Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

Кальцийдің нейрондардың ішіне көп енуі бүлінудің екінші сатысында байқалады және ол нейрондардың тіршілігін жоғалтуға әкеледі.

Тіпті қысқа мерзімдегі ишемия нейрондардың тұрақты бүліністеріне әкеледі. Аноксия тоқталғаннан кейін де Са2+- иондарының жасуша ішіне жиналуы нейрондардың белсенділігін арттыра береді.

Мидың ишемиясы кезінде пайда болатын дерттердің соңғы сатыларында екіншілік өзгерістердің жаңа жиынтығы

691байқалады. Бұларга бүліністік, дистрофиялық үрдістер, ферменттер жүйесінің бұзылыстары, ми тініне қарсы антиденелер түзілуі, аутоиммундық бүліністер дамуы т.б. жатады. Бұлар постишемиялық энцефалопатияның даму негізінде жатады.

Сондықтан мидың ишемиялық бүліністерін емдеу кешенді түрде болғаны жөн:

себепкер ықпалды аластауға;

нейрон мембраналарын және жасуша ішінде өтетін үрдістерді қалпына келтіруге;

бос радикалдар мен бос май қышқылдарының деңгейін азайтуға;

нейрон ішіндегі кальцийдің мөлшерін азайтуға;

энергия тапшылығын аластауға;

ми тінінің ісінуін кемітуге - бағытталады.

Сонымен бірге, миды усыздандыру, оның трофикалық қызметін арттыру мүмкіншіліктерін қарау қажет.

Аксондардың қызметтерінің бұзылыстары.

Аксон қызметтерінің бұзылыстары оның бойымен жүйкелік серпіндер өткізілуінің бұзылуымен және заттардың аксондық тасымалдануының бұзылуымен көрінеді.

Аксондармен жүйкелік серпіндер өткізілуінің бұзылыстары. Нейромедиаторлардың әсерлерінен нейрон денесінде немесе дендритінде пайда болған қоздырғыш потенциал аксонның бастапқы кесіндісінде натрий иондарының нейрон ішіне енуін арттырады Осыдан мембрананың деполяризациясы болып, әсер ету потенциалы қалыптасады. Ол жүйке аяқшаларына жетіп, олардан нейромедиаторларды босатады. Бұл нейромедиаторлар басқа жасушаны қоздырады немесе тежейді.

Жүйке талшығы арқылы серпіннің өткізілуі тізбек бойынша оның бастапқы бөлігінен біртіндеп келесі бөлігіне мембрана деполяризациясының тарауы арқылы болады.

Натрийдің жасуша ішіне кіруі жеткіліксіз болғанда әсер ету потенциалының пайда болуы бұзылады және серпінді өткізу тоқталады. Бұндай әсер Na+-K+-АТФаза ферментінің жергілікті анестетиктермен (новокаин, лидокаин, т.б.),

басқа химиялық заттармен (инсектицидтер, вератридин, аконитин) тежелгенінде болады.

Сонымен бірге энергияның тапшылығы бұл ферменттің әлсіреуіне, жасуша мембранасының әсер ету потенциалын туындату қабілетін жоғалтуына және серпіндердің өткізілуі бұзылуына әкеледі. Осындай әсерге динитрофенолмен т.б. улармен улану, жүйке бөлшегінің ишемиясы, мұздауы т.с.с. жағдайлар әкеледі.

Жүрек гликозидтері (уабаин, строфантин) үлкен мөлшерде

692Na+,-K+-насосын тежейді және жүйкелік серпіндердің өткізілуін бөгейді.

Солармен қатар, аксондардың бойымен жүйкелік серпіндер өткізілуінің бұзылыстары жүйке талшықтарының қабынуы кезінде, тыртықтанып өзгергенінде, сыртынан қысылып қалғанында, миелин қабығын жоғалтқанда (демиелизациясында) (аллергиялық үрдістер, тараған склероз), күйіктік ауру кездерінде байқалады. Жүйкелік серпіндердің өткізілуі аксон бүліністерінде мүлде тоқталады (-сурет).

