыңыз, ол үшін мына сұрақтарды пайдаланыңыз:

Қандай жазушыларды білесіз?

Қай жазушының қандай шығармасын оқыдыңыз?

Қазақ жазушыларының ішінен ерекше кімді атайсыз?

М.Әуезовті неге ерекше бөлуге болады?

Оның шығармаларының ішінде қай шығармасы ерекше бағалы?

«Абай жолы» романы неліктен ерекше бағаланады?

Абай бейнесі романда қалай суреттелген?

Романда Абай немен байланысты суреттелген?

Мұндай шығармалар кездесе бере ме?

«Абай жолы» романы шетел тілдеріне аударылған ба?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. Және т.б. Қазақ тілі: оқу құралы. –Алматы, 2008.

2. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.). – Алматы: Ғылым, 2009.

3. Орысша-қазақша тілашар = Русско-казахский разговорник / құраст.: А. Ж. Төрениязова, Ж. А. Тұрлыбекова, Ұ. К. Каюпова. - Астана : - 2011

4. Қазақ әдеби тілінің сөздігі : Он бес томдық / Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.

СӨЖ

М.Әуезов туралы Реферат жазу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]