Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры по ист.каз-гот.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
419.33 Кб
Скачать

82. 1970-1980 Жылдардагы Казахстандагы алеуметтiк-экономикалык дамудагы кайшылыктар мен киыншылыктар.

70-80 жылдары Кеңес Одағында қос қабат қайшылықты жағдай қалыптасты: оның бұрын-соңды еш уақытта дәл осындай аса қуатты қорғаныс қабілеті болып көрмегенеді, бірақ нақ осыған байланысты соғыс қатері, ядролық шабуылға ұшырау қаупі бұрынғыдан да анағұрлым ұлғая түсті.

КСРО-дағы саяси ахуалдың өзгеруі экономикалық реформалар мүмкіндігін айтарлықтай тарылтты, ал кейіннен олардың мүлдем тежелуіне әкеп тіреді.Экономиканы бір орталықтан басқару әдісі жаңалық ойлап табу мен жүзеге асыру арасындағы жолды шамадан тыс ұзартып жіберді. Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды. Қазақстан Компартиясы 9-12 съездерінің шешімдері бұрынғы құрылым мен ғылыми-техникалық саясаттың сақталғандығын көрсетті. Пайдалы қазбалар мен қуат көздерін өндірудегішикізат пен қуатты пайдалану тиімділігі төмен болды.70-80 жылдарда ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданды. Ал оның нәтижесі: ауылшаруашылық өнімдерді өндіру ұдайы төмендеді: ол 9 5-жылдықта 13%, 11 5жылдықта 0,4% дейін құлады. Ауыл шаруашылығы тиімділігі төмендігінің басты себебі шаруалардың өз еңбегінің жемісін өздері көре алмайтындығынан еді.

78. Казахстанда тын жэне тынайг тын жэне тынайгу жэне онын натижелерi. Тың жерлерді жаппай игеру бағыты КОКП Оратлық Комитетінің 1954 жылғы қантар-наурыз пленумыңда анықталды. Пленум қабылдаған “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру туралы, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” қаулы бойынша ҚР-да, Сібірде, Уралда, және Солтүстік Кавказда астықтық дақылдардың егіс көлемі күрт өсуге тиісті болды. Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылы одан 1100-1200 млн. пұт астық алу белгіленді.

1954 жылдың тамызының басына қарай КСРО-да тыңды игеру жөнінде белгіленген тапсырма орындалды: 13,4 млн. га жаңа жерлер, оның ішінде ҚР-да 6,5 млн. га жер жыртылды. 1954 жылғы тамыздың 13-інде КОКП Оратлық Комитеті мен КСРО Министірлер Кеңесі “Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы” жаңа қаулы қабылдады. Онда 1956 жылы тың жерлердегі егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамауы және табиғатқа үлкен зиян келтіріуі мүмкін деген ескертулерін ешкім есепке алмады. 1955 жылы жоспардағы 7,5 млн. гектардың орнына тағы 9,4 млн. га жер жыртылды. Тың жерлердін басым көпшілігі негізінен ҚР-дың солтүстігіндегі 6 облыста-Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшктау, Торғай және Павлодар облыстарында жүзеге асырылды.1954 жылы МТС-тер мен бұрынғы қосымша колхоздардын күшімен 4,847 мың гектар, ал совхоздардың күшімен3684 мың га жаңа жерлер жыртылды. Сонымен екі жылға арналған мемлекеттік жоспар не бары бір жылда артығымен орындалды.Нәтижелері: Қазақстан жеріне бүкіл одақтан мамандардын келуі, жаңа жолдар салынып жаңа елді мекендер құрыла басталды. Бұнымен қоса оның жағымсыз жақтары да болды. Мамандармен қоса ҚР-ға көптеген қылмыскерлер мен оңай пайда табуды көздеген арамтамақтар да келген. 50-60 жылдардың басында әлі де экономикасы нығая қоймаған колхоздарға ауыр да әділетсіз шарттармен таратылған МТС-тердін техникасын сату ауыл шаруашылығы өнімдерінің күрт төмендеуіне әкеп соқты. Жетіжылдыққа (1959-1965 жылдар) белгіленген жалпы өнімді 70%өсірудің орнына 15 процент-ақ өнім алынды. Экологиялық тепе-тендікті бұзу өте ауыр жағдайға душар етті. Топырақ эрозиясы күшейді, жердің құнарлы қабаты (гумус) желге ұшты.Жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын жерлер қысқару нәтижесінен мал шаруашылығы шығынға ұшырады.

80 1950-70жж. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы.