Миелинін жоғалтқан жүйке бөлшектері өз беттерінше немесе механикалық әсерлерден қосымша эктопиялық қозу ошағына айналады. Қозу жүйке талшықтарымен екі жаққа қарай тарайды. ОЖЖ-де бұл қозу нейрондардың белсенділігі көтерілуін туындатады.

Аксондық тасымалданудың бүзылыстары. Аксондардың

бойымен, жүйкелік серпіндердің өткізілуімен қатар, нейрон денесінен жүйке аяқшаларына дейін және кері бағытта әртүрлі заттардың (трофогендердің, аутоантиденелердің) тасымалдануы болады.

Нейронда көптеген заттар түзіледі. Олар нейроннан аксондардың бойымен жүйкеленетін жасушаға және соңғысынан, кері бағытта, нейронға қарай тасымалданады. Аксондық тасымалдану жүйкелік майда талшықтардың, ұсақ түтікшелердің және жиырылғыш актин мен миозин сәйкес нәруыздардың қатысуымен болады. Майда талшықтардың жиырылуы кальций иондарының қатысуымен дамиды және АТФ энергиясын падаланып өтеді. Аксоңдық тасымалдану ұсақ түтікшелер мен жүйелік майда талшықтардың бүліністерінде (колхицин, винбластин т.с.с. химиялық заттармен уланулар кездерінде), АТФ жеткіліксіздігінде; метаболизмдік улардың (цианидтер, динитрофенал т.б.) әсерлерінен бұзылады.

Сонымең бірге, аксондардың бойымен заттардың тасымалдануының бұзылыстары:

В1 және В6 витаминдерінің жеткіліксіздігі нәтижесінде аксондардың құрылымдық бүліністері кездерінде;

өндірістік улардың (акриламид, гекахлорофос), ауыр металдардың (қорғасын, кадмий), дәрілік препараттардың

(дисульфирам), ішімдіктердің әсерлерінен;

қантты диабет кезінде;

аксондардың сыртынан қысылып қалғанында – байқалады. Жүйке тіндері мен нейромедиаторларға қарсы антиденелер

аксондардың бойымен нейроннан нейронға тарайды. Осыдан тіпті алыста орналасқан ОЖЖ бөліктерінің нейрондарына дерттің тарауы болады.

Дендриттердің бүзылыстары.

Дендриттер нейронға ақпарат түсуін қамтамасыз етеді

693және олар серпіндерді өткізу мен біріктіру қызметтерінде маңызды орын алады. Дендриттердің сыртындағы тікенектері түйіспелік байланысу бетін үлкейтеді (-сурет).

- сурет. Дендриттердің құрылымы.

Дендриттер мен олардың тікенектері нейронның ең нәзік құрылымдарына жатады және әртүрлі дерттер кездерінде олар тез бүлінеді, жоғалып кетеді. Қартаю кезінде олар азаяды, жүйкелік трофиканың бұзылысы болады, мидың қызметі бүлінеді. Сондықтан қартаюдан алжу кезінде дендриттер мен олардың тікенектері анықталмайды. Олар гипоксия, ишемия, уыттану, жарақаттану, электросоққы кездерінде ми шайқалуында, невроздық және стрестік әсерлерден бұзылады. Микротүтікшелердің бұзылуы дистрофиялық өзгерістерге, эндоцитоздың күшеюіне әкеледі.

Түйіспелер қызметтерінің бұзылыстары.

Түйіспелердің қызметтері:

● нейромедиаторлардың түзілуі, тасымалдануы, қорға

жиналуы, түйіспелік саңылауларға шығарылуы бұзылғанда;

нейромедиаторлардың постсинапстық мембранадағы рецепторлармен байланысуы өзгергенде;

түйіспелік саңылауларда нейромедиаторлардың ыдырауы

немесе

түйіспе

алды

мембраналармен

кері

қамтылуы

бұзылғанда - өзгереді.

