Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

 

ферментінің тектік ақауы болады және ол ұрпақтан ұрпаққа

 

аутосомдық-бәсеңкі жолмен беріледі. Баланың ақыл-есі дамуы

 

кеміп, есту қабілеті бұзылады. Бұндай бала 5 жасқа дейін

 

шетінеп кетеді.

 

 

 

 

 

 

Гликогеноздардың 2-ші түрінде (Помпе ауруы) α-1,4-

 

гликозидаза ферменті болмауынан гликоген ыдыратылмай ОЖЖ-

 

нің, бауырдың, бүйректің, бұлшықет, жүрек ет жасушаларында

 

жинақталып қалады. Гликогеннің көп мөлшерлері жұлынның

 

қимылдық нейрондарында, глия жасушаларында және ми

681

тамырларының эндотелий жасушаларында

жиналып

қалуынан

 

 

 

 

 

 

 

 

қимыл-қозғалыстың бұзылыстары және бұлшықеттердің үдемелі

 

әлсіздігі байқалады. Бұл дертте аутосомдық-бәсеңкі жолмен

 

беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

Мукополисахаридтер

 

(гликозамингликандар

 

мен

 

гликолипидтер) ыдыратылуына қажетті фермент болмауынан

 

мукополисахаридоздар дамиды. Олар ыдыратылмай терінің,

 

шеміршектердің, қан тамырларының, көздің мөлдір қабығының

 

және ми қыртысының жасушаларында жиналып қалады. Осыдан

 

қаңқаның және жан дүниесінің бұзылыстары байқалады. Дерт

 

аутосомдық-бәсеңкі жолмен беріледі.

 

 

 

 

Фенилаланингидроксилаза

ферментінің

тектік

ақауынан

 

фенилкетонурия немесе фенилпирожүзімдік жарыместік дамиды.

 

Бұл ауру кезінде жаңа туған балаларда нейрондардың

 

нақтылануы, мидың дамуы бұзылады. Фенилаланин тирозинге

 

ауыспауынан дене сұйықтарында жиналады да, фенилпирожүзім

 

қышқылына айналады. Ол жүйке жүйесіне уытты әсер етеді.

 

Мида фенилаланин көп жиналуынан нейрон мембраналары арқылы

 

аминқышқылдарының және глюкозаның тасымалдануы бұзылады.

 

Осыдан оларда нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының түзілуі

 

нашарлайды. Фенилаланиннен тирозин өндірілмегендіктен мида

 

жүйкелік медиаторлар катехоламиндердің түзілуі болмайды.

 

Өйткені

катехоламиндер

тирозиннен

түзіледі.

Мида

 

фенилаланин көп болунан триптофаннан серотонин түзілуі

 

тежеледі. Нейрондарда глюкоза пайдаланылмауынан энергия

 

тапшылығы дамиды.

 

 

 

 

 

 

Сонымен бірге, туа біткен жүйке жүйесінің бұзылыстары

 

нәресте

басының

туылу

кезіндегі

жарақаттанулары

 

нәтижесінде де дамиды. Осдан бас сүйек ішінде қысым

 

көтеріліп гипертензия байқалады.

 

 

 

 

Жүре пайда болган эндогендік ықпалдарға:

 

 

мида қан-айналымының бұзылыстары (ми тамырларының спазмы, тром-бозы немесе эмболиясы, қан құйылу);

гипоксия;

гипогликемия;

қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары;

су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары;

бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі;

бауыр қызметінің жеткіліксіздігі;

аутоиммундық үрдістер

өспе өсуі;

эндокриндік дерттер (қантты диабет, тиреотоксикоз т.б.) - жатады.

Қанайналымның бұзылыстарынан болатын ми бүлінітері.

Жүйелік

қанайналымның

бұзылыстарынан

немесе

ми

тамырларының бүліністерінен

ОЖЖ бұзылыстары

жиі дамиды.