Көп салалы өнеркәс-і бар республикамыз соғыстан кейін халық шаруашылығын бейбіт бағытқа көшіруге, азаматтық өндірісті арттыруға кірісті. 4-ші бесжылдықта бір жыл ішінде ғана халық шаруашы-на жұмсалған күрделі қаржының көлемі 1941-1945жж екі есе, оның ішінде өнеркәс-те жұмсалғанын күрделі қаржы шұғыл артты. Қаз. соғ. зардаптарын шеккен аудан-ы қалпына келтірудің тірек базасы болды. Оларға металл, шикізат, отын т.б. жіберілді. Ауыр индус-ң кәс.орын.ры салынды. 6 жаңа көмір шахтасы Қаратан және Мұнайлы кәсіпшіліктері қатарға қосылды, Ақтөбе балқыту зауытының қуаты күшейді. Жергілікті отынға негізделген энергетика дамыды.

Электр қуатын өндіру 1940ж. 0.6млн. киловат сағ. 1950ж. 2.6кв. өсті.Жеңіл және тамақ өнерк. одан әрі дамыды. 50ж. Қаз-ң экон. Күш-қуатының өсуі үшін алғышарттар жасалды, бұл жылдары халық шаруашылығының материалдық- техникалық базасын нығайту, шару. Айналымға жаңа ресурстарды тарту шар-ы ж. асырылды. Бірақ жеңіл және тамақ өн. Сала-на тежеу жасалып, шикізат пен тамақ он. сал. Озық қарқынмен дамытылды. 700к-н қатарға қосылды. Өскемен қорғасын-мырыш ком, Жезқазған байыту ком. ,Ертіс өз. су-электр станц. ,Қарағанды жылу-электр станц. бар. Жаңа көмірлі аудандар(Саран, Шерубай-Нұра, Шахан) игерілді. 1960ж. қаз-да , 1950ж. 17.3 т-дан 32.3млн.т. көмір өндірілді. Электр қуаты 10.6кв. жетті. 60ж.Қаз-да бұрын болып көрмеген өнеркәсіп құрылысы өн-п жүр-ді. 445 цех және кәсіпорын іске қосылды. Рес-а қара және түсті металлургия, мұнай-газ, химия және мұнай химиясы шапшаң дамыды, титан, магний, кокс, каучук т.б. жаңадан өнеркәсіп салалары п-б. Қаз-ң жетекші саласы қара металлургия болды. Сакалов-Сарыбай кен-байыту комбинаты іске қосылды. Хромит рудасын шығару 1орын, темір және марганец 3-ші орын алды. Түсті металлургия одан әрі дамыды. Тиминск руднигі және Лениногор полиметалл комбинатында мырыш заводы, Жезқазған кен-мет. ком. Елдегі аса ірі №55 және №57 шахталары қат. қосылды. Өскемен қорғасын-мырыш және Балқаш кен-мет.ком. қуаттары кеңейтілді. Мұнай шығаратын өнеркәс. қуаты да шапшаң дамыды. Қарсақ, Таңатаров кеніштерінің пайдалануын-ғы берілу арқасында 1965ж мұнай шығару дәрежесі 3 млн т болды. Ал 1970ж.мұнай шығару 10 млн т-дан асты. Хром қоспаларының зав.өнімі 3 есе артты. Атырау химия зав.іске қосылды. Көмір өнеркәс.одан әрі дамыды. Кокстелетін көмір шығару 68 процентке артты. Қаз-ң машина жасау өн.дамыды. 1959-1965жж рес-да 195 т.көмір шығаратын өндірістік қуат қатарға қосылды, трактор зауыты қатарға қос-ды, рес-да өз тракторын жасаудың негізі қаланды. Қазақселмаш зауытында ау.шар. машиналары бөліктерін шығаруға мамандарылған, жаңа машина мен жабдықтар шығару шерілді. Осыған қарамай рес-да маш.жасау жеткіліксіз дамыды. Жеңіл өн-е бірсыпыра кәс.орын-р Алматы мақта-мата комбинаты, Жамбыл былғары аяқ-киім комбинаты қат.қос-ды. 60ж бастап күрделі құрылыс көлемінің өсуі, құрылыс индустриясының жасауды талап етті. Егер 1955ж 365 т.цемент шығ-са, 2 зауыт болса, 1965ж 5 зауыт Қарағанды,Ақтөбе,Семей, Өскемен, Шымкент жұм.іст. Цемент өндіру 11 есе өсті.

93.КР Конституциясын кабылдау (1995).

