Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

 

Май

қышқылдарының

гидроасқын

тотықтары

жасуша

 

ядроларындағы гендік құралдардың бұзылуына, ДНК-, РНК-,

 

нәруыз түзілуі азаюына әкеледі. Осыдан тіс ұяшықтарында

 

остеобластардың,

периодонт,

қызыл

иек

 

тіндері

 

жасушаларының өсіп-өнуі тежеледі, олардың кері сорылуы,

 

атрофиясы дамиды да, тістердің түбірі ашылады, олардың

 

жақтарда бекуі әлсірейді.

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен бірге, пародонт жасушаларының бүліністері

 

нәтижесінде жасуша ішіндегі нәруыздардың қанға түсуінен

601

және

иммундық

жүйемен

түйісуінен

оларға

аутоантиденелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

мен

сезімталдығы

көтерілген

Т-лимфоциттер

өндірілуі

 

мүмкін. Осыдан баяу дамитын жоғары сезімталдық дамып,

 

аутоиммундық үрдістерге әкелуі ықтимал.

 

 

 

 

 

Пародонтит

дамуында

жан

 

жарақаттары

мен

 

күйзелістерінің және басқа стрестік ауыртпалықтардың

 

маңызына жиі назар аударады. Олардың әсер ету жолдары да

 

осы май қышқылдарының асқын тотығуымен және фосфолипаза,

 

протеаза ферменттерінің артық әсерленулеріне байланысты

 

дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұтудың бұзылыстары.

 

 

 

 

Жұту - күрделі рефлекстік әрекет. Ол тамақ пен судың

 

ауыз қуысынан асқазанға түсуін қамтамасыз етеді.

 

 

Жұтудың бұзылыстары (дисфагия-делінеді)туа және жүре

 

пайда

болған

қатты

немесе жұмсақ

таңдайдың

ақауларында

 

(қоян-жырық, тесік таңдай), бөбешіктің және көмекей

 

бездерінің қабынуларында (баспа, тамақ тіндерінің іріңдеуі

 

кездерінде) байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен бірге, құтырма, қояншық, сіреспе аурулары

 

кездеріндегі тамақ еттерінің қатты жиырылуы (спазмдары),

 

тілдің қабынуы, жұтынуды бұзады. Ол миастения ауруы

 

кезінде жұтынуға қатысатын бұлшықеттердің әлсіздігінен де,

 

ауыз қуысы құрғақтануынан (ксеростомиядан) да дамиды.

 

Жұтудың бұзылыстары адам тіршілігі үшін өте қауіпті.

 

Өйткені: жұтыну кезінде сілекей немесе тағам бөлшектері

 

тыныс алу жолдарына түсіп, өкпеде қабыну, тіпті некроз

 

дамуларына әкеледі.Ондай өкпе қабынуын аспирациялық

 

пневмония дейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл бөлшектер тыныс жолдарын жыбырлатып, қатты жөтел

 

дамуына, дем алудың қиындауына, тіпті кейде адамның

 

тұншығып қалуына, әкелуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өңештің бұзылыстары.

 

 

 

 

Ауызда шайналып, ұнтақталған, сілекеймен өңделген

 

тағамдық заттар жұтудың нәтижесінде өңеш арқылы асқазанға

 

өткізіледі. Өңештің толқи жиырылу қабілеті болады. Ол

 

тамақты жұтқаннан кейін бірден басталып, тағамды өңештің

 

үстіңгі

қыспағынан

өткізеді.

Толқи

жиырылудың

орташа

жылдамдығы шамамен 2-4 см/сек. болады. Оның бастапқы түрткісі болып, бастапқы жұтыну есептеледі. Бірақ, тамақ өңештен толық өтпей жатып, тез арада қайталап жұтыну оның толқи жиырылуын бәсеңсітеді. Артынан түскен тағаммен өңештің саңылауының керілуі оның қимылдық әрекеттерін күшейтеді. Өңештің қимылдық әрекеттері кезбе жүйкесімен реттелінеді.Сонымен қатар оның қабырғасының ішінде тегіс салалы ет талшықтары толқи жиырылуына әкелетін дербес жүйке өрімдері болады. Бұл өрімдерде әрі қоздырғыш, әрі

