Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kura_dnevnik.docx
Скачиваний:
93
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
62.91 Кб
Скачать

Дәріхана жұмысына қорытынды:

  1. Дәріхана 1997 жылдың желтоқсанынан бастап қызмет жасайды.

  2. Ашылған кездегі фармацевттер саны - 2.

  3. Ашылған кездегі тауар бағалы заттардың бөлшек бағадағы қалдығы – 618 000 теңгені құраған. Дәріхана тәулік бойы жұмыс жасайды.

  4. 2010 жылғы дәріхананың экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау барысында дәріхананың қаржы шаруашылық жағдайының жақсарып келе жатқандығын көруге болады. Кәсіпкер барлық қарыздарынан құтылған. Бюджетке барлық салық төленген.

  5. Тауар қалдығы 01.04.11 жылға 3 980 000 теңге, сату бағасында.

  6. Фармацевттер саны - 4 адам.

  7. Кәсіпкердің мамандығы провизор болғандықтан, ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жүргізіп, бәсекелесттікті жеңуге тырысады. Бұл үшін үнемі маркетингтік зерттеулер жүргізіледі: сатып алу бағасына, бәсекелестердің бағасына, тауар үстемесіне, шығынға. Сонымен қатар тұрақты клиенттерге 5%-ға дейін шегерім қолданылады.

Дәріхана жұмысына практика өткен студенттер енгізген жаңалық

  • Мерчендайзинг – бұл сату залында табысты молайту мақсатында атқарылатын іс-шаралар:

    • Витринаға тауарларды орналастыру бойынша дәріхана меңгерушісіне кеңестер берілді.

    • Жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді (сату залында витриналарды орналастыру бойынша)

Қорытынды: Практика өту барысында реферат жаздым.

Тақырып: «Этикетка. Этикеткалардың түрлері.»

С.Ж.Асфендияров атындағы

ҚаҰму-нің 3 курс студенті

Бекназарова Құралайға

Мінездеме

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармацевтика факультетінің 3-курс студенті Бекназарова Құралай 13.05.2013-27.05.2013 күндері аралығында «Жалпы фармацевтикалық тәжірибе» бойынша өндірістік тәжірибесін өтті. Оқу - кәсіптік практика өту кезінде өзін тиянақты, тәртіпті студент ретінде көрсетті. Практикаға кешікпей келді. Теориялық дайындығы жақсы, практикада алған білімін одан әрі ұштастырды. Білуге құмар, коллектив мүшелерімен тіл табысып кетті. Практика өту барысында практиканы өту программасына сәйкес тапсырмаларды орындады, ДСМ-нің келесі бұйрықтарымен таныстым:

  1. ҚР Үкіметінің 17.01.2012 жылғы № 91 «Санитарлық Ережелерді бекіту туралы «Дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымындағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»;

  2. ҚР Үкіметінің 26.01.2005 жылғы «Дәріхана, дәріханалық қойманың құралымы мен категориясын анықтау ережелері туралы» № 65 қаулысы;

  3. ҚР Үкіметінің 5.12.2011 жылғы № 1460 рецептпен немесе рецептсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімін бекіту Ережесі;

  4. ҚР ДСМ-нің 16.11.2011жылғы Дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканың бөлшек және көтерме саудасын жүзеге асыру туралы № 1693 Ереже;

  5. ҚР Үкіметінің 23.12.2011 жылғы ДЗ, ММБ және МТ олардың қауіпсіздігін, тиімділін және сапасын қамтамасыз ете отырып сақтау және тасымалдау туралы Ережені бекіту туралы № 1595 Қаулысы;

  6. ҚР Үкіметінің 19.01.2012 жылғы Дайындалған дәрілік заттарға дәріханаішілік бақылау жасау туралы № 114 Ереже;

  7. ҚР Үкіметінің 30.12.2011 жылғы Дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканы маркировкалау туралы № 1692 Ереже;

және де дәріхананың 2012 жылдағы шаруашылық-экономикалық көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасады:

  • Тауар айналымына;

  • Шығынға;

  • Жалақыға;

  • Табысқа;

  • Еңбек өнімділігіне;

  • Тауар ассортиментіне – кеңдігіне, тереңдігіне және күнделік толтырды.

Талдау нәтижелерін кестеге орналастыра білді. Дәріханада жүргізілетін құжаттармен танысты.

Науқастарға дәрілік заттарды фармацевттің қадағалауымен босатты, витриналарды безендірді, кассалық кітапты толтырды, тауар қабылдады, баға түзумен танысты. Өткізілген санитарлық шараларға қатысты.

Фармацевтикалық қызметті реттейтін ДСМ-нің заңнамалық құжаттарын біледі, олармен жұмыс жасай алады.

Бекназарова Құралайдың практиканы өтуін үздік бағамен бағалаймын.

Практика өту базасындағы жетекшісі: Ғ.Қ.Адибаева

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]