1995ж 30 тамызда букiлхалыктык референдум аркылы КР жана конституциясы кабылданды. Демократиялык жэне кукыктык катынастар жолындагы кукыктык кедергiлер толык жойылып, елiмiздiн эркениет жолына тусуiне кен жол ашылды. Казакстан таза президенттiк республикага айналды. Кос палатадан туратын туракты парламент курылды. Укiметтiн ролi артты. Азаматтардын кукыктары мен бостандыктары ныгайды.

84. 80-жылдардагы Казахстандагы саяси омiр жэне улттык катынастар 1986 жылдагы Желтоксан окигалары.

1986 жылғы желтоқсанның 16-сы күні таңертенгілікте ҚКОК-нің 5-пленумы болды. Пленумды КОКП ОК-нің хатшысы Г. П. Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана – ұйымдастыру мәселесі тұрды. Пленум бар болғаны 18 минутқа созылды. Республиканы ширек ғасырға жуық басқарған саяси қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселелердің бірі осыншалықты қысқа мерзімде шешілді. Д. А. Қонаевтің орнына Г. П. Разумовскийдің ұсынысы бойынша бұған дейін КОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген, республикаға мүлдем бейтаныс адам Г. В. Колбин тағайындалды. Орталықтың мұндай волюнтаризмімен Қазақстан бірінші рет кездесіп отырған жоқ еді.

Желтоқсанның 17-сі күні таңертен Алматыда жаппай толқу басталып, кейінрек ол республиканың басқа да қалаларына тарады. Г. В. Колбин республиканың жоғары басшылығына тағайындалуы толқу үшін сылтау ғана еді. Наразылыққа жылдар бойы қорланған себептер түрткі болды. Халықты ашындырған Орталықтың дәстүрлі өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаған демократиялық принциптер арасындағы қарама-қайшылықтар еді.

Шеру бейбіт және саяси сипатта болды, онда басқа халықтарға қарсы атой салушылық, мемлекеттік құрылысты жоюға деген үндеулер болған жоқ. Әміршілдікке дағдыланған республика басшылары әу баста-ақ жастармен тең құқылы келісімге бармады және олардың пікірін тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалап, олар бұған Алматы гарнизонын жаунгерлік дайындыққа келтіріп, сан жағынан демонстраннтардан әлдеқайта көп күштемен орталық аланды қоршап алумен жауап берді. Демонстрацияны тарату кезіңде сойылдар, кіші саперлік күректер, үйретілген иттер, су шашатың машиналар пайдаланылды. Уақытша ұстау бөлмелері мен арнайы бөлімдерге, тергеу бөлімдеріне жеткізіліп, қаланың сыртына әкетілген адамдардың саны 8,5 мыңнан асты. 1987 жылғы шілдеде КОКП ОК “Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары жайлы” қаулы қабылдай отырып, 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларын “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деп бағалады.

85.Қ-ғы ядролық полигондар.Арал қасіреті.

Семей,Қарағанды,Павлодар обл-ң түйіскен тұсында орналасқан Семей ядролық полигоны Қ жерін молынан қамтыды.Ядролық жарылыс алғ рет 1949ж 29 тамызда болды.Әр экспериенттік қондырғымен, оны жер астында сынақтан өткізу құны орта есеппен 30 млн тең.Полигон айналадағы табиғатқа,адамдардың денсаулығына аса қатерлі еді.Дәрігерлерге рактан,лейкоздан ж/е иондаушы реакцияға байл туындаған басқа да аурулардан қайтыс болғандарға дәл диогноз қоюға, медициналық зертеулер жүргізуге тиым салынды. Полигон әрекеті салдарынан келген зардап көлемі туралы мәліметтер жасырын ұстанды.Полигон маңайында тұратын халықтың әр түрлі ауруларға шалдығуы жиеледі.1969-1970ж Маңғыстау обл-ң аумағында да халықтан жасырын түрде Кен жыныстары 3 жерасты ядролық сынақ өткізілді.Арал теңізі атырабында өндіргіш күштерді орналастыруда жіерілген стратегиялық қателіктер,жер ж/е су қорын есепсіз пайдалану т.б салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейінгі аумақта құрғап,жалаңаш қалды.Теңіз суының тұздылығы 3 есе өсті.Балық өнеркәсібі құрыды.Құрғап қалған теңіз түбінен тұз Бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп,Арал аймағының климаты күрт нашарлады.Бұл халықтың тұрмыс жағдайы мен денсаулығына қатер төндірді.Адам өлімі көбейді.Аймақ тұрғындарының 80% әр түрлі сырқатқа шалдықты.Бұл экологиялық апатіс жүзінде ұлттық генетикалық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу туралы мәселе көтеруге мәжбүр етті,өйткені Арал аймағы негізінен республикалық байырғы халқы-қазақтар мекендеген аудан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]