602тежегіш нейрондар бар. Қоздырғыш нейрондар холинергиялық М2-рецепторлар арқылы ұзына бойлық және жүзік тәрізді ет қабаттарын жиырады. Тежегіш нейрондар негізінен жүзік тәрізді ет қабатында орналасады және олардың жиырылуын тежейді. Ол нейрондардың тежегіш әсерін қан тамырларына белсенді әсер ететін ішектік пептид және азот оксиді күшейтеді. Бұл екі нейрондарда өңештің денесі мен оның төменгі қыспағын жүйкелендіреді. Өңештің төменгі қыспағы асқазан қышқылы мен өңештің саңылауындағы сілтілік реакция арасында негізгі тосқауыл болып саналады. Ол асқазаннан тағамның өңешке кері лықсуынан (рефлюкстен) сақтандырады. Оның өткінші босаңсуынан асқазанның қышқыл өнімдері өңешке өтіп, өңеш қабынуына әкеледі.

Өңештің қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары ахалазия (босаңсымау), өңештің тұтасып жиырылып қалуы және склеродермия кездерінде байқалады.

Ахалазия өңештің тегіс салалы ет талшықтарының және

төменгі қыспақтың тежегіш нейрондарымен реттелуі жоғалуымен сипатталады. Содан өңештің толқи жиырылуы болмауы, оның төменгі қыспағының толық босаңсымауымен қабаттасады. Дерттің бастапқы сатыларында жұтқан тағам өңештің ортаңғы және төменгі бөліктерінде тұрып қалады. Қатты тағамды жұту үшін артынан сұйық ішуге мәжбүрлік пайда болады.

Өңештің тұтасып жиырылып қалуы оның денесінің жиырылып қалуымен көрінеді. Оның дамуында да тегіс салалы ет талшықтарының тежегіш нейрондармен реттелуі жоғалуы маңызды орын алады. Бірақ бұл кезде өңештің төменгі қыспағының қызметі қалыпты жағдайда сақталады. Осыдан кеуде қуысында қатты ауыру сезімі пайда болады. Бұл ауыру сезімі жүрек қыспасы кездеріндегі ауыру сезіміне ұқсас болады. Содан бұл дертті жүректің ишемиялық ауруымен, миокард инфарктымен жиі шатастырады.

Склеродермия коллагеноздарға жатады. Бұл ауру кезінде терінің және ішкі ағзалардың бүліністері байқалады.

Солардың ішінде асқорыту жолдарында өңеш

жиі бүлінеді.

Оның тегіс салалы ет қабаты және төменгі

қыспағы дәнекер

тіндерінен тұратын талшықтарға ауысып кетеді. Содан өңештің толқи жиырылу қабілеті біртіндеп жоғалады, төменгі қыспағында қысым төмендейді. Осыдан жұтыну бұзылады, асқазаннан қышқыл өнімдер өңешке кері лықсиды, үдемелі эзофагит дамиды. Кейде өңештің тарылуы болып, оның шырышты қабығы жасушаларының ішектер мен асқазан жасушаларына қарай метаплазиясы болады. Оны Барретт өңеші дейді.Бұл кезде тіпті өңештің аденокарциномасы дамуы ықтимал.

Солармен қатар, өңештің тарылуы:

603● оның күйіп қалуынан (сірке қышқылымен т.б.);

эпителий жасушаларында өспе дамуынан (қылтамақ);

өңеш сыртынан (көкірек орталығында орналасқан өспемен немесе қолқаның керіліп кетуімен) қысылып қалуынан

-байқалады.

Өңешпен тағам өтуінің бұзылыстары оның қабырғасының кейбір жерлерінің сыртына бұртиып керіліп кетуі (дивертикуласы) кезінде де болады. Бұл бүйірқалтасында тағам тұрып қалып, іріп-шіруі ықтимал. Оның қабырғасы ары қарай керіліп, жұқарып, жыртылып кетуі мүмкін. Осыдан көкірек орталығына қан құйылу, микробтар өтіп, ауыр іріңді қабынулар даму мүмкіншіліктері пайда болады.

Өңештің төменгі қыспағы міндеттемелерінің бұзылыстары.

