Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kura_dnevnik.docx
Скачиваний:
93
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
62.91 Кб
Скачать

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

Модуль «Фармацевт-менеджер»

3 курс студенті Бекназарова Құралайдың

«Жалпы фармацевтикалық тәжірибе» оқу - кәсіптік практикадан

КҮНДЕЛІГІ

Алматы, 2013

Практиканы өту базасы: жеке кәсіпкер «Ғ.Қ.Адибаева» дәріханасы

Статусы : Дәріхана

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 166

Практиканы өту базасындағы жекекші: Ғ.Қ.Адибаева

Оқу базасындағы практикаға жетекші: Модуль оқытушысы Наурызалиева Ж.Т.

Практиканы өту мерзімі: 13.05.13 – 27.05.13

13 мамыр 2013 ж

Базаның сипаттамасы:

Дәріхана ұйымының құрылтайшысы - жеке кәсіпкер Адибаева Ғ.Қ.

Түркісіб ауданының салық комитетінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, тіркеу куәлігі - серия АА № 005844, берілген күні 19.10.2001ж. Жарамдылық мерзімі-шектеусіз.

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы Заңына» сәйкес дәріхана фармацевтикалық қызметті ҚР Денсаулық сақтау бойынша агенттігінен 2001 жылдың 11 тамызында берілген №РР64600902Р Мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады.

Лицензия бойынша фармацевтикалық қызмет түрі: Дәрілік заттарды дәріхана арқылы бөлшек саудада сату.

Лицензияның жарамдылық мерзімі: шектеусіз

Дәріхана тұрғын үй ғимаратына кіретін, 1- ші қабаттағы пәтерде орналасқан. Пәтер дәріханаға арналып қайта жабдықталған.

Дәріхананың жалпы ауданы -32,7м.кв.

Бөлмелері «Санитарлық талаптар мен нормаларға» сәйкес:

  • сату залы- 18,7 м.кв., ол өз кезегінде 10,7 м.кв.-фармацевтің жұмыс орны және келушілерге арналған 7 м.кв.аймаққа бөлінген;

  • персоналдарға арналған бөлме – 4,8 ш.м;

  • материалдық – 1,8 ш.м;

  • материалдық – 3 ш.м;

  • тазалық бөлмесі – 2,6ш.м.

  1. Дәріхана ҚР Үкіметінің 17.01.2012 жылғы № 91 «Санитарлық Ережелерді бекіту туралы «Дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымындағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға» сай жабдықталған:

  • кассалық аппарат «АМС» 100 – 1 дана;

  • витриналар – 1 комплект;

  • материалдық шкафтар – 7 дана;

  • тоңазытқыштар – 2 дана;

  • стол - 2 дана;

  • орындықтар – 6 дана.

Дәріхана қызметкерлері арнайы санитарлық киімдермен-халаттармен қамтамасыз етілген.

Дәріхананың штаты:

  • дәріхана меңгерушісі – провизор – 1 бірлік;

  • фармацевттер –3 бірлік;

  • санитарка – 1 бірлік.

  • Сыпырушы – 1 бірлік

Барлығы: 6 бірлік

  1. Дәріхана ұйымдарының категориясын анықтаушы құжатпен таныстым. ҚР Үкіметінің 26.01.2005 жылғы «Дәріхана, дәріханалық қойманың құралымы мен категориясын анықтау ережелері туралы» № 65 қаулысымен дәріхана ұйымдарының категориялары бекітілген, бұл құжатқа сәйкес аталмыш дәріхана 3 категорияға жатады.

1-категория- өмірлік қажетті дәрілік заттардың 100% және есірті, улы, психотроптық заттарды сатумен айналысатын;

2-категория - өмірлік қажетті дәрілік заттардың 70% және есірті, улы, психотроптық заттарды сатумен айналысатын;

3-категория – лицензиялау кезіндегі талаптарға сәйкес қалған дәріханалар жатады.

Аталмыш дәріхана 3-ші категориялы дәріханаға жатады. Дәріханаға 1 дәріхана пункті мекен-жайы: Алматы қ-сы, Жансүгіров көшесі, 589 және 1 дәріхана бекітілген, мекен-жайы: Алматы қ-сы, Калкаман 2, ул.Макатаева,50 в здании магазина МАРА.

  1. ҚР Үкіметінің 5.12.2011 жылғы № 1460 рецептпен немесе рецептсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімін бекіту Ережесімен таныстым.

  2. Дәріхана тауар алатын жабдықтаушылардың прайс-парақтарымен таныстым.

