Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kura_dnevnik.docx
Скачиваний:
93
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
62.91 Кб
Скачать

Дәріхана меңгерушісінің жұмыс орынында:

17 мамыр 2013 жыл

  1. Дәріхананың жұмысын ұйымдастыру бойынша дәріхана меңгерушісінің жұмысымен танысып, тапсырылған жұмыстарды орындадым:

Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Кодексімен таныстым

  • жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату тәртібімен

  • жұмысқа қабылдау және босату бойынша бұйрықтармен

  • дәріхананың жұмыс кесесімен

  • қызметкерлердің жұмысқа шығу графигімен

  • жоқ немесе аз мөлшерде қалған дәрілік заттарды дефектураны тіркеу журналына енгіздім;

  • анықталған дефектура бойынша фирмаға дәрілік заттарға телефон арқылы тапсырыс бердім;

  • дәріханадағы дәрілік заттардың сақталу мерзімдерін тексердім;

  • түскен тауарларды қабылдадым.

  • шот-фактура негізінде саны мен сапасын, сериясын, сертификатпен сәйкестігін тексердім.

  • Шот-факутра бойынша келген тауарларды қабылдау бақылауын өткізгеннен кейін оларды сақтау орындарына орналастырдым;

    20 мамыр 2013 жыл

    1. Кассалық операциямен таныстым.

    Дәріханадағы кассалық аппарат фискалдық жады бар «АМС-100», жады 2200 чекке есептелген.Түркісіб ауданының салық комитетінде тіркелген. Тіркеу карточкасының № _____________, зауыттық №__________________;

    Дәріхана меңгерушісі кассаның жұмыс тәртібімен таныстырды. Науқастарды қабылдап, оларға дәрілік заттарды босату бойынша жұмыстарды атқарып үйрендім.

    Сатудан түскен ақша «Кассалық кітапта» тіркеледі. Кітап нөмірленіп, салық комитетінің мөрімен, төрағаның қолымен бекітілген. Практика өткен аралықтағы кассалық кітаптың бетінің көшірмесі күнделікке қосымша құжат ретінде тіркеліп отыр. Кассалық кітапты толтырып үйрендім. Тәуліктік кассаның есебін жасап үйрендім, касса арқылы. Тәуліктік Z- есеп жасап, чектерді кассалық кітапқа тіркедім.

    1. Дәріханада тауарлық есеп күнделікті жүргізіледі, журналда күнделікті кассаның есебі, тауардың түсуі сатып алу және сату бағасында және күн соңындағы тауар қалдығын бірден көруге болады, есеп күнделікті жүргізілетіндіктен. Өте жақсы форма, сондықтан барлық дәріханаларға осындай есеп жүргізуді ұсынуға болады. Журналдың формасы коса беріліп отыр. Қосымша № _______. Бұл құжатты толтырып үйрендім.

    21 мамыр 2013жыл

    1. Тұрғындарды дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, парафармацевтикалық өнімдермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша дәріхананың саясатымен, жасалатын жұмыстармен таныстым.

    Дәріхананың тауар ассортиментінде биологиялық белсенді заттар да бар. Бұларды дәріхана «Ромат», «Медикус» , СК-фармация ЖШС, Инкар ЖШС-нен алады. Аталған заттарды фирмалар дәрілік заттармен бір шот-фактурада босатады.

    22 мамыр 2013жыл

    1. Дәріхана ассортиентінің кеңдігімен таныстым. Талдау нәтижесінің көрсеткіші:

    • дәрілік заттардың - 1478;

    • медициналық мақсаттағы бұйымдардың – 31;

    • парафармацевтикалық өнімдердің – 12;

    • балалар тағамының – 5;

    • Дәрілік өсімдіктердің - 47 атаулары бар.

    1. Дәрілік заттардың ассортиментінің тереңдігімен таныстым. Дәрілік заттардың ормадағы көлеміне байланысты олардың бағасы да әртүрлі екендігін көрдім.