Өңештің төменгі қыспағы міндеттемелерінің бұзылыстары негізінен гастроэзофагалдық рефлюкс түрінде көрінеді. Бұл қыспақта қысым төмендеуінен іш қуысындағы қысым одан артып кетеді. Осыдан өңешке асқазаннан қышқыл өнімдер кері қайтып түсуінен эзофагит дамиды, онда жалақ және ойық жаралар пайда болып, артынан өңештің тарылуы ықтимал. Бұл кезде жүрек қыжылы және кекіру, жұтыну кезінде қолайсыз сезім пайда болады.

Асқазанда асқорытылуының бұзылыстары

Асқазанда асқорытылуының бұзылыстары оның әдеттегі

сөлденістік

(сөл

шығару),

қимылдық,

сіңірімділік,

шығарымдық қызметтері бұзылғанда байқалады.

 

Сөл шығару қызметінің бұзылыстары.

Асқазанда

қабылданған тағам

химиялық

өңдеуден өтеді.

Ол үшін асқазанның

шырышты қабығы сөл өндіріп шығарады.

Оны сөлденістік немесе секрециялық қызметі дейді. Қарын сөлінің құрамында тұз қышқылы, нәруыздарды ыдырататын протеолиздік ферменттер, ішкі антианемиялық (Кастл) факторы, фосфаттар, сульфаттар, хлоридтер, калий, натрий,

кальций, шырыш және су болады.

 

 

Асқазан

сөлі

оның

шырышты

қабығындағы

бездік

жасушалармен өндіріледі. Оларды гландулоциттер дейді.

Негізгі

бездік жасушалар пепсиноген мен химозин өндіреді.

Іргелік

гландулоциттерде

тұз

қышқылы

мен

ішкі

 

антианемиялық фактор өндіріледі. Мукоциттер шырыш өндіріп

 

шығарады. Шырышта гидрокарбонат анионы (НСО3

)көп

 

болғандықтан оның реакциясы сілтілік болады. Сондықтан

 

шырыш эпителий жасушаларына тұз қышқылы өтіп кетуінен

 

сақтандырып, тосқауылдық қызмет атқарады. (–сурет).

 

 

Нәруыздарды ыдырататын

протеолиздік ферменттер

әсер

 

ету үшін ортаның қышқыл реакциясы болуы қажет. Мәселен,

 

пепсин әсер ету үшін қажетті рН 1,5-2,0 болса, гастриксин

 

үшін рН 3,2-3,5 оңтайлы, химозин үшін

рН 5,0-7,0

604

мөлшерінде болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асқазан

сөлінің

өндіріліп

шығарылуы

жүйкелік

 

қабылдағыштардың қозуымен және ас қорыту жолдарының

 

гормондарымен реттелінеді (-сурет).

 

 

 

 

Қарын сөлінің өндіріліп шығарылуы жүйкелік және

 

гормондық

жолдармен

реттелінетін

болғандықтан

оның

 

сөлденістік қызметінің өзгерістері де солармен байланысты

 

болады.

Мәселен,

кезбе

жүйке

қозғанда

асқазанның

 

гландулоциттерінің белсенділігі артады, тұз қышқылы артық

 

өндіріледі (-сурет). Симпатикалық жүйке қозғанда қарынның

 

пилорустық бөлігі көп шырышы бар, сілтілік сөл шығарады.

 

Гуморалдық

реттеуге

қарынның

және

ішектердің

 

пептидтері мен гормондық заттары қатысады. Сондықтан олар

 

қарындық және ішектік болады. Асқазанның сөлденістік

 

қызметін күшейтетін қарындық факгорға гастрин жатады. Ол

 

17 амин қышқылдарынан тұратын полипептид, қарынның алдыңғы

 

бөлігінің шырышты қабығы G-жасушаларында өндіріледі. Оның

 

өндірілуінде

асқазандағы

механорецепторлар

мен

 

хеморецепторларды қоздыратын тағамдық заттар мен амин

 

қышқылдары маңызды орын алады.

 

 

 

605

- сурет. Асқазанның шырышты тосқауылы мен қантамырлар өрімі

(Joseph M. Henderson, M. D. бойынша).