682Қалыпты жағдайда артериялық қысым с.б.б. 45-170 мм аралығында толқуына қарамай мида қанның ағуы әрбір 100 г массасына 50-60 мл/мин мөлшеріндетұрақты деңгейде ұсталып тұрады. Артериялық қысым көтерілгенде ми тамырлары жиырылып, ол төмендегенде кеңейеді. Мида қан ағуының өзгерістері артериялық қысым с.б.б. 45 мм-ден төмен қатты төмендеп кеткенде немесе ми ісінуі кездерінде байқалады. Осыдан мидың ишемиясы дамиды. Онда қанайналымның ауыр бұзылыстарынан амнезия (ұмытып қалу), көз қарауытуы, қимыл-қозғалыстың үйлесімсіздігі (атаксия) т.б. бүліністер байқалады. Ишемияға ми қыртысының II, IV және V қабаттарындағы нейрондар, гиппокамптың пирамидалық жасушалары, мишықтың Пуркинье жасушалары ең сезімтал болып келеді.

Ми қан тамырларының қабырғалары бүліністерінен немесе қан ұю жүйесінің бұзылыстарынан мидың жекелеген бөліктерінде қанайналым бұзылыстары болады. Бұл екі жағдайда да тамыр ішінде қан қатпалары құрылуы және миға қан құйылуы байқалады.

Мидың ірі тамырларында атеросклероз жиі дамиды. Оның майда тамырларында майда аневризмалар кездеседі. Олардың жыртылып кетуінен миға қан құйылады. Көптеген майда нүктелі қан құйылулар лейкоздар, жіті қанағыш энцефаломиелит, жұқпалы аурулар (безгек, риккетсиоздар) антикоагулянттармен емдеу кездерінде байқалады.

Ми тінінде натрий мен су жиналып қалуынан оның жалпы көлемі ұлғаюмен көрінетін синдромды мидың ісінуі дейді. Осыдан жүйке жүйесінің әрекеттері бұзылады. Мидың ісінуі қантамырлық (вазогендік) және жасушалық (цитотоксиндік) болып ажыратылады. Қантамырлық ісіну ми қылтамырлары қабырғаларының өткізгіштігі көтеріліп кетуінен болады.

Жасушалық ісіну ми жасушаларының (нейрондардың, глия және эндотелий жасушаларының) мембраналарындағы катиондық насостардың қызметтері бұзылудан жасушалардың іштерінде натрий мен су жиналып қалады. Бұл кезде қылтамырлар қабырғаларының өткізгіштігі қалыпты болуы мүмкін. Бұндай ісіну мидың ишемиясы кезінде дамиды.

 

Сұйықтықтың мида көптеп жиналып қалуынан бас сүйек

 

ішінде қысым көтеріледі. Осыдан онда қанайналым бұзылады,

 

ишемиялық бүліністері дамиды.

 

 

 

 

 

Мидың гипоксиялық бүліністері. Миға оттегі аз түсуінен

 

жүйке жасушаларының қызметтері тез арада бұзылады

және

 

олар тіршілігін жоғалтады. Артериялық қанда оттегінің

 

үлестік қысымы с.б.б. 40-50 мм-ге дейін азайғанда

 

психикалық бұзылыстар дамиды. Ол 30 мм-ден азайғанда 20

 

шақты секөнд ішінде естен тану байқалады.

 

 

 

683

Мидың

гипоксиясы

жиі

ишемиядан

дамиды. Оның

ишемиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

таза гипоксияға қарағанда өте ауыр өтеді. Бұл кезде

 

артериялық қанмен миға оттегі мен қоректік заттардың

 

тасумалдануы бұзылыстарымен қатар, зат алмасу өнімдерінің

 

мидан шығарылуы да бұзылады. Олар миға уытты әсер етеді.

 

Мидың

 

ишемиясы

кезінде

катехоламиндердің,

 

ацетилхолиннің, қоздырғыш және тежегіш аминқышқылдарының

 

түзілуі тез арада бұзылады. Артынан бұған ми ісінуі, онда

 

сүт және бос май қышқылдарының жиналуы, бос радикалдар

 

өндірілуі, жасушалар ішінде натрий мен кальций иондарының

 

көбеюі, жасуша сыртына калий көптеп шығарылуы, нитроксид

 

құрылуы т.б. қосылады.

 

 

 

 

 

 

Натрий нейрондардың ішіне енуден олар ісініп, лизиске

 

ұшырайды. Кальций иондары нейрон ішінде көбейгендіктен

 

фосфолипаза А2 ферменті әсерленіп, нейрон мембранасындағы

 

фосфолипидтерді ыдыратады. Осыдан арахидон қышқылының бос

 

радикалдары құрылып, май қышқылдарының асқын тотығуын

 

арттырады. Содан нейрондардың қайтымсыз бүліністері болып,

 

некроз дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен бірге кальций иондары қышқыл протеазалар мен

 

эндонуклеазаларды әсерлендіреді. Протеазалар нәруыздарды,

 

эндонуклеазалар ДНК молекуласын бөлшектейді.

