Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

Нарықтық экономикадағы бәсеке

Нарықтық экономика – мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса – олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады.

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндірушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді.

Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншік құрайды.

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға.

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады.

Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке.

Маркетинг қызметі және оның рөлі

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңін басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезеңнің негізгі құрамдарының бірі - маркетинг жүйесі. Қазақстандық маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен анықталады. Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасуы бағыттары мен мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының теориялық тұжырымдамаларын құру және оның тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі. Нарықтық экономиканың эволюциялық жолына түскен Қазақстандағы маркетингтің дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындайды. Маркетингті игеру және оның кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді. Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем қабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым құралдарының жеткіліксіздігі, өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсеке қабілеттілігін төмендетіп, өткізуді қиындатуда.

Бүгінгі таңда қалыптасқан экономикалық жағдайларда кәсіпорындар алдында тұрған жаңа мәселелерді шешу маркетинг принциптері мен әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда маркетинг өндіруші көзқарасындағы тиімді шығын мен пайда кезінде сұранысты табу, болжау және оны қанағаттандыруға байланысты тұтынушыға негізделген тауар өндіру және басқару жүйесі ретінде сипатталады.

Жарнаманың саудадағы рөлі

Соңғы жылдары еліміздің дамуы қоғамның барлық салаларындағы сапалы өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл жаңару үрдісі саяси, экономикалық және әлеуметтік институттардың барлығын қамтып өтті. Елдің нарықтық экономикаға көшу кезеңінде көптеген мекемелер мен ұйымдар тәуелсіз болды, сондықтан олардың экономикалық талаптарға сай қызметі дұрыс ұйымдастырылған кешенді маркетингтік бағдарламасыз мүмкін емес еді. Өнімнің, қызметтің жарнамасы – маркетингтік коммуникацияның маңызды құрамды бөлігі, тұтынушымен өзіндік ақпараттық байланыс. Дұрыс ұйымдастырылып, іске асырылған жарнама өте тиімді және өнімнің, қызметтің үздіксіз, тез өндірілуіне, жақсы қызмет көрсетілуіне мүмкіндік береді. Бұл мекеменің ақша айналым процесінің тез жүргізілуіне, тұтынушылармен байланысты тұрақтандыруға, сұраныстың артып, қызмет тиімділігінің жоғарылауына септігін тигізеді. Яғни, тауар мен қызмет жарнамасы – экономиканың жасанды емес, табиғи құралы және нарық жүйесінің маңызды реттеушісі.

Жарнама күнделікті тіршілігімізде үнемі кездесіп отырады, әрі бізге көптеген эмоция, сезім, ақпарат легін бағыттай түседі. Тұтынушылар жарнаманың кейбіреуіне қызығушылық танытып жатса, енді бірі көп көңіл бөлмеуге тырысады. Біздің жарнама дегенде бар білеріміз – ол бір топтың немесе бір фирманың өнімінің жақсы жағын насихаттап, мақтайды деген үстірт түсінік қана.

Жарнама күрделі ақпарат болып табылады. Себебі, бір біріне ұқсамайтын көптеген жарнама берушілер бір уақытта әр түрлі аудиторияға өз өнімін немесе қызмет түрін ұсынуға тырысып бағады. Жарнаманың негізгі тоғыз түрлі типі бар, оларға қысқаша тоқталып өтейік:

  1. Сауда маркасының жарнамасында марканың ұзақ уақыт есте сақталуын қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Бұл жарнама түріне «Билайн» ұялы байланысының жарнамаларын мысалға келтіруге болады.

  2. Жекелеген сауда жарнамасы жергілікті сипатқа ие және әр түрлі өнімдер сатылып, белгілі бір қызмет түрі ұсынылатын нақты бір сауда нүктесіне немесе қызмет ету саласындағы мекемеге бағытталады.

  3. Саяси жарнама – соңғы уақытта мұндай жарнамалар үміткерлер арасындағы таласты сұрақтардан гөрі, саясаттанушының оң имиджін қалыптастыруға жасалып жүр. Саяси жарнамаға халық көбіне Президент сайлауы, депуттатарды сайлау қарсаңында куә болып жүр.

  4. Анықтамалықтағы жарнама – қандай да бір тауарды қалай сатып алуға немесе қажетті қызмет түрін қайдан табуға болатындығын білгісі келетіндерге арналады.

  5. Тікелей үн қататын жарнама кез келген жарнамалық ортаны, оның ішінде пошта арқылы жөнелтуді де пайдалана алады. Сатып алушы тек телефон немесе пошта арқылы тапсырыс берсе болады, тауар белгіленген уақытта қолайлы тәсілмен жеткізіледі.

  6. Іскерлік жарнамаға жекелеген саудагерлерге, көтерме сауда жасайтындарға және дистрибюторларға, сонымен қатар, өнеркәсіп мекемелеріндегі сатып алушылар мен кәсіпқой мамандарға (мысалы, адвокат пен дәрігерлерге) арналған хабарламалар жатады.

  7. Институционалды жарнаманы корпоративті деп те атайды. Мұндай жарнама мекеменің танымалдылығын арттыруға немесе ұйымның қызметіне қоғамның көңілін аудартуға бағытталады.

  8. Әлеуметтік жарнама белгілі бір жағымды, оң іс-әрекетті насихаттауға бағытталады. Мысалы, көлік жүргізу кезінде спирттік ішімдіктен бас тартуға немесе кішкентай балаларға жақсы күтім жасауға шақыру.

  9. Интерактивті жарнама – компьютермен қамтылған және нтернетке шығу мүмкіндігі бар дара тұтынушыға жеткізіледі. Жарнама Wed-беттерде, баннерде т.б. орналастырылады. Бұл жағдайда тұтынушы жарнамаға көңіл аударып, оны толықтай ашып, түрлендіре алады немесе керісінше, оған ден қоймауы да мүмкін.

Тапсырмалар:

  1. Мәтіндерді оқып шығып, аударыңыз.

  2. Әр мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.

  3. Әр мәтіннен бір сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

  4. Әр мәтін бойынша дәптерге сұрақ-жауап жазыңыз.

  5. Мәтіндердің мазмұнын айтыңыз не досыңызбен сұхбат жасаңыз.

Мәтіндердің мазмұнын айтыңыз не досыңызбен сұхбат жасаңыз.

11-тақырып. Бухгалтерлік есеп. Қазақстанның аудит компаниялары.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді жаттау.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]