Ішкі жүйкеден гастринді босататын пептид (гастринрилизинг пептид) G-жасушаларына әсер етіп, гастрин өндіріледі. D-жасушаларында өндірілетін соматостатинде гастрин өндірілуін сергітеді (-сурет). Гастрин қанға түсіп, немесе тікелей асқазанның іргелік жасушаларының арнайы рецепторларына әсер етіп, Са2+-тәуелді протеинкиназа С-ді әсерлендіреді Содан Бұл жасушалардың мембранасында Н++АТФаза ферментінің белсенділігі артады да, жасушалардың ішіне калий иондарын енгізіп, сутегі иондарын олардың сыртына шығарады. Осындай жолмен кезбе жүйке қозғанда оның медиаторы ацетилхолинде әсер етеді (- сурет). Сонымен бірге, ол D-жасушаларын тежеп, соматостатин өндірілуін азайтады. Қарынның шырышты қабығының Р-жасушалары бомбезин (адамда бомбезин тәрізді полипептид) өндіреді. Бұл пептид те гастриннің өндірілуін күшейтеді.

Асқазан қуысында қышқылдық көбейгенде немесе онда Н+- иондары артқанда гастрин өндірілуі тежеледі (-сурет). Осылай асқазанның секрециялық қызметі жергілікті өзін-өзі реттеу жолдарымен де реттелінеді.

 

Асқазанда

тұз

қышқылы

өндірілуін

гистамин

де

 

арттырады. Ол Н2-рецепторлар арқылы жасуша ішінде цАМФ

 

түзілуін арттырып, әсер етеді.

 

 

 

 

 

Асқазанның секрециялық қызметін реттеуге қатысатын

 

ішектік факторларға холецистокинин, қарынның секрециясын

 

бәсеңсітетін полипептид (ҚБП), секретин, қан тамырларына

 

белсенді

әсер

 

ететін

ішектік

полипептид

жатады.

 

Холецистокинин ашішектің шырышты қабығында түзіледі. Ол

 

химиялық құрылымы бойынша гастринге үқсас болады және

606

қарынның сөлденістк қызметін сергітеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарынның сөл өндіріп шығаруын

бәсеңсітетін полипептид

 

(ҚБП) ұлтабардың шырышты қабығында өндіріледі. Ол тұз

 

қышқылы өндірілуін және қарынның қимылдық әрекеттерін

 

тежейді. Оның өндірілуі ашішекке түскен глюкоза мен

 

үшглицеридтердің әсерінен болады.

 

 

 

 

 

Секретин,

калликреин,

гастрон,

урогастрон,

 

вазобелсенді ішектік полипептид қарынның сөл бөлуін

 

әлсіретеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыпты жағдайда қарын тәулігіне 2 литр шамасында сөл

 

шығарады. Қарынның сөл шығару қабілетін аш қарынға және

 

гистамин,

пентагастрин

егіп

 

немесе асқазанға жылы 300 мл

 

су (шай) енгізіп, белгілі функциялық жүктеме бергеннен

 

кейін зерттейді. Аш қарында асқазан сағатына 30-дан 150 мл

 

(орта есеппен 60±25 мл) сөл шығарады. Онда тұз қышқылының

 

жалпы мөлшері 45±15 мМ/л,

дебиті -3±2,5 мМ/сағатына

 

болады.

Жүктемеден кейін

сөлдің

жалпы мөлшері

200±55

 

мл/сағ., тұз

қыщқылы

100±15 мМ/л, оның

дебиті

20±4

 

мл/сағ.-дейін көбейеді.

 

 

 

 

 

 

 

Асқазанның көп

сөл

бөлуін

гиперсекреция,

аз сөл

бөлуін

гипосекреция деп атайды. Сөл бөлуінің өзгерістері оның қышқылдығы мен ферменттік белсенділігінің өзгерістерімен қабаттасады. Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылауын гиперацидтік жағдай немесе гиперхлоргидрия дейді.

