Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ стом студ практика 2014-15.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.08 Mб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ПАТФИЗ.СТОМ. МАШЫҚТЫҚ САБАҚ

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

1 тақырып. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ.ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ.

Сабақтың мақсаты:

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру

  • Экспериментті жүргізудің негізгі әдістемелерін игеру, жануарлармен жұмыс істей білу, фукционалдық зерттеу жүргізу

  • Топта жұмыс жүргізуді қалыптастыру

  • Клиникаға дейінгі ғылыми зерттеулердің этикалық тәртібінің нормативтік құжаттарын меңгеру.

  • 3 тілде глоссарийді қолдану машығын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Жалпы нозологияның негізгі түсініктерін, патофизиологияны негізгі оқулық пән ретінде оның құрылымын және міндеттері туралы білімді тереңдету

  • Тттәжірибелік жануарларда пародонт аурулары мен тіс жегісін үдгілеу машығын жетілдіру

  • 3 тілде глоссарийді қолдану машығын жетілдіру

  • Топта жұмыс істеу дағдысын (өз көзқарасын жеткізе білу, көшбасшылық қасиетін көрсету) үйрену

  • Лабораториялық жануарлармен жұмыс жүргізгенде моралдық этикалық ұстанымдарымен танысу. ҚР ДСМ 2009 жылғы 12 қарашадағы 697 «Клиникаға дейінгі зерттеуді медициналық – биологиялық эксперимент пен клиникалық тексеруді Қазақстан Республикасындағы жүргізудің тәртібін бекіту» бұйрығының қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының индустрия мен сауда Министрілігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің № 575 2006 жылдың 29 желтоқсандағы бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сай зертханалық тәжірибе туралы. Негізгі қағидаларының ережелерімен танысу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Патологиялық физиология пәні. Патофизиологияның жоғары медициналық білім беру саласында алатын орны және маңызы, оның басқа пәндермен байланысы. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері.

  1. Патологиялық физиологияның зерттеу әдістері. Меициналық-биологиялық эксперименттерді құрастырудың негізгі ұстанымдары. Адам ауруларын зерттеудегі жануарларда дерттік үрдістердің үлгісін алудың және эксперименттік емдеудің мүмкіндіктері мен маңызы. Медицинада эксперименттік және үлгілеудің басқа әдістерін шектеу және оны жетілдіру әдістері.

  2. Лабораториялық жануарлармен жұмыс жүргізгенде моралдық этикалық ұстанымдарын сақтау. ҚР ДСМ 697 «Клиникаға дейінгі зерттеуді медициналық – биологиялық эксперимент пен клиникалық тексеруді Қазақстан Республикасындағы жүргізудің тәртібін бекіту» бұйрығының қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының индустрия мен сауда Министрілігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің № 575 2006 жылдың 29 желтоқсандағы бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сай зертханалық тәжірибе туралы. Негізгі қағидаларының ережелерін оқып білу.

4. Жалпы нозология, негізгі түсініктері: денсаулық, ауру, ауру алды, біртектес дерттік үрдістер, дерттік серпіліс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай.

5. Аурудың нышандары. Ауруларды жіктеудің негізгі ұстанымдары.

6. Аурудың өту кезеңдері, олардың сипаттамасы.

7. Өлім - аурудың ақырғы сатысы. Өлімнің түрлері.Өлімнің сатылары, сипаттамасы. Реанимацияның негізгі ұстанымдары. "Тірілтілген организмнің ауруы" туралы түсінік, негізгі даму механизмдері.

Оқыту тәсілдері:

Студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, «Клиникаға дейінгі зерттеулер этикасы» мультимедиялық көрсетілімін көрсету, аз топтарда жұмыс жасау – жедел ойын, есептер шешу.

Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің қорытындысын тексеру, тестілеу

Машықтық сабақты өткізу жоспары

Сабақ кезеңдері

Бөлінген уақыт (мин)

1

Ұйымдастыру бөлімі. Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру. Таратылатын құралдарды тарату

5

2

Тақырыптың №1-3 сұрақтарын талқылау

25

3

Жедел-ойын

20

4

Үзіліс

10

5

№ 4 -7 сұрақтарды талдау

30

7

Тестілеу

15

8

Сабақты қорытындылау, құзыреттіліктерді бағалау

5