 

 

 

 

Нейрондардың сыртында калий иондары көбеюден мембрана

 

деполяризациясы болып, тырыспа-селкілдек дамиды.

 

 

 

Гипогликемиядан ми бүліністері. Қанда глюкозаның

 

деңгейі 2,2-1,7 мМ/л-ге дейін азайғанда алдымен ми

 

қыртысының, артынан оның бағанасының қызметтері бұзылады.

 

Гипогликемия кезінде қатты әлсіздік, бас ауыруы, қызбалық,

 

ұйқы

басу,

қимыл-қозғалыстың

үйлесімсіздігі

т.б.

 

әйгіленімдер байқалады. Ауыр жағдайларда тырыспа-селкілдек

 

және кома дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

Қышқылдық-сілтілік

үйлесімділіктің

бұзылыстары

 

кездеріндегі ми бүліністері. Мида сутегі иондарының

 

мөлшері

қандағы рН

деңгейінің

өзгерістеріне

қарамай

 

тұрақты деңгейде (рН 6,8-7,6 аралығында) ұсталынып тұрады.

 

Ол үшін қан мен ми аралық тосқауылдың маңызы өте

зор.

 

Бірақ

газдық

ацидоз және

алкалоз кездерінде

жоғары

жүйке

әрекетерінің бұзылыстары байқалады. Өйткені көмірқышқылы газына гематоэнцефалиялық тосқауыл бөгет бола алмайды. Сондықтан көмірқышқылы газы қанда көбейгенде мида қоздырғыш аминқышқылдары (аспарагин, глутамин) азайып, тежегіш аминқышқылдары (гамма-аминомай қышқылы, глицин) көбейіп кетеді. Осыдан ми қызметінің тежелуі болады.

Шамалы газдық алкалоз денеде бұрмаланған сезім және бас ауыруы пайда болуына әкеледі. Ауыр газдық алкалоз (рН 7,52-7,65) болғанда және ол гипоксиямен қабаттасқанда мида

684нүктелі қан құйылу, тырыспа-селкілдек, кома дамиды. Адам жан тапсырады.

Су мен электролиттер алмасуы бұзылыстарынан мидың бүліністері. Қанда электролиттердің өзгерістері де ми қызметіне теріс әсер етеді. Солардың ішінде, әсіресе натрий иондарының қандағы мөлшері ми көлемін өзгертеді. Қанда ол көбейгенде ми жасушаларының сусыздануы болады. Осыдан қанда натрий иондарының деңгейі 150 мэкв/л-ден артқанда абыржу, қызбалану, сана-сезімнің бұзылуы байқалады. Ал ол 180 мэкв/л-ге дейін көбейгенде тырыспаселкілдек, кома дамып, адамның өліміне әкеледі.

Қанда натрий азайғанда мидың ісінуі болып, бас сүйек ішінде қысым көтеріледі. Осыдан ОЖЖ-де қанайналым бұзылады. Қанда натрийдің мөлшері 120-125 мэкв/л-ге дейін төмендегенде жүйке жүйесі бұзылыстарының әйгіленімдері пайда болып, одан ары азайғанда тырыспа-селкілдек, кома дамиды.

Қанда кальций иондарының өзгерістеріне қарамай, мида оның деңгейі тұрақты 0,5-0,75 мМ/л мөлшерінде ұсталып тұрады. Кальций иондары нейрондардың мембранасын тұрақтандырады, оның талғамды өткізгіштігін қадағалап, қозымдылығына әсер етеді. Сонымен бірге, олар жүйкелік медиаторлар босап шығуына, бұл медиаторлардың түйіспе алды

құрылымдармен кері қамтылуына және аксондардың бойымен тасымалдануына т.б. қатысады. Қанда Са2+ 1,5-1,75 мМ/л-ге дейін азайғанда жүйке жүйесінің бұзылыстары болады. Бұндай жағдай бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, гипопаратиреоз, Д-витамині тапшылығы кездерінде байқалады. Шеткері жүйке жүйесінің бұзылыстарына бұрмаланған сезім (парестезия) пайда болуы, қимылдық жүйкелердің қозымдылығы көтерілуі жатады. Ал ОЖЖ бұзылыстарына қатты қызбалық, психоздар, тырыспа-селкілдек, сандырақтау, тұнжырау, кейде кома дамуы тән.