Гиперсекреция кезінде аш қарынға бөлінетін асқазан сөлінің жалпы мөлшері 100 мл/сағ. Тұз қышқылының жалпы мөлшері 60 мМ/л, дебиті 6 мМ/сағ. мөлшерінде болады. Жүктемеден кейін сөлдің жалпы мөлшері 250 мл/сағ, тұз қышқылы 110 мМ/л және оның дебиті 28 мМ/сағ-тан асады.

Гипосекреция кезінде аш қарынға сағатына 40 мл-ден аз сөл бөлінеді. Онда қышқылдықтың азаюын гипоацидтік жағдай немесе гипохлоргидрия, бос түз қышқылының толық болмауын анацидтік жағдай немесе ахлоргидрия деп атайды.

Гипохлоргидрия кезінде аш қарынға асқазан сөлінде тұз қышқылының жалпы мөлшері 12,5 мМ/л, дебиті 0,5 мМ/сағ-тан аспайды. Жүктемеден кейін сөлдің жалпы мөлшері 80 мл/сағ. тұз қышқылы 50 мМ/л, оның дебиті 4 мМ/сағ-тан аз болады.

607

- сурет. Асқазанда тұз қышқылы өндірілу жолдары (Joseph M. Henderson, M. D. бойынша).

Гиперсекреция мен гиперхлоргидрия кездеріндегі асқазандағы ас қорытылудың өзгерістері.

Гиперсекреция мен гиперхлоргидрия кездерінде асқазан сөлінің артық қышқылдығы белгілі мөлшерде теңгеріліп тұрады. Ол үшін асқазанның мукоциттері сілтілік реакциясы бар шырыш өндіреді. Шырыш асқазан қуысынан қышқылдың эпителий жасушаларға өтіп кетуінен сақтандыратын тосқауылдық қызмет атқарады және ондағы гидрокарбонат аниондерымен тұз қышқылын бейтараптайды. Сонымен бірге тұз қышқылының артықтығы гастриннің өндірілуін тежеп, өзін-өзі азайтады.

Сөлдің қышқылдығы артуы асқазанның шырышты қабығындағы лаброциттерді түйіршіксіздендіріп, асқазан сөлінде гистаминнің көбеюіне әкеледі. Гистамин қан тамырларының өткізгіштігін көтеріп, қанның сұйық бөлшегін және қан нәруыздарын тамыр сыртына шығарады. Осыдан тамырдан шыққан сүйық қышқылды сұйылтып, қан нәруыздары өздерінің буферлік қасиетімен сутегі иондарын бейтараптайды.

Осы көрсетілген теңгеру тетіктері жеткіліксіз болса немесе асқазан сөлінің қышқылдығы тым көп болса, соңғысы тұрақтанып қалады да, сөлдің ферменттік қасиеті қатты көтеріліп кетеді. Бұл кезде ұлтабарға асқазаннан түскен тамақ қойыртпасы тым қышқыл болғандықтан онда оны бейтараптауға ұзақ уақыт қажет болады. Сондықтан қарынның пилорустық қыспағы ұзақ мерзім жабық тұрады. Осыдан

асқазанда тағам тұрып қалады да, оның ашып кетуі байқалады. Асқазанның қышқыл өнімдері өңешке өтіп, төс астында қыжыл сезіміне, кекіру кейде құсуга әкеледі. Өңештің шырышты қабығы қышқыл өнімдермен жиі түйісуден оның қабынуы (эзофагит) дамып, онда жалақ жара (эрозия) артынан ойық жаралар дамиды.

Гипосекреция мен гипохлоргидрия және ахлоргидрия кездеріндегі асқазандағы ас қорытылудың бұзылыстары.

Ахлоргидрия қарынның без жасушаларының үлкен

608құрылымдық өзгерістерінде дамиды. Асқазанның шырышты қабығындағы іргелік жасушалар өздерінің қызметтерін жоғалтады. Асқазанда негізінен сілтілік қасиеті бар шырыш басым болады. Бос тұз қышқылы жоқ асқазанның гипосекрециясы кезінде ас қорытылудың қатты бұзылыстары байқалады. Бұл кезде пепсиннің белсенділігі төмен

болғандықтан нәруыздардың ыдыратылуы болмайды. Тұз қышқылының аз өндірілуі асқазан жасушаларымен гастриннің

өндірілмеуінен

болғандықтан

асқазанның

жүрек

жақ

(кардиалдық)

қыспағы жабылмай, ұдайы

ашық тұрады.

