Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kura_dnevnik.docx
Скачиваний:
93
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
62.91 Кб
Скачать

Қабылдау штампы

Қабылдау күні 17.05.2013ж.

Ұйымның атауы Ж/К «Адибаева Г.Қ.».

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 166

Бағасы тексерілді: Тиметова Гулбану _________________________________

(қолы)

ТБЗ саны мен сапасы бойынша «___»_____________2013 жылғы №_________ шот-фактура бойынша _______________ сомаға қабылданды.

№_________Шот-фактура бойынша тауар толық қабылданды.

Қабылдады: Сатова Баян _______________________________________

(материалды жауапкер адамның аты-жөні және қолы)

  • Тауарларды босатқанда фирмалар шот-фактураға тауар-транспорттық накладной, ілеспе парақ қоса береді. Мұнда тауарлар қабылдау орын саны бойынша, немесе салмағы бойынша көрсетіледі.

  • Егер тауар-бағалы заттарды қабылдау кезінде кемшіліктер анықталса, онда «Тауарды қабылдау кезінде анықталған ауытқулар жөніндегі АКТ» құрастырылады.

  • Шот-фактурасыз түскен тауарларға «Жабдықтаушыдан шот-фактурасыз түскен медициналық тауарларды қабылдау АКТ» құрастырылады. Жабдықтаушыдан шот-фактура алдырылғанша тауарлар жеке сақталады, сатылуға рұқсат берілмейді. Мұндай фактілер дәріханада практика өткен мерзімде болған жоқ.

  • Талаптарға сай қабылданған тауар бағалы заттар ҚР Үкіметінің 23.12.2011 жылғы ДЗ, ММБ және МТ олардың қауіпсіздігін, тиімділін және сапасын қамтамасыз ете отырып сақтау және тасымалдау туралы Ережені бекіту туралы № 1595 Қаулысына сәйкес сақталынады. Тауарлар фармакологиялық топтарына, токсикологиялық топтарына, қолданылу тәсілдеріне, дәрілік қалыптарына байланысты сақталынады.

  • Салқын жерде сақтау қажет тауарлар тооңазытқышта сақталады. Тоңазытқыштағы температураны өлшеуге арналған термометрлер әр сатысына орналастырылған, температура журналда күнделікті тіркелініп отырады.

  • Жарықтан қорғалған жерде сақталуға тиісті дәрілік заттар есігі жабылатын шкафтарда, күн түспейтін жерде сақталынады.

  • Витринаны безендіру дәріханада ҚР Үкіметінің 5.12.2011 жылғы № 1460 рецептпен немесе рецептсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімін бекіту Ережесіне сәйкес ресімделеді. Витринаға тек рецептсіз сатылатын дәрілік заттар қойылады.

  • Рецептсіз осы аталған бұйрыққа сәйкес дәрілік заттар босатылуға тиіс, алайда дәрігерлер рецепт жазбайды, аурулар өз бетімен емделеді, сондықтан рецепттер аз мөлшерде түседі. Көп жағдайда олардың жазып беру тәртібі сақталмайды. Рецептер арнайы рецетік бланктерде толтырылмайды.

  • ҚР Үкіметінің 23.12.2011 жылғы ДЗ, ММБ және МТ олардың қауіпсіздігін, тиімділін және сапасын қамтамасыз ете отырып сақтау және тасымалдау туралы Ережені бекіту туралы № 1595 Қаулысына сәйкес рецептің жарамдылық мерзімі:

1) тегін және жеңілдікті шарттарда босатылған дәрілік заттарға – 3 жыл; 2) құрамы 8-оксихинолиннің туындыларынан тұратын дәрілік заттарға, улы заттарға, гормондық стероидтерге, клонидинге, анаболиялық стероидтерге – 3 ай.

  • Дәріхана тұрғындардан дәрілік шикізаттарды қабылдаумен айналыспайды.

Егер дәріхана дәрілік шикізаттарды қабылдаған жағдайда «Өсімдік

шикізаттарды тауарға айналдыру АКТ-сі» құрастырылады да, тауар ретінде айлық

есепке енгізіледі.

  • Сонымен қатар тұрғындардан қолданыста болған шыны ыдыстар қабылдаумен дәріхана айналыспайды, өйткені дәріханада РӨБ жоқ. Егер қабылданған жағдайда «Қолданыста болған шыны ыдыстарды сатып алу ВЕДОМОСТЫ» құрастырылады.

  • Барлық түскен тауарлар «Тауар топтары бойынша түскен тауарлардың шоттарын тіркеу журналына» тіркеледі.

  • Дәріхана есірткі, улы, психотроптық заттарды сатумен айналыспайды. Мұндай қызмет көрсету үшін дәріхананың фармацевтикалық лицензиясында рұқсат жоқ. Сондықтан дәріханада аталған заттардың заттық- сандық есебін жүргізетін кітап жүргізілмейді.

  • Дәріханада РӨБ болмағандықтан және дәріхана тегін, жеңілдікпен дәрілік заттарды босатумен, тұрғындарға прокатқа тауар босатумен айналыспайтындықтан рецептуралық журнал, қаттау жұмыстарын тіркеу журналы, дооценка, тегін, жеңілдікпен босатылған рецептердің реестрі, прокатқа берілген тауарларды тіркеу журналдары жүргізілмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]