Гиперкальциемия (4,5 мМ/л-ден астам) сана-сезімнің әлсіреуіне, кома дамуына әкеледі. Бұл кезде тырыспаселкілдек дамуы сирек байқалады.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде де жүйке

жүйесінің бұзылыстары ерте дамиды. Уремия кезінде қанда натрий, калий, кальций, хлор, сутегі, фосфат иондарының көбеюінен, қанның осмостық қысымы көтеріледі. Қанда органикалық қышқылдар, фенолдар көбеюі аминқышқылдарын ыдырататын ферменттерді тежейді. Сонымен бірге, бұл кезде кальций иондары мида көбейеді. Осылардың нәтижесінде жүйке жүйесінің бұзылыстары пайда болады.

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі кезінде энцефалопатия дамиды. Адамның парасаттығы азайып, естен тану

685байқалады.Оның даму жолдарында қалыпты жағдайда бауырда уытсыздандырылатын ішек уыттары қан мен мида жинақталып қалады, әсіресі аммиак пен аммоний иондары миға уытты әсер етеді. Бауырда аммиактан зәрнәсіл түзілуі бұзылудан артық аммиак α-кетоглютар қышқылымен байланысады да глутамин қышқылына айналады. Альфа-кетоглютар қышқылы тотығутотықсыздану үрдісіне енбеуінен энергия түзілуі бұзылады. Содан ми қызметіне қажетті энергияның тапшылығ болады. Сонымен бірге, аммиак пен аммоний иондары нейрон мембраналарының деполяризациясын туындатып, қозу үрдісін арттырып жібереді.

Бауыр жеткіліксіздігі кезінде ішектерде өндірілетін октапамин жүйкелік медиаторлармен бәсекелестікке түсіп, нейрондардың қалыпты өзара қатынасын бұзады. Оны жалған жүйкелік медиатор дейді. Октапамин мен тирамин мидың

өзінде де өндіріле бастайды. Содан қалыпты жүйкелік медиаторлардың (дофамин иен норадреналин) өндірілуі азаяды. Мида триптофан көбейіп кетуінен серотонин артық

түзіледі..

Осы

келтірілгендердің

нәтижесінде

мидың

қызметтері

бұзылады.

 

 

 

 

Аутоиммундық

үрдістер

және

жүйке

жүйесінің

бүліністері. Орталық және шеткері жүйке жүйесі нейрондары аксон тармақтары миелин қабықпен қапталады. Миелиннің өте күшті антигендік қасиеті болады. Сондықтан оған қарсы аутоиммундық серпілістер жиі дамиды. Миелиннің ошақталып бүлінуінен жүйке талшықтары арқылы серпіндердің өткізілуі баяулайды, артынан толық бөгеліп қалады. Миелин қабығы жоғалудан сәйке аксон тіршілігін жояды.Жайылмалы склероз кезінде ОЖЖ нейрондары миелин қабығын жоюдан тіршілігін жоғалтады. Бұл кезде көру жүйкесінің, ми бағанасының, ми қарыншалары жанындағы ақ заттың, жұлынның артқы мүйіздерінің бүліністері жиі байқалады. Содан көз көруі, қимылдық сезімталдық, қимыл-қозғалыстың жүйкелік реттелулері бұзылады. Олардың даму негізінде ОЖЖ енетін Т- хелпер жасушаларының қатысумен дамитын аутоиммундық серпілістердің маңызы зор. Т-хелпер жасушалары Т- лимфоциттердің өсіп-өнуін, В-жасушалары мен макрофагтарды

 

әсерлендіретін цитокиндер өндіріп шығарады. Осыдан миелин

 

қабығынжоятын,

гематоэнцефалиялық

тосқауылды

бұзатын

 

иммундық

қабыну

дамиды.

 

Миелин

қабығының

жойылуы

 

цитотоксиндік Т-жасушалардың немесе олигодендроциттерді

 

бүліндіретін

 

цитотоксиндік

цитокиндердің

 

(мәселен,

 

өспелерді жоятын фактормен) тікелей әсерлерінен болады.

