Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по ист.каз-гот.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
419.33 Кб
Скачать

10.Түрік қағанаты.(552-603ж)

546ж Алтайдағы бір соғыста 50 мың үй теле тайпасы жеңіліп,олардың қалдығы түріктерге қосылды.Түрік атауы алғаш рет Қытайдың 542ж шежіресінде кездеседі.552ж Бумын аварларға(Жуан-жуандарға) қарсы шығып,жеңіп,Түрік қағанатын құрады.Ол 553ж өлді.,оның ұлы Мұқан қаған кезінде Түрік қағанаты орта азияда саяси үстемдікке жетеді. 561-563 ж түріктер Иранмен эфталиттерге қарсы одақ құрып, 564ж Иран шахы Хұсрау Ануширван олардың әскери маңызды аймағы Тоқарыстанды тартып алды. Эфт-рдің негізгі қолын 587ж түріктер Бұхар түбінде талқандады. 568ж соғдылық көпес Маниах түрік қағанатының елшілігін Константинопольге бастап, Византиямен сауда келісімі жасап, Иранға қарсы әскери одақ құрды. Иран түріктерге жылына 40000 алтын мөлшерінде салық төледі. Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа кезінде мемлекет ішкі соғыстар мен әлеуметтік қарама-қайшылықтардан әлсіреп, 603ж қағанаттан Батыс түрік қағанаты бөлініп шығып, Шығыс Түркістаннан Әмударияға, Еділ бойы мен Солт. Кавказға дейінгі жерді алды.

Бат. Түрік қағанаты (603-704ж)

Он тайпа құрады: Шу өз-нен батысқа 5 тайпа нушиби, шығысқа қарай 5 тайпа дулу болды. Астанасы- Суяб қаласы. Жазғы орталығы- Мыңбұлақ. Билеуші- қаған. Жоғарғы шен- жабғу, шад, елтебер тек қаған руына жатты. Негізгі халық- малшылар (қара бодан). Сот билігін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жеғұй қаған (610-618ж) және оның кіші інісі Тон-жабғу қаған (618-630ж) кезінде өркендеді. Қаған өкілі тудун. 16 жылдық (640-657ж) тайпааралық соғыс қағанатты әлсіретіп, Таң империясы Жетісуды басып алды.

11. Түркеш қағанаты (704-756ж)

Үш-елік қаған (699-706ж) Шаштан Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Ол елді 7 мың әскері бар 20 үлескіге бөлді. Астана-Суяб. Жазғы орталығы- Күңгіт. 705ж арабтар Мәуренахрды жаулап ала бастады, ал 706ж Соғдыға қарай беттеді. Түркештер соғдыға көмектесті, бірақ арабтар құтылып кетті. 709ж олар Мәуренахрға тағы да аттанды, түрік- соғдылар қайта бетін қайтарды, бірақ арабтар соғды патшасы Тархунды түріктермен араздастырып, нәтижесінде арабтар Бұхарды басып алды. Үш-Елік орнына оның баласы Сақал қаған(706-711ж) келді. Шығыс Түрік қағаны Қапаған 711ж Болучу түбінде түркештерді жеңді. 712-713ж арабтарға қарсы түріктердің, соғдылықтардың, шаштықтардың, ферғаналықтардың әскері кұш біріктірді. Жауап ретінде арабтар Шашты өртеді, 714ж Испиджабқа жорыққа шықты. Қағанат Сұлу қаған(715-738ж) кезінде нығайды. әскери-әкімшілік билік «қара түркештерге» көшіп, орда Таразға көшірілді. 723ж түркештер Ферғана қарлұқтары мен Шаштықтарды біріктіріп, арабтарға қарсы соққы берді. Арабтар оған Әбу-Мұзахим(Сүзеген) деген ат қойды. 732ж аяғында ғана арабтар түркештерді ығыстырып, Бұхарға енді. 736ж Сұлу арабтарға тағы қарсы шығып, жеңіліс тапты. Қайтар жолда өз қолбасшыларының бірі Баға-Тархан қолынан қаза болады. 751ж Тараздың маңындағы Атлах қаласының маңында әскербасы Зияд ибн Салих басқарған арабтар мен Гао Сяньчжи бастаған қытайлар арасында 5 күндік ұрыс болды. Шешуші сәтте қытайлар қол астындағы қарлұқтар бас көтеріп, арабтар жеңді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]