Сондықтан асқазандағы тағамдық бөлшектер өңешке шығарылып, гастроэзофагиялық рефлюкс дамиды, жүрек қыжылы, кекіру пайда болады.

Асқазан сөлінде тұз қышқылы болмағандықтан онда бактериялардың өсіп-өнуі көбейіп кетеді. Осыдан тағамдық заттардың іріп-шіруі ұлғаяды. Содан науқас адамның аузынан жағымсыз иіс шығады.

Ұлтабарға қышқыл тағамдық заттар түспегендіктен қарынның пилорустық қыспағы ұдайы ашық түрады. Сондықтан тағам асқазанда ұсталмай, тез ұлтабарға ауысады.. Ұлтабарға тағам көптеп түсуден, ол ұлтабардың және ұйқыбездің ферменттерімен жөндеп өңделмейді. Ұлтабарға тұз қышқылы түспегендіктен онда секретиннің өндірілуі болмайды. Сол себептен үйқы безінің сөлі аз бөлінеді, тағамдық заттар толығынан ыдыратылмай, ашішекке түсіп, оның қимылдық әрекеттерін күшейтеді. Осыдан қатты іш өтулер байқалады, витаминдердің жеткіліксіздігі, дененің сусыздануы, зат алмасуларының бұзылыстары, қан жүйесінде өзгерістер т.с.с. құбылыстар пайда болады.

Ахлоргидрия асқазанның іргелік жасушаларында тұз қышқылымен бірге ішкі антианемиялық фактор өндірілмейді. Сондықтан В12-витамин және фолий қышқылы тапшылықты анемия дамиды. Асқазан сөлінде тұз қышқылы болмауы темір иондарының сіңірілуін бұзып, теміртапшылықты анемия дамытады. Ахлоргидрия жиі ахилиямен қабаттасады. Ахилия деп асқорыту сөлдерінде ферменттердің болмауын айтады. Ахилия атрофиялық гастриттің соңғы сатысында, асқазан

 

обырында байқалады. Сонымен бірге, дененің уыттанулары

 

кездерінде, бауыр және эндокриндік бездердің ауруларында

 

салдарлық ахилия дамуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары.

 

Асқазанның бұл әрекеттерінің бұзылыстары оның толқи

 

жиырылуының (перистәлтикасының грек. peristaltikos - қуыс

 

ағзалардағы

жүзік

тәрізді

 

тегіс

еттерінің

тағам

 

қойыртпасын жан-жағынан қоршап, кейінгі бөліктеріне

 

ығыстыра жиырылуы) бұзылуымен, құсумен көрінеді.

 

609

Перистәлтиканың күшеюі (гиперкинез)

асқазанның

еттік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қабатына парасимпатикалық кезбе жүйке талшықтарымен

 

серпіндердің

түсуі

 

көбеюінен

болады.

Симпатикалық

 

жүйкелердің

қозуында,

катехоламиндердің

әсерлерінен

 

асқазанның қимылдық әрекеттері әлсірейді.

 

 

 

Сонымен бірге, асқазанның бұл әрекеттері гормондық

 

заттармен де реттелінеді. Мәселен, ашішектің жасушаларымен

 

өндірілетін, 22 аминқышқылдарынан тұратын, полипептид

 

мотилин

асқазанның

қимылдық

әрекеттерін

сергітеді.

 

Ұлтабардың

ішінде

ортаның

реакциясы

сілтілік

жақта

 

болғанда мотилиннің өндірілуі көбейеді де, асқазанның

 

перистөлтикасы

артып, оның ішіндегі тамақ ұлтабарға

 

түседі. Осыдан асқазаннан қьшіқылдық өнімдер түсуіне

 

байланысты ұлтабарда ортаның реакциясы (рН) төмендеуі

 

мотилиннің түзілуі азаюына әкеледі де, қарынның қимылын

 

азайтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асқазанның қимылдық белсенділігін қарын қызметтерін

 

бәсеңсітетін және вазобелсенді ішекгік полипептидтер,

 

секретин тежейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Перистәлтиканың көбеюі гастрит, асқазанның ойық жара

 

ауруы кездерінде байқалады. Бұл кездерде ет талшықтарының

 

кейбір топтарының қатты жиырылулары нәтижесінде асқазанда

 

ауыру сезімі пайда болады.