 

Сонымен бірге, оған иммунитеттің сұйықтық факторы да

 

қатысуы

 

мүмкін.

 

Бұл

 

ауру

кезінде

 

қанда

 

олигодендроциттердің

 

мембранасының

және

 

миелиннің

686

нәруыздарына

 

қарсы

антиденелер

табылады.

Олар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

гематоэнцефалиялық тосқауы бұзылғандықтан ОЖЖ-не өтіп

 

кетеді. Бұл антиденелер комплемент жүйесін әсерлендіріп

 

және

олигодендроциттерге

 

макрофагтарды

жұмылдырып,

 

миелинді жоятын әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен, шеткері жүйкелердің миелинсізденуі олардың

 

бүліністерінің

себебі

болады.

Ол

аутоиммундық

 

серпілістерден

дамиды.

 

Бұл

 

аутиммундық

серпілістер

 

дамуында

вирустық

жұқпалардың,

бактерия

 

уыттарының

 

(мәселен,

 

күл

ауруы

 

бактерияларының),

В12-витамин

 

тапшылығынан және басқа себептерден зат алмасуларының

 

бұзылыстары маңызды орын алады.

 

 

 

 

 

 

Солармен қатар, жүйке жүйесі бұзылыстарына онда өспе

 

өсуі және эндокриндік дерттер әкеледі.

 

 

 

 

Бұл

 

көрсетілгендерден

басқа

жүйке

 

жүйесінің

 

бұзылыстары

жүйкелік-рефлекстік

(мәселен,

 

жарақаттық

 

сілейме), шартты-рефлекстік (мәселен, қояншық ауруының

 

ұстамасы) жолдармен дамуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

Экзогендік немесе жүре пайда болған

 

эндогендік

 

себепкер ықпалдар жүйке жүйесінің бұзылыстарына әкеліп,

 

артынан олар өз беттерінше екіншілік эндогендік себепкер

 

ықпалдарға айналуы ықтимал.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оларға: нейрондардың бүліністері, нейронаралық қарым-

 

қатынастардың

өзгерістері,

белсенділігі

көтерілген

 

нейрондар топтарының пайда болуы, дерттік

детерминанта

 

және дерттік жүйе қалыптасуы жатады. Жүйке жүйесінде

 

бұндай өзгерістер пайда болған соң, олар ары қарай, сыртқы

 

әсерлерсіз-ақ, өз беттерінше дерттің ары

қарай

дами

 

беруіне әкеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен бірге, жүйке жүйесінде ауру

туындататын

 

бірнеше ықпалдар жиі бірігіп әсер етулері мүмкін. Олар

 

өзара бірінің әсерін бірі күшейтуі ықтимал. Мәселен, ішек

 

бактерияларының эндотоксині белгілі мөлшерде жануарларға

 

енгізгенде өз бетінше мидың бүліністеріне әкелмейді. Соған

 

сәйкес аз мөлшерде адреналинді енгізгенде де, мида

 

айтарлықтай өзгеріс болмайды. Ал, жануарларға осы екі

 

затты

бірге

енгізгенде

олардың

миында қатты

өзгерістер

дамиды. Сол себептен улы заттардың әсерлері жүйке жасушаларының қызметі көтерілуімен немесе гипоксиямен қабаттасқанда оның бұзылыстары өте қатты болады.

Жоғарыда көрсетілген себепкер ықпалдардың әсерлері олардың қарқынынан және әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Кейде әлсіз әсерлер ұзақ мерзім әсер еткенде жүйке жүйесінде қомақты өзгерістер дамуы мүмкін. Бұл кезде ұзаққа созылған әсерлердің жиынтық өлшемі (дозасы) сол ықпалдың бір рет әсер еткен өлшемінен кем болады. Мәселен,

687жануарларда сіреспе (столбняк) ауруын алу үшін бір рет енгізілетін уыттың мөлшерінен бөлшектеп бірнеше күн енгізілгендегі жиынтық мөлшері аздау болатыны байқалған. Бұл заңдылықты Беринг феномені дейді.

Жүйке жүйесінің біртектес дерттік өзгерістері.

Жүйке жүйесінің біртектес дерттік өзгерістеріне

нейрондардың бұзылыстары жатады. Жүйке жүйесі нейрондардан тұрады. Мида мөлшермен 1010 нейрондар болады. Олар нейрон денесінен, ұзын тармағынан (аксоннан), қысқа тармақтарынан (дендриттерден) және түйіспелерден (синапстардан грек. synaps - түйісу, түйіспе) тұрады (-сурет).

