Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

7. Назар аударыңыз!

Тұрақты тіркес – тіркескен сөздің бір түрі. Басты белгілері: сөздердің орны тұрақты, яғни орындарын өзгертуге келмейді; басқа сөзбен де ауыстыруға болмайды; барлығы бір мағынаны білдіреді.

Мысалы:

Тұрақты тіркес

Мағынасы

ит өлген жер

тайға таңба басқандай

тілді үйіреді

көз шырымын алу

алыс

анық

тәтті

ұйықтау

  1. Мәтінді оқыңыз және аударыңыз..

БІЗ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ

Талай саңлақтарымыз алаш туы астында бүкіл қазақты ел болуға, тәуелсіз мемлекет құруға шақырды. Солардың бірі Қайраттай өр рухты қайсар ұлы, Сәбира мен Ләззаттай батыр қыздарымыздың жігері мен батылдығы талай қазақ жастарына үлгі болып, патриоттық рухын оятты. Қазақ – батыр халық, ержүрек, намысшыл халық. Ел басына күн туса, ел үшін туған ерлеріміз намыс отын жағып, топырағын ақтық демі қалғанша қорғағанына  тарих куә, кешегі қиын-қыстау заман куә. Еліміздің ұлы мерекесі – 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні жылдан жылға президентіміздің қолдауымен биік дәрежеде аталып өтуде.  Бұл күндері күллі қазақ – үлкені де, кішісі де халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы, көрген қиындықтарын еске алып, бүгінгі күнге қалай жеткенімізге, өткенімізге көз жүгіртеді. Бұл күнде ойымызға тәуелсіздік құрбандары оралатыны хақ. Қазір де біз сол батырларымыздың арманы орындалған, мемлекет құру мақсатына жеткен ашық аспан аясында өмір сүріп жатырмыз. Ендігі кезде Тәуелсіздік іргетасы толығымен қаланған егеменді еліміздің шаңырағы шайқалмай, көк туымыз көкте мәңгі желбіреуі үшін әрқайсысымыз еңбек етіп, сол жолда күресуге тиіспіз. Абыройы мен арына дақ түсірмей келген ұлтымыз, тіректі тіліміз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз, сарқылмас қазынамыз бүгінгі жастарға, келешек ұрпаққа аманат.

Тәуелсіздік – көкжиектен атқан күн, жаңа бүр жарған гүл дер едім. Бұл егемендік – Алланың нұры, берген сыйы. Тәуелсіздіктің жолы қатты, татар дәмі тәтті. Сонда да ақкөңіл, дана қазақ аңсаған арманына қол жеткізді. Алдымызда әлі асу-асу белестер бар. Тәуелсіздігіміздің тұғырында нық, тұрақты тұра беруі үшін халқымыздың барша еңселі азаматтары, еліміздің еселеп дамуына еңбекпен қызмет етуі зор міндет.

Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз, кешегі Қайрат, Ләззаттардың жалғасымыз. Біздің міндетіміз – білім алып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосу.

Кәмшат Кенжеғали, Ақтөбе қаласы

2 Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.

батыр халық

ержүрек халық

намысшыл халық

ұрпаққа аманат

сарқылмас қазына

салт-дәстүр

нық тыру

қызмет ету

үлесімізді қосу

3 Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

Ендігі кезде Тәуелсіздік іргетасы толығымен қаланған егеменді еліміздің шаңырағы шайқалмай, көк туымыз көкте мәңгі желбіреуі үшін әрқайсысымыз еңбек етіп, сол жолда күресуге тиіспіз.

4 Жұптастырыңыз.

Тәуелсіздік -

кешегі Қайрат, Ләззаттардың жалғасымыз.

Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз,

білім алып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосу.

Алдымызда

көкжиектен атқан күн, жаңа бүр жарған гүл дер едім.

Біздің міндетіміз -

әлі асу-асу белестер бар.

5 Мына өлеңді мәнерлеп оқыңыз, жаттап алыңыз.

Мен қазақпын, ұланымын елімнің, Мен қазақпын, тірегімін жерімнің . Ұланымын туын көкке көтерер, Болашаққа алға бастап жетелер. Қиындығын қазағымның әрқашан, Қайыспайтын қара нардай көтерер.

Көз тойғысыз қазағымның жері бар, Ну орман, тауы, өзені, көлі бар. Қазағымның жерін, елін қорғайтын, Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

Міне, осындай егеменді еліміз, Кең жазира ұлан байтақ жеріміз. Туған елін, туған жерін сүйетін, Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

6 Не жайлы екенін өз сөзіңізбен айтып беріңіз.

«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады». Н.Ә. Назарбаев

7 Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақтың жастары қандай болу керек?

2. Қазағымның жерін, елін қорғайтын кімдері бар?

3. Қазағымның көз тойғысыз несі бар?

4. Біз кімбіз?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]