Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по ист.каз-гот.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
419.33 Кб
Скачать

92. Хх г. 70-90 Казахстаннын мадениетiнiн дамуы (бiлiм, гылым, музыка, театр, кино).

1970 жылдың басында республика б/ша жалпы білім беретін 10154 мектеп жұмыс істеді де оларда 3 млн.226 мың оқушы болды. Ал 1986 жылдың басында білім беретін мектептер саны 8728-ге қысқарып, оларда 3 млн. 348 мың оқушы оқыды. КОКП ОК-і мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы қарашаның 10 “Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы” қаулысына сәйкес республикада өз мектеп реформасы өткізілді. 1970-1985 жылдар аралығында ВУЗ-дар да үлкен өзгеріске ұшырады. Олардын саны 55-ке жетті. Ал студенттер саны 273,3 мың болды.

60-жылдардың аяғына қарай Қазақстан КСРО-ның ірі ғылыми орталығына айналды. Бұнда 1985 жылы 40377 ғылыми қызметкер жұмыс істеді. Олардың 864-і ғылым докторы, 650- і Ғылым академиясының академиктері, корреспондент мүшелері, профессорлар болды.

Осы жылдары Ғ. Мүсірепов “Ұлпан” повесін жазды. Оның орыс тіліндегі аудармасы 1976 жылы жарық көрді. Қаламгер республика жазушылары арасында тұнғыш рет Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Ғ. Мұстафин, И. Шухов, Ә. Тәжібаев, Д. Снегин, О. Сүлейменов жана туындыларың ұсынды.

Қазақтын М. Әуезов атындағы академиялық драма театры ірі шығармашылық табыстарға жетті. “Қан мен тер” драмасын қойғаны үшін режиссер мен басты рөлдерді орындаушылар 1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Қазақ циркі көпшілікке кеңінен танымал болды.

Сазгерлер Е. Рахмадиев, Ғ. Жұбанов, Н. Тілендиев, Ш. Қалдыаяқов, Ә. Еспаев, К. Күмісбеков т. б. қазақ музыкасын тың шығармалармен байытты. Әншілер Е. Серкебаев пен Б. Төлегенова өнер сүйер қауымның ықыласына бөленді. Осы кезеңде жас әншілер Роза Рымбаева, Әлібек Дінішевтің, Нағима Есқалиеваның, суретшілер Үкі Әжиевтің, Сахи Романовтың, Ерболат Төлепбаевтың өнерлері жарқырай ашылды.

Қазақ киносының Ш. Айманов, М. Бегалин, С. Қожықов сияқты ірі қайраткерлердің қатысуымен жасалған “Атаманның ақыры”, “Қыз Жібек”, “Мәншүк туралы ән” атты тұлғалы көркем фильмдер экранға шықты. Қазақ мультипликациясы да ірі табыстармен танылды.

Республика астанасында Мемлекеттік өнер мұражайы, Қазақ КСР мұражайы, Қазақ ұлт-аспаптары мұражайы ашылды. Алматы, Ақмола, Ақтау қалаларының орталықтарында тамаша сәулеткерлік ансамбілдер бой көтерді.

94. Іске асырудың ұзақ мерзімді басылымдары мен мақсаттары.

  1. Ұлттық қауіпсіздік.Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып,Қ\ң тәуелсіз

егемен мемл.ретінде дамуын қамтамасыз ету.

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.Қ\да бүгін ж\е алдағы күнде

ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртүтастықты сақтап, нығайту.

  1. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақтамалардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Экономика өрлеунің нақтылы, барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.

  2. Қазақстан адамдарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Барлық қазақтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерің жақсарту. Экологиялық ортаны жақсарту.

  3. Энергетика ресурстары. Мұңай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.

  4. Инфрақұрылым, көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қаупсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуде жәрдемдесетіндей етіп дамыту.

  5. Кәсіби мемлекет. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызыметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.

Осы ұзақ мерзімді басылымдықтардың әрқайсысы үшін біз бір жылдық, үш, ал кейін бес жылдық жоспарда белгіленген нақты іс- қимылдарға күш- жігерімізді жұмылдыра отырып, стратегиямызды талдап жасауға және оны дәйекті түрде іске асыруға тиіспіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]