- сурет. Нейрон құрылымы. А-қалыпты нейрон, В-аксоны бүлінген нейрон.

Нейрондар өзара бірімен бірі түйіспелер арқылы байланысады. Түйіспе деп бір нейронның екінші нейронмен байланысуын қамтамасыз ететін құрылымдардың бөлшегін айтады. Аксондардың басқа нейрондарда аяқтадатын соңын пресинапстық (түйіспе алды) құрылым деп атайды. Аксон

аяқшалары мембранасымен байланысатын жасуша мембранасы аралығында синапстық саңылау (10-нан 50 нм дейін) болады. Сипанстық саңылаудан кейінгі құрылымды постсинапстық (түйіспе соңы) құрылым деп атайды.

688

- сурет. Түйіспе құрылымы

Организмде ағзаларды реттеу хабары жүйкелік серпіндер (импульстер) өткізу арқылы беріледі. Бұл серпіндер бір нейроннан екіншісіне нейромедиаторлардың қатысуымен таратылады. Нейромедиаторларға ацетилхолин, норадреналин, дофамин, серотонин, глуматин қышқылы, аспарагин қышқылы, гомоцистеин қышқылы, гамма-аминомай қышқылы, глицин т.б. жатады. Олар қоздырғыш (глутамин, аспарагин, гомоцистеин қышқылдары), тежегіш (гамма-аминомай қышқылы, глицин т.б.) нейромедиаторлар болып бөлінеді. Мида осы нейромедиаторларды қабылдайтын әртүрлі қабылдагыштар (рецепторлар) бар. Сонымен бірге нейрондарда көптеген пептидтер өндіріледі. Бұл пептидтерге аденогипофиздің гормондары, гипоталамуста өндірілетін либериндер мен статиндерден басқа әртүрлі жүйке жасушаларында өндірілетін шағын пептидтер (олигопептидтер) (эндорфиндер мен энкефалиндер) жатады. Көрсетілген пептидтер реттеуші пептидтер деп аталады. Олар жүйкелік серпіндердің өткізілуінде дәнекерлік (медиаторлық) міндет атқарады. Сонымен бірге, олар басқа нейроме-диаторлардың әсерлеріне ықпал етіп, синапстар арқылы жүйкелік серпіндердің өтуін өзгертеді.

Нейрондардың бұзылыстары:

олардың мембраналарының бұзылыстарымен

аксондарының бұзылыстарымен

дендриттерінің бұзылыстарымен

түйіспелерінің бұзылыстарымен - көрінеді.

Нейрон мембраналарының бұзылыстары.

Әртүрлі улы заттар, ауыр металдар, антинейрондық антиденелер, ишемия т.б. нейрон мембраналарының бүліністеріне әкеледі. Оның даму жолдарында:

май қышқылдарының асқын тотығуы (МАТ) артып кетуі;

энергия тапшылықтығы - маңызды орын алады.

Май қышқылдарының асқын тотығуы (МАТ) артып кетуі. МАТ

белгілі

деңгейге

дейін

нейрон

мембраналарының

өткізгіштігін реттеп, қорғаныстық қызмет атқарады.

Ал,жүйке жүйесінің

көптеген дерттерінде (мәселен,

689қояншық ұстамасы, жүйке тозуы, жан жарақаттары мен күйзелістері, ми ишемиясы, шайқалысы т.б. кездерінде) май қышқылдарының асқын тотығуы тым артып кетеді. Осыдан бос радикалдар мен асқын тотықтар нейрон мембраналарының тұтастығын бүліндіреді. Олардың тосқауылдық қабілеті бұзылуынан кальций мен натрий иондары нейрон ішіне көптеп

енеді, калий иондары оның сыртына шығады. Содан әрекет ету потенциалының қалыптасуы және Са2+ насостарының жеткіліксіздігінен мембрананың реполяризациясы бұзылады. Осылардың нәтижесінде нейрондардың белсенділігі көтеріледі

және күшейген дерттік

қозу ошағы (генераторы) пайда

болуына қолайлы жағдай дамиды.