    • дәріхана дәрілік заттардың тіркеуден өткен барлық дәрілік қалыптарын, түрлі дозаларын, бір дәрілік заттың атауын (мысалы: Ацетисалицил қышқылы 0,5 №10 «Химфарм» АҚ, «Павлодар фарм.зауыты» ЖШС, «Борисовский фарм.завод») түрлі өндірушілерден;

    • дозаларының түрлерін (мысалы: Тенорик 50 мг №30, Тенорик 100 мг №30; Креон 10 000ЕД№20, Креон 20 000 ЕД №20);

    • орамдағы көлемі мен санына байланысты

    (Этил спирті 90%- 30 мл, 50 мл, 60 мл,90 мл - Шаншаров-фарм ЖШС; Фестал №20, Фестал №100, Бриллиант жасыл 1%-30мл, 40 мл, 50 мл).

    23 мамыр 2013 жыл

    1. Дәріханың орналасқан жеріне, клиенттердің құрамына талдау жұмысын жүргіздім. Дәріхана орналасқан аумақта 6 дәріхана орналасқан. Бәсекелестік барлық жағынан өте жоғары. Дәріхананың клиенттері негізінен зейнеткерлер мен сол ауданның тұрғындары. Ең жақын орналасқан дәріхананың алыстығы 100 м. Ең алысы – 700м.

    2. Дәріханаға түскен тауарларды Мемлекеттік Фармакопея талаптары мен физико-химиялық қасиеттеріне байланысты ҚР Үкіметінің 23.12.2011 жылғы ДЗ, ММБ және МТ олардың қауіпсіздігін, тиімділін және сапасын қамтамасыз ете отырып сақтау және тасымалдау туралы Ережені бекіту туралы № 1595 Қаулысына сәйкес бұйрығына сәйкес қабылдап, сақтауды ұйымдастыру жұмыстарына қатыстым.

    24 мамыр 2013 жыл

    1. Дәріханада қолданылатын медициналық тауарларды сатудағы жаңа тәсілдер, еңбекті ғылыми ұйымдастыру жұмыстарының жүргізілуіне көңіл бөлдім.

    • дәріхана бәсекелестікті жеңілдету бойынша зейнеткерлерге егер алатын дәрілік затының сомасы 1000 теңгеден асса, 5% жеңілдік;

    • телефон арқылы дәрілік затқа талап қабылдау;

    • тұрғындарға дәрілік затпен қоса аннотацияларын, түрлі календарлар беру сияқты жұмыстар атқарады.

    1. Еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға дәріханада тауарлық есепті, түскен тауарларды бағалары бойынша тіркеу жүргізілетін журналды айтуға болады. Осы журнал негізінде дәріхана қызметкерлері күнделікті тауар қалдығының сомасын біліп отырады. Сонымен қатар дәріхананың фирмалармен есеп айырысулары, кімнен қанша сомаға тауар алғандығы жөніндегі ақпараттарды лезде табуға болады. Осы журналағы ақпараттарды пайдалану арқылы осы дәріханада практика өткен барлық студенттер дәріхананың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасау мүмкіндігіне тез қол жеткіздік.

    27 мамыр 2013 жыл

    Дәріхананың есеп және есеп беру жұмыстарымен таныстым.

    Дәріхана иесі Түркісіб ауданының салық комитетінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.

    Есеп беру жеңілдетілген декларация бойынша тоқсан сайын жүргізіледі. Салық мөлшері тауарайналымының 3 % құрайды және зейнетақы қорына жалақының немесе кәсіпкердің табысының 10%, сонымен қатар әлеуметтік салық төленеді. Практика өткен мерзім жеке кәсіпкердің есеп беру кезеңімен сәйкес келгендіктен, есеп беру тәртібімен және құжаттарымен таныстым.

    Тауарайналымы өткен тоқсанда кассалық кітап бойынша 2 400 342 теңгені құрады. Салық мөлшері 3%; Ол сома екі 101 202 және 103 101 баптарға бөлініп төленеді:

    Есеп беру кезеңі,

    тоқсандар

    101 202

    Табысқа салық

    103101

    Табысқа салық

    101 201

    міндетті әлеуметтік

    салық

    101 201

    зейнетақы қорына аударым

    I

    36 385

    31441

    915

    13 500

    Барлығы:

    36 385

    31441

    915

    13 500

    2010 жылы барлық салық түрлері бойынша төленген сома : 356 000 теңгені құрады. Бюджетке кәсіпкер қарыз емес.

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]