 

 

 

 

Нейромедиаторлардың

түзілуі,

тасымалдануы,

қорға

жиналуы,

 

түйіспелік

саңылауларға

шығарылуы

энергия

пайдаланып,

белсенді

түрде өтеді. Сондықтан

олардың

694бұзылыстары энергия тапшылықты жағдайларда (гипоксия, ми ишемиясы, нейрондардың митохондрийлары бүлінуі т.б. кездерінде) дамиды. Сонымен бірге, нейромедиаторлардың түйіспелік саңылауларға шығарылуы ботулин, сіреспе (столбняк) уларының әсерлерінен тежеледі, жылан, қарақүрт уларының әсерлерінен, керісінше, күшейеді.

Постсинапстық мембраналардың Н-холинергиялық рецепторларын кураре тәрізді зат бөгейді. Миастения ауруы кезінде постсинапстық рецепторлар аутоантиденелермен бөгеліп қалуы мүмкін. М-холинергиялық постсинапстық

рецепторлар атропинмен бөгеледі. Тежегіш медиаторлардың

әсерін стрихнин күшейтеді.

 

 

Әртүрлі

улы

заттармен

уланғанда

түйіспелік

саңылауларда

нейромедиаторларды

ыдырататын

ферменттердің

белсенділігі жоғалады. Мәселен, фосфороорганикалық улы заттар холинэстераза ферментінің белсенділігін әлсіретіп, ацетилхолиннің түйіспелерде жиналып қалуын ұлғайтады.

Түйіспелер қызметтерінің бұзылыстары жүйкеленетін тіндерде дистрофия дамуына әкеледі. Жүйкеленетін құрылымдарға түйіспелер арқылы, нейромедиаторлардан басқа, құрылымдық нәруыздар түзілуіне қажетті заттар және зат алмасуын реттейтін трофогендер тасымалданады.

Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері.

Жүйке жүйесінің бұзылыстары:

тежелудің тапшылығымен;

жүйкеленусіздік (денервациялық) синдромымен;

деафферентациялық синдроммен;

жүйкелік нәрленістің (трофикалык,) бұзылыстарымен - көрінеді.

Тежелудің тапшылығы. Жүйке жүйесінің қызметтері екі

қарама-қарсы қозу және тежелу үрдістерінің өзара қатынастарымен қамтамасыз етіледі.

Қоздырғыш аминқышқылдарының әсерлерінен нейрон ішіне натрий мен кальций иондары түседі. Содан мембрананың деполяризациясы болып, әрекет потенциалы қалыптасады, жүйкелік серпін пайда болады. Осы серпіндердің артық

 

өндірілуі нейронның қозуын көрсетеді.

 

 

 

 

 

Тежегіш аминқышқылдарының әсерінен нейрондардың ішіне

 

теріс электр дәрмені бар хлор анионы көптеп енеді. Содан

 

нейронның гиперполяризациясы болып, онда әрекет ету

 

потенциалы қалыптаспайды, электр серпіні пайда болмайды.

 

Осындай жағдай нейронның тежелуі делінеді.

 

 

 

 

Жүйке жүйесі бұзылыстарының барлық түрлері осы қозу

 

және

тежелу

үрдістерінің

қарқынымен

және

олардың

 

арақатынасы өзгерістерімен сипатталады. Қалыпты жағдайда

695

жүйке

жүйесінің

жоғарғы

бөліктері

төменгі бөліктеріне,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жүйкеленетін

ағзалар мен

тіндерге

тежеуші

әсер етіп

 

тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дерт туындататын әсерлерге тежелу тетіктері өте

 

сезімтал келеді. Сондықтан ОЖЖ-де ең алдымен тежелу

 