Нейрон мембраналары

өткізгіштігінің артуы иейроннан

антиген шығуына, аутоиммундық үрдіс дамуына әкеледі. Жүйке тініне және нейромедиаторларға қарсы түзілген аутоантиденелер аксондық ағым бойынша нейрондардың бүліну аумағын үлкейтеді.

Жасуша ядросының мембраналары бүліністерінен геномның бүлінуі РНК мен нәруыз түзілуі бұзылуы, құрылымдық өзгерістер дамуы байқалады.

Сонымен бірге, МАТ-на байланысты мембраналардағы өзгерістер олардағы қабылдағыштардың (рецепторлардың) биологиялық белсенді заттарды (медиаторлар, трофогендер) байланыстыруға қабілетін өзгертеді. Осының нәтижесінде нейрондардағы рецепторлар дәрілік заттарды да байланыстыру қабілетін жоғалтады. Содан емдік дәрілердің әсері азаяды. Сондықтан бұндай жағдайларды емдеу үшін ең алдымен антиоксиданттар мен мембрананы тұрақтандыратын заттарды пайдалану маңызды.

Сонымен қатар, жүйке жасушаларының мембраналарында фосфолипаза ферменттерінің артық әсерленуі байқалады. Ол нейрондарда лизосома мембраналарының өткізгіштігі жоғарылауынан және нейрондардың ішіне Са2+ иондарының артық енуінен болады. Осыдан, нейрон мембраналарын одан сайын бүліндіретін, бос май қышқылдары мен лизофосфатидтер жиналып қалады.

Энергияның тапшылығы. Әртүрлі себептерден дамитын

энергияның жеткіліксіздіктері жүйке жүйесінің жалпы бұзылыстарына, нейрондарда дистрофия, некроз дамуына әкеледі.

Энергияның тапшылығы мына себептерден:

ағзалар мен тіндерде заттардың алмасуларына қажетті тотығу-тотық-сыздану ферменттерін тежейтін улы химиялық заттар (динитрофенол, цианидтер т.б.) әсер еткенде;

әртүрлі себептерден дамитын оттегінің жетіспеуінен;

мида қан-айналым бұзылғанда (мидың ишемиясы,

690коллапс, сілейме т.б.);

мида энергия түзуге қажетті тотығатын заттың

(глюкозаның) аздығынан; ● дене мүшелерінің тым артық қызмет атқаруынан

организмде бар қуаттың артық пайдаланылып кетуінен - дамиды.

Мида негізгі тотығатын зат болып глюкоза есептеледі. Мидың сыртқы қыртысы нейрондарында глюкозаның қоры сақталмайды, ол оны ұдайы қаннан алады. Қанның 20%-ға жуық глюкозасын ми пайдаланады.

Орталық жүйке жүйесі оттегіге өте мүқтаж. Оттегіні пайдалану тіпті 20%-ға азайғанда адам есінен танады. 5-6 мин. аноксиядан (оттегі түспеуінен) кейін мидың сыртқы қыртысы нейрондарында қайтымсыз өзгерістер пайда болады.

Гипоксияға мидың тежелу тетіктері өте сезімтал. Сондықтан олар тым ерте және қатты бүлінеді. Осыдан бүлінбеген нейрондар тежеуші бақылаудан шығып кетеді де, олардың белсенділігі артады. Сонымен қатар нейрон мембраналарында натрий-калыщй каналдары ашылып, олар жасуша ішіне көптеп енеді. Ал, оларды жасуша сыртына шығару үшін энергия қажет. Энергия тапшылығы кездерінеде бұл үрдіс қатты әлсірейді.

Ишемия кезінде нейрондардың деполяризациясы нәтижесінде жүйке аяқшалары арқылы қоздырғыш амин қышқылдары (глутамин, аспарагин, L-гомоцистеин т.б.) көптеп шығарылады және түйіспелердің саңылауларынан олардың кері қамтылуы бұзылады. Осыдан олардың деңгейі жасуша сыртындағы сұйықта көбейеді. Бұл амин қышқылдары нейрон мембраналарында натрий мен кальций каналдарының ашылуына әкеледі.

Натрий нейрон ішіне кіруіне байланысты нейрондардың және митохондрийлардың ісінуі және бүлінуі байқалады. Содан энергияның және құрылымдық нәруыздардың тапшылығы дамиды

Ары қарай нейронға судың енуі сүт қышқылы мен бейорганикалық фосфордың көп жиналып қалуынан болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]