Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

Банк қызметі

Банктің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.

Банктер арасында клиенттерді тарту жөнінде бәсекенің күшеюі банктердің клиенттермен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңының 33 бабы бойынша банктер тең құқылы әріптестер ретінде шығып, бос несие ресурстары нарығында өз операцияларын жүргізеді. Олар өз қызметтерінде, өз клиенттеріне қаражаттарды орналастыру, несие алу үшін жақсы жағдай, банктік қызметтің әлдеқайда кең спектрін көрсете отырып, бір-бірімен бәсекеге түседі. Банктер өз клиенттері алдында жауапты.

Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн білдіреді.

Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банктердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.

Банк және бәсеке

Әдетте бәсеке деп белгілі бір нарықтағы заңды тұлғалар арасындағы қарсыластықты айтады. Теорияға сәйкес ол - қарсыластың сол нарықтағы сатып алушылар мен сатушылардың санына, сондай-ақ олардың операцияларының ауқымына байланысты анықталады. Егер де біз банктік бәсеке туралы айтсақ, онда оның еркін нарықтағы бірқатар белгілерін қарастыруға болады.

Бірінші белгісі – капиталдар нарығында қаржылай қызмет көрсететін көптеген қаржылық институттардың болуы.

Екінші белгісі – әрбір нарыққа қатысушыларда толық ақпараттар көлемінің болуы. Онсыз ол әрекетін дұрыс таңдай алмайды.

Үшінші белгісі – барлық қатысушылардың нарыққа шығарылатын қаржылық өнімдерінің (депозиттер, несиелер және басқа да қызметтер) бірыңғайлығы.

Төртінші белгісі – ешбір қатысушы басқа қатысушылардың қабылдаған шешімдеріне ықпал ете алмайды.

Бәсекелестік кез келген істе керек және ол еркін нарықта тиімді. Бәсекелестік бар жерде кез келген қызмет тиімді болады, өнімге немесе қызметке деген баға төмен және тұтынушыларға тиімді.

Зерттеулердің біреуі банктердің көп болған сайын пайыз деңгейі соған сәйкес төмендейтінін көрсетсе, басқалары – керісінше, яғни банктердің шоғырлануымен несие үшін пайыздық мөлшерлеме деңгейі арасындағы байланыс әлсіз екенін көрсетеді.

Тәжірибеде ірі банктер ұсақтарға қарағанда жинақ салымдары бойынша жоғарырақ пайыз төлейді, қарыз бойынша төменірек пайыз алады.

Біздің елде банктік жүйедегі өткір бәсекелестік туралы айту әлі ерте. Бізде банктер саны көп, бірақ олар әлі де бәсекелестікке қабілетсіз.

Ұлттық банк жүйесі

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып және Республикадағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде басқа елдің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдары мен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді. Ұлттық банк бұл – эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» рөлін атқарады, сондай-ақ ақша-несие және валюта саясатын анықтайды.

Ұлттық банк – оның жоғарғы үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және жарғылық қор иесі. Ол тек Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.

Ұлттық банктің басты міндеті – ұлттық валюта теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне мынандай міндеттер жүктеледі:

- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние жүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;

- Ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;

- Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.

Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу.

Тапсырмалар:

  1. Мәтіндерді оқып шығып, аударыңыз.

  2. Әр мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.

  3. Әр мәтіннен бір сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

  4. Әр мәтін бойынша дәптерге сұрақ-жауап жазыңыз.

  5. Мәтіндердің мазмұнын айтыңыз не досыңызбен сұхбат жасаңыз.

13-тақырып. Қазақстанның экономикалық байланысы. Ішкі және сыртқы сауда. Дүниежүзілік сауда ұйымы.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді жаттау.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]