үрдістері бұзылады. Содан қалыпты тежелудің тапшылығы

 

дамиды. Жүйке жүйесі бұзылыстарының барлық түрлерінде оның

 

тежеуші әсерінен шығып кету байқалады. Бұл күшейген

 

дерттік қозу ошақтары пайда болуына әкеледі. Мәселен,

 

мидың

сыртқы қыртысына қан құйылудан жұлын орталықтары

 

оның тежеуші әсерінен шығып кетеді. Осыдан қолдар бүгіліп,

 

аяқ еттерінің жазылып жиырылып қалуы байқалады. Осындай

 

жағдайды Вернике-Манн кейпі деп атайды. Бұндай науқас

 

адамдардың аяқ-қолдары еріксіз қимыл-қозғалыста жатады.

 

Мидың жұлынға тежеуші әсері болмауынан онда дамитын

 

дерттік рефлекстер бақылаудан шығып кетеді. Осыдан ересек

 

адамдарда қалыпты жағдайларда кездеспейтін Бибинский

 

рефлексі, емізік, жармасу рефлекстері пайда болады. Бұл

 

рефлекстер әдетте жаңа туған нәрестелерде байқалады,

 

Өйткені оларда мидың сыртқы қыртысы әлі толық дамымаған.

 

Сондықтан мидың сыртқы қыртысы жұлын орталықтарына тежеуші

 

әсер

етпейді.Ал, артынан ОЖЖ жоғарғы бөліктерінің

 

жетілуіне байланысты олардың реттеуші әсерлерімен тежеліп,

 

ересек адамдарда бұл рефлекстер болмайды.

 

 

 

 

Жануарларда ми бағанасын қиып кескенде децебрациялық

 

сіреспе байқалады. Олардың басы шалқайып, төрт аяқтары

 

төрт жаққа сіресіп қалады.

 

 

 

 

 

 

 

Глия,

Шванн

жасушалары

тежелуден

шығып

кету

 

нәтижесінде олардың фагоцитоздық қызметтері артады.

 

Нейрондардын гендік құралдары тежелуден шығып кетсе жасуша

 

мембраналарында

нейромедиаторларды

қабылдайтын көптеген

 

артық

рецепторлар пайда

болады (шизофрения,

Гентингтон

хореясы т.б.). Осы рецепторлардың артық қоздырылуы бұл дерттердің клиникалық көріністеріне (сандырақ, елес, бұлшықеттердің бірікпей жиырылулары немесе кейбір ет топтарьшың сіресіп қалуы т.с.с.) әкеледі.

Жүйкеленусіздік (денервациялық) синдром. Постсинапстық

нейрондарда, ағзалар мен тіндерде жүйкеленудің болмауынан пайда болатын өзгерістердің жиынтығын денервациялық синдром деп атайды.

Қалыпты жағдайда бұлшықет талшықтарының ұштарында холинергиялық рецепторлар жиынтықталған соңғы табақшалар болады. Парасимпатикалық жүйке әсер еткенде ацетилхолин осы табақшаларға әсер етіп, бұлшықеттің тұтасып жиырылуы болады. Жүйкелену болмағанда бұлшықеттердегі соңғы табақшалар жоғалады, ацетилхолинді қабылдайтын рецепторлар

696ет талшықтарының барлық ұзындығына жайылып тарап кетеді. Сондықтан бұлшықеттердің ацетилхолинге сезімталдығы көтеріледі де, денервациялық синдром кезінде, олар тұтасып бірікпей, жеке-жеке талшықтарының жиырылулары байқалады. Осындай жағдай мал сойғанда терісін сыпырғаннан соң анық көрінеді. Сонымен денервация кезінде ет тіндері ерте

ұрықтық даму сатыларына қайта оралады. Бұл әсер ет талшықтарының тежеуші әсерден шығып кетуінен, жүйкелерден

бақылаушы

және

трофикалық

әсерлердің

болмауымен

байланысты.