 

 

 

 

 

 

Әдетте асқазанның қимылдық әрекеті күшейгенде асқазан

 

сөлінің қышқылдығы да ұлғаяды. Бұл кезде қышқыл тағам

 

қарыннан ұлтабарға түсуіне байланысты пилорустың қыспағы

 

ұзақ уақыт жабық болады және асқазаннан тағамның ұлтабарға

 

ауысуы баяулайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Асқазаннын

қимылдық әрекеттерінің азаюы (гипокинез)

 

жиі гастрит кезінде, іш қуысы ағзаларының қалыпты

 

орындарынан төмен ығысуларында (гастроптоз, спланхноптоз),

 

қатты арып-жүдегенде және дененің жалпы әлсіздігінде

 

кездеседі. Сонымен бірге тым майлы немесе дәмі нашар тамақ

 

ішу, қорқыныш

сезімі,

ауыр

жан күйзелістері, жағымсыз

көңіл-күйлерде асқазанның қимылдық әрекеттерін азайтады. Өңеш пен асқазан арасындағы қыспақ (сфинктер грек.

sphinkter – қыспақ) әлсірегенде асқазанның ішіндегі қышқыл

заттар өңешке қайтып, төс астында жүрек қыжылы сезіміне әкеледі.

Пилороспазм (пилорус қыспағының қатты жиырылып қалуы) кезінде асқазаннан тамақтың ұлтабарға ауысуы бұзылуына әкелетін қарынның ауыр қимылдық бұзылыстары байқалады. Бұндай жағдай асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, кейбір гастриттердің, пилородуодениттің, асқазан полипозы т.б. іш қуысы ағзаларының дерттері кездерінде болады. Бұл кездерде асқазанның толқи жиырылуларының икемделістік

610күшеюі оның еттік қабатының гипертрофиясын туындатады. Артынан пилораспазмның нәтижесінде асқазанның ұлтабарға ауысатын жерінде гипертрофиялық тарылу (стеноз) байқалады.

Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы.

Бұл ауру асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында баяу дамитын ақаулардың пайда болуымен сипатталады.

Ол көптеген асқынуларға әкелуі мүмкін. Солардың ішінде:

ойық жараның жиі қанауы;

көрші ағзаларға жарып өтуі (пенетрациясы);

тесіліп кетуі (перфорациясы);

обыр өспесіне айналуы организм үшін өте қауіпті. Сонымен бірге, асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы

жиі анемия дамуына әкеледі.

Ұлтабардың ойық жара ауруы асқазанның ойық жарасынан үш есе жиі кездеседі және 35 жасқа дейінгі жастарда байқалады

Этиологиясы. Асқазан мен ұлтабарда ойық жара пайда болуында тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің маңызы бар. Ұлтабардың ойық жарасы «О» қан тобы бар адамдарда, асқазанның ойық жарасы «А» қан тобы бар адамдарда жиірек кездеседі.

Бүгінгі күні асқазанның, әсіресе ұлтабардың, ойық жара ауруы пайда болуында Не ІісоЬасter pylori аталған микробқа маңызды орын беріледі. Ол ұлтабардыи ойық жарасынан 95100% жағдайда, асқазанның ойық жарасынан 70% жағдайда табылады.

Сонымен қатар, бұл ауру пайда болуында әртүрлі жиі қайталанатын ауыртпалықтардың (стрестік жағдайлардың, жандүниелік күйзелістерінің, жағымсыз көңіл-күйлердің) маңызы бар. Мәселен, тәжірибелік жануарларды қатты тартып тақтайға байлап тастағанда (иммобилизациялық стресс), электр ағымымен ауыртып соққанда т.с.с. стрестік жағдайлармен әсер еткенде асказанда жара дамитыны белгілі.

Патогенезі. Бұл аурудың патогенезінде асқазан мен ұлтабарға әсер ететін бүліндіргіш және қорғаныстық ықпалдардың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы маңызды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]