14-16 мамыр 2013 ж

  1. Дәрілік заттарға рецептерді жазып беру тәртібімен таныстым, ҚР ДСМ-нің 16.11.2011жылғы № 1693 Дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканың бөлшек және көтерме саудасын жүзеге асыру туралы Ереже.

Дәріхана есірткі, улы, психотропты дәрілік заттарды сатумен айналыспағандықтан, рецепттер түспейді. 8-оксихинолин туындыларына, стероидты гармондарға, анаболикалық стероидтарға рецепттер дәріханада қалдырылады, сақтау мерзімі – 3 ай, содан кейін рецепттер комиссия арқылы жойылады. Комиссия құрамына дәріхана қызметкерлері кіреді.

Дәрілік заттарды босатумен айналысатын фармацевттің жұмыс орнында дәрілік заттарға жазылған рецептер қабылдадым, олардың жарамдылық мерзімін тексердім.

Жай дәрілік заттарға жазылған рецепттердің жарамдылық мерзімі – 3 ай. Рецепттер ҚР барлық аумағында жарамды.

Осы бұйрыққа сәйкес дәріханада «Қате жазылған рецептерді тіркеу журналы» жүргізіледі.

Сату залында көрнекті жерде келушілерге арналған ақпарат бар:

  1. Фармацевтикалық қызметпен айналысуға берілген лицензияның көшірмесі;

  2. Хабарландырулар:

  • «Рецепт арқылы босатылатын дәрілік заттарды рецептсіз босатуға тиым салынады».

  • «Фармацевтикалық субъектілерге жеке және заңды тұлғалардан бұрын сатылып алынған дәрілік заттарды қайта қабылдауға тиым салынады».

  • «Балаларға дәрілік заттар босатылмайды».

  • Фармацевтикалық бақылау басқармасының телефондары мен мекен-жайы.

  • Ақшаңызды кассадан алыстамай тексеріңіз.

Дәріхана келесі көтерме саудамен айналысатын фармацевтикалық фирмалармен (жабдықтаушылармен )келісім – шартқа отырған:

  1. Медикус Центр ЖШС

  2. ЖШС ФК Ромат

  3. Планета 03 ЖШС

  4. СК-Фармация ЖШС

  5. Садыхан Премиум ЖШС

  6. Арай фарм ЖШС

  7. Рауза АДЕ ЖШС

Тауар-бағалы заттарды қабылдау ережелерімен таныстым, тауарларды қабылдауға көмектестім, шот-фактурадағы сатып алу бағасына үстеме қосып, бөлшек баға түзумен айналыстым. Дәріхана дәрілік заттарға сату бағасын сатып алу бағасына 20-30% үстеме қосу арқылы белгілейді. Шот-фактураның жалпы сомасын есептедім. Бағасы бекітіліп, сомасын тексерген соң түскен тауарларды тіркеу журналына есепке алдым.

Қабылдау кезіндегі бақылау жүргіздім: Түскен тауарды саны, сапасы бойынша қабылдап алдым.

Дәріхананың орташа тауар үстемесі екі көрсеткіште-сомада және деңгейі боынша есептеледі, ай сайын тауар үстемесінің деңгейі шығарылып отырылады. Тауар-бағалы заттардың кітап қалдығы күнделікті есептеп шығарылып отырылады.

Бұл құжаттың формасы: Кесте1:

Күні

Күннің басына тауар қалдығы, сату бағасында, теңге

(Қб)

Түскен тауарлар, фирманың атауы

(Т)

Дәріхананың тәуліктік тауарайналымы, бөлшек бағада, басқа да шығындар, теңге

(Ш)

Күннің соңындағы тауарлар қалдығы, сату бағасында, теңге

(Қс)

сатып алу бағасында

сату бағасында

Дәріханаға түскен дәрілік заттар қабылдау бақылауынан өтеді. Бақылау кезінде тауарлар саны мен сапасы бойынша қабылданады. Шот-фактурада тауардың атауы, дозасы, дәрілік түрі, саны, бағасы, сомасы көрсетіледі. Шот-фактураға қосымша қосымша құн салығының фактурасы, қолма-қол есеп айырысу квитанциясы және әр тауарға сертификат беріледі. Тауарларды қабылдағанда сериясының сәйкестігін тексердім. Практика өткен мерзім аралығында түскен тауарлардың тізімі күнделікте қоса беріліп отыр

Қабылданған тауар бағалы заттарға «Қабылдау штампы» толтырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]