 

 

 

 

Деафферентациялық

синдром.

Шеткері тіндерден немесе

сезімтал нейрондардан ми нейронына серпіндердің түспеуінен дамитын құбылыстардың жиынтығын деафферентациялық синдром дейді. Ми нейрондары қалыпты жағдайларда шеткері тіндерден сезімтал жүйкелер арқылы ақпарат қабылдап тұрады. Содан олардың мида талдануы, ми нейрондарының нәрленуі болады және бұл серпіндер ми нейрондарына тежеуші әсер етіп тұрады. Деафферентациялық синдром нейронға серпіндердің өтуі тоқталуында (сезімтал жүйке талшықтары үзілгенінде,

пресинапстық құрылымдармен нейромедиаторлар

шығарылуы

бұзылғанында)

немесе

постсинапстық

нейронда

нейромедиаторлардың

әсерлерін

қабылдайтын

рецепторлар

тежелгенінде (уыттар, дәрілік заттардың әсерлерінен) байқалады.

Деафферентация нейронның денервациялық синдромы болып есептеледі. Нейронның толық деафферентациясы болмайды.

Өйткені

нейронға

көптеген

тармақтардан

афференттік

серпіндер

түседі.

Тіпті

нейронның

жартылай

деафферентациясы кезінде нейронның немесе оның кейбір бөлшектерінің қозымдылығы артады және нейрон тежелуден шығып кетеді. Осыдан нейрондар артық серпіндер өндіре бастайды, олардың белсенділігі артады да, олар күшейген

дерттік қозу ошақтарына айналады.

 

 

Жүйкелік

нәрленістің

бұзылыстары

және

нейродистрофиялық үрдістер. Жасушаның нәрленісі (трофикасы гр. trophe – қоректену, нәрлену) - оның тіршілігін қамтамасыз ететін үрдістердің жиынтығы. Бұл кезде ағзалар

мен тіндердің қоректенуі нәтижесінде оларда нуклеин қышқылдары мен нәруыздардың түзілуі болады. Содан жүйкеленетін ағзалар мен тіндердің көлемі қалыпты мөлшерде ұсталынады. Сол себепті трофиканы, қоректену демей, нәрлену деген дұрыс. Жүйкелік нәрленісті нейрон аяқшаларында бөлінетін жүйкелік медиаторлар, кейбір гормондар, шағын пептидтер, трофогендер қамтамасыз етеді. Нейромедиаторлар ағзалар мен тіндердің қызметтеріне ғана әсер етіп қоймай, олардағы заттардың алмасуына да ықпал

697етеді. Мәселен, жүйкелік-еттік түйіспелерде (синапстарда) бұлшықеттердің тыныштық жағдайларында да аз мөлшерде ацетилхолин бөлінеді. Бұндай аздаған ацетилхолиннің мөлшері бұлшықеттердің жиырылуын туындатпай, заттардың алмасуын реттеп олардың нәрленуіне қатысады.

Симпатикалық жүйкелердің медиаторлары норадреналинде тіндердің нәрленуі үшін маңызды. Оның тым артық немесе жеткіліксіз өндірілуі ағзаларда дистрофиялық өзгерістерге әкеледі. Сонымен бірге, ағзалардың нәрленісінде жүйкелердің әсері аксоплазмалық ағыммен байланысты. Нейрондардан аксондардың бойымен жүйкеленетін ағзаларға қарай және соңғысынан біріншісіне кері бағытта нәруыздар, ферменттер, электролиттердің ерітінділері бар сұйықтар қозғалады. Осылардың қатысуымен тіндер мен ағзаларда зат алмасулардың реттелулері болады. Егер жануарлардың қызыл

