Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Texty_za_II_semestr.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
135.05 Кб
Скачать

Кеден ісі

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) – Қазақстан Республикасы Кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу.

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу Кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Кеден ісін іске асыру кезіндегі мемлекеттік басқару саласы кеден ісінің аясы болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден ісін жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік органдар болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі:

1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан;

2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық (облыстар, республикалық маңызы бар қала, Астана бойынша) бөлімшелерінен;

3) кедендерден;

4) кеден бекеттерінен;

5) Кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінен;

6) мамандандырылған кеден мекемелерінен тұрады.

Кеден органдарының міндеттері

Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мұндай құқық бұзушылықтар мен қылмыстар бойынша қолда бар материалдарды Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына беруге міндетті.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

  2. Мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.

  3. Мәтіннен бір сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

  4. Мәтін бойынша дәптерге сұрақ-жауап жазыңыз.

  5. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз не досыңызбен сұхбат жасаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]