(шабан) бұлшықеттеріне баратын жүйкелерін ақ (тез) бұлшықеттеріне, ақ еттерге баратын жүйкелерін қызыл еттерге ауыстырып қондырса, онда осы жүйкелер бұлшықетпен толық бірігіп біткен соң, қызыл бұлшықет ақ бұлшықеттің, ақ бұлшықет қызыл бұлшықеттің қасиеттерін қабылдайды. Бұл кезде бұлшықеттер жиырылу жылдамдық қасиетін өзгертіп қана қоймай, олардағы зат алмасу ерекшеліктерін (ферменттердің белсенділігін, зат алмасу бағытын) өзгертеді. Бұл өзгерістер ауыстырылып отырғызылған жүйкелік-еттік түйіспелерде ацетилхолин өндірілуінен бұрын байқалады. Жорамал бойынша ауыстырылып отырғызылған жүйкелердің аксондарының бойымен зат алмасуға әсер ететін заттардың қозғалуы көрсетілген бұлшықеттерде нәрленістік қызмет атқарады. Бұл заттар циклдік нуклеотидтер жүйесі арқылы жасушалардың геномдарына ықпал етіп, нәруыздар түзілуін реттейді.

Трофиканың бұзылуы дистрофия деп аталады. Дистрофия кез-келген дерттерде кездеседі. Дистрофиялық үрдіс жүйкелік әсерлердің болмауында немесе өзгергенінде пайда болады. Ол шеткері ағзалар мен тіндерде және жүйке жүйесінің өзінде дамуы мүмкін. Жүйкелік әсерлердің болмауы мына жағдайларда байқалады:

нейромедиаторлардың бөлінбеуі немесе олардың жүйкеленетін ағзаға әсер етпеуі;

рецепторлық және мембраналық әсерлерді, зат алмасу үрдісін реттеуге қатысатын, медиаторлармен бірге бөлініп, олардың әсерлерін жөнге келтіретін комедиаторлардың шығуы бұзылуы;

трофогендердің бөлінуі мен әсер етуі бұзылуы;

патотрофогендер өндірілуі – нәтижелерінде.

Трофогеңдер деп жүйке жасушаларына және олармен

698жүйкеленетін ағзалар мен тіндерге нәрленістік әсер ететін заттарды айтады. Олар нейрондарда, шеткері тіндерде, глия және Шван жасушаларында өндіріледі. Нейрондарда өндірілген трофогендер аксондардың бойымен басқа нейрондарға және жүйкеленетін шеткері тіндерге тасымалданады. Шеткері тіндерде өндірілген трофогендер жүйке аксондарының бойымен нейрондарға кері бағытта тасымалданады. Егер нейрондардың шеткері тіндермен байланысы үзілсе және соңғылардан трофогендерді алмаса, онда олар тіршілігін жоғалтады. Трофогендік міндет атқаратын заттар қан сарысусындағы нәруыздар мен иммундық нәруыздардан құрылуы мүмкін. Кейбір гормондар трофогендік әсер ете алады.

Трофогендерге нейрондардың тіршілігін сақтап қалуын, өсіп-жетілуіне әсер ететін жүйкелердін өсу факторы жатады. Олар жаңа дамып келе жатқан организмдердің жүйке жүйесінде болады. Ал, ересек организмдерде оның түзілуі азаяды, кейбіреулерінде тоқтап қалады. Бірақ жарақаттанудан кейінгі жүйкелердің бүліністері кездерінде трофогендердің түзілуі қайта пайда болады.

Нейрондардың трофикасы болуы үшін олардың плазмалық

мембранасында болатын ганглиозидтер қатысады. Ганглиозидтер - сиалогликолипидтер нейрондардың өсуі мен регенерациясын күшейтеді, бұзылмаған нейрондардың гипертрофиясын туындатады. Олар екіншілік дәнекерлер мен трофогендердің құрылуын арттырады. Нәрленіс болуына пептидтер (лейжәне метэнкефалиндер, β-эндорфиндер т.б.) қатысады. Олар трофогендердің әсерін арттырады және өздері трофогендік әсер етеді. Көптеген пептидтер комедиаторлар ретінде әсер етеді.

Нейромедиаторлар аденилатциклаза ферментін әсерлеп, циклдік АМФ - протеинкиназа - ядролық нәруыздарды фосфорлау – мРНК – нәруыз түзілуі тізбегі бойынша әсер етеді.

Сонымен, нәрленістің бұзылыстары: трофогендердің жеткіліксіз түзілуінен, олардың нысана-тіндерге түсуі азаюынан немесе жасушаларда ететін әсерлері бұзылыстарынан болуы мүмкін.

 

Сонымен бірге, кейбір жағдайларда дерттік трофогендер

 

өндірілуі мүмкін. Олар патотрофогендер деп аталынады.

 

Патотрофогендер

нысана-жасушаларда

тұрақты

 

дерттік

 

өзгерістерді туындататын заттар. Мұндай заттар эпилеп-

 

сияланған нейрондарда өндіріледі. Олар аксоплазмалық

 

ағыммен басқа нейрондарға түсіп, соңғыларында тұрақты

 

эпилепсиялық қасиет туындатады.

 

 

 

 

 

 

Нейродистрофиялық үрдіс ағзалар мен тіндерде қан

 

тамырларының өзгерістерінен де дамиды. Осыдан жасушаларға

699

оттегі мен қоректік заттардың тасымалдануы бұзылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дистрофияға ұшыраған тіндерде гендік құралдардың

 

өзгеруінен өзгерген нәруыздар немесе жаңа аутоантигендер

 

түзіледі. Бұларға қарсы аутоантиденелер өндіріледі,

 

аутоиммундық

 

үрдіс

дамиды.

Жасушалардың

 

ыдырауы

 

нәтижесінде протеолиздік ферменттер босайды, олардың

 

әсерінен тіндердің бүлінуі күшейеді. Бүлінген тіндерде

 

жұқпалар пайда болып, қабыну дамиды. Дистрофиялық үрдіс

 

жергілікті болып қана қоймай, бүкіл организмге тарауы

 

мүмкін. Ол жоғары дербес жүйке жүйесі орталықтарының

 

эмоциялық ауыртпалықтардан, жарақаттану, өспе т.с.с.

 

дерттік бүліністерінен жиі дамиды. Содан ас қорыту

 

ағзаларында, өкпеде, жүректе, бауырда т.б. ішкі ағзаларда

 

нәрленудің бұзылыстары (дистрофиялар) байқалады.

 

 

 

Қорыта

 

келгенде,

 

трофикалық

жүйкелер

арқылы

 

трофогендер, патотрофогендер, уыттар, вирустар тарайды.

 

Жүйкелік, эндокриндік және иммундық жүйелер өзара тығыз

 

нәрленістік байланыстарда болады. Шеткері тіндер жүйесінің

 

нәрлендіру бақылауында болып, өздері де оларға нәрленістік

 

әсер етеді. Сонымен, организмнің біріккен трофикалық

 

жүйесі құрылады. Трофикалық өзгерістерді қалпына келтіру

 

патогенездік терапияның маңызды бөлшегі болып есептеледі.

 

Жүйке жүйесінің бұзылыстарында екіншілік эндогендік

 

 

себепкер ықпалдар қалыптасуының маңызы.

 

 

Нейронаралық байланыстардың бұзылыстары. Жүйке жүйесі

 

бұзылыстарының

негізінде

нейронаралық

байланыстардың

 

эндогендік

өзгерістері

 

жатады.

Осының

нәтижесінде

 

белсенділігі көтерілген жүйке жасушасы пайда болады. Бұл

 

жасушада қозу үрдісі тежелу үрдісінен басым болады да, ол

 

көптеген серпіндер өндіре бастайды. Осындай жүйке жасушасы

 

эпилепсияланған нейрон деп аталынады.

 

 

 

 

 

Жүйке

жасушасының

 

белсенділігі

көтерілуі

мына

 

себептерден болуы мүмкін:

 

 

 

 

 

 

 

● жүйке жасушасында бірден қозу үрдісі қатты көтеріліп

 

кетуден;

Ол

 

қоздырғыш

аминқышқылдарының

(глутамин,

 

аспарагин, L-гомоцистеин қышқылдары) әсерлерінен жүйке

 

жасушасының ішіне натрий, кальций иондары енуі артып, оның

мембранасында қатты деполяризация туындауынан болады.. Осыдан жүйке жасушаларында қозу үрдісі пайда болып, оның серпін өндіру белсенділігі артьш кетеді.

● жүйке жасушасында тежелудің тапшылығынан; Қалыпты жағдайда нейрондардың тежелуіне әкелетін жүйкелік медиатор болып гаммааминомай қышқылы (ГАМК) және глицин есептеледі. Нейрон мембраналарында бұл тежегіш нейромедиаторларды қабылдайтын рецепторлар болады. Олардың әсерлерінен хлор ионы нейрон ішіне енеді. Содан нейронның тежелуі болады.

700Сол себепті тежелудің бірінші тапшылығы мида ГАМК аз өндірілуінен немесе оны қабылдайтын рецепторлардың сезімталдығы төмен болуынан дамиды. Осыдан нейронның белсенділігі көтеріліп кетеді де, ол көптеп серпін өндіре бастайды;

нейронның белсенділігінің көтерілуі оның тежеуші әсерден шығып кетуінен дамиды. Бұндай жағдай нейронның дефферентациясы нәтижесінде болады. Нейронның белсенділігі

көтеріліп, онда қозу үрдісі тежелуден басым болуында, нейрон ішіне Са2+ иондарының көптеп енуі маңызды.

Белсенділігі көтерілген жекелеген нейрондар ОЖЖ-нің бұзылыстарына әкелмейді. Ал, өте қуатты серпіндер ағынын туындататын белсенділігі тым көтеріңкі нейрондар тобының жиынтығы ғана ОЖЖ-нің бұзылыстарына әкеле алады. Осындай

тым қуатты серпіндер ағынын туындататын, белсенділігі өте жоғары және өзара әрекеттесе алатын нейрондар топтарының жиынтығын күшейген дерттік қозу генераторы (КДҚГ) дейді

(Г.Н.Крыжановский). Ол тежелудің бірінші бұзылыстарынан (сіреспе уытының, стрихниннің, пеницилиннің т.б. әсерлерінен), қоздырғыш аминқышқылдарымен (глутамин, аспарагин т.б.) синапстардың ұзақ түрткіленуінен, мидың ишемиясы мен ишемиядан кейінгі реперфузияның әсерлерінен, нейрондардың деафферентациясынан дамиды.

Бұл генератор, ешбір сыртқы әсерсіз-ақ, өзінің белсенділігін жоғары деңгейде өз бетінше ұстап тұрады.

Күшейген дерттік қозу генераторы ОЖЖ-нің басқа құрылымдарына белсенді түрде әсер етіп, оларды дерттік серпілістерге жұмылдырып, дерттік жүйеге біріктірсе, ол дерттік анықтаушы (детерминанта) делінеді.

Дерттік детерминанта - дерттік жүйені қалыптастыратын, анықтайтын және басқаратын негізгі эндогендік құбылыс. Сондықтан осы дерттік анықтағыштың белсенділігін дәрідәрмектердің жәрдемімен төмендету немесе оны хирургиялық әдіспен жою арқылы ОЖЖ бұзылыстарын емдеуге болады. Мәселен, мидың сыртқы қыртысындағы белсенділігі көтерілген нейрон ошағын хирургиялық әдіспен алып тастау арқылы қояншық ауруын емдеуге қол жеткізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]