Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

18.Италия халқы: саны, туылу деңгейі, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық мәселелері.

Италия-ЕуропаныңОңтүстік бөлігінде,Жерорта теңізіжағалауындағыАпеннин түбегінде, Сицилия,Сардинияжәне бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы –Рим қаласы(2,8 млн.). Бұған қосаМилан(1,6 млн.),Неаполь(1,2 млн.),Турин(1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Халқының 70%-ы – қызмет көрсету саласында жұмыс жасайды. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі – 35,6%, ауыл шаруашылығы – 3,9%, қызмет көрсету – 60,5%. Халқының 70%-ы – қызмет көрсету, 22%-ы – өнеркәсіпте, 8%-ы – ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен. Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т.б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді.Италиялықтар (өзд. атауы – италиани) – ұлт, Италияның байырғы халқы. Жалпы саны – 68 млн. адам (1995), Италияда 55 млн., Еуропада 2,9 млн., Америкада8,2 млн.,Австралияда300 мың,Африкада100 мың италиялықтар тұрады. Италиялықтардың құрамында сицилиялықтар, сардиндер, венеттер, лигурлар, калабрилер, ломбардылар, пьемокттар, госкандар секілді субэтностық топтар бар. Антропологиялық жағынан италиялықтар еуропа нәсілдің үнді-жерортатеңіздік түріне жатады. Италиялықтардың тілі үндіеуропа тілдері шоғырының роман тобына жатады және үш диалектіге бөлінеді. Әдеби тілі 14 ғасырда Флоренция диалектісі негізінде қалыптасқан. Ал жазуы латын әліпбиіне негізделген. Италияндықтар христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Б.з.б. 1-ші мыңжылдықта Италияны ерте заманғы итали (италик) тайпалары (қазіргі Италиктер) қоныстанған.Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн-нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%-дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т.б.

19. Италияның сыртқы экономикалық байланыстары, негізгі сауда серіктестіктері.

Италия – әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Италияда өте жіңішке авиатарифтер жүйесі жұмыс істейді,мұнда саяхаттайтын отбасыларға,жастарға,зейнеткерлерге арналған арнайы қызмет көрсетіледі.Автомобиль жолдары мен темір жолдар жүйесі жақсы дамыған.Жолаушылардың 90% ы және жүктердің 80%дан көбісі автомобильдермен тасымалданады.Италияда сауда флотында 667 кемелер қатынас жасайды,және жүк тасымалдауы бойынша 17ші орын алады.Ішкі жолаушылар мен жүктерді тасымалдауда басты рөлді автомобиль транспорты алады,ал 2 орынды теміржол.Солтүстік Италияда әлемдегі ең ірі автострадалардың бірі бар,бұл негізгі туристік жол болып табылады.Италиядағы ең ірі порт-Генуя.Жерорта теңізіндегі маңызды порттардың бірі.Елдегі ең үлкен жолаушылар портының бірі Неаполь Апеннин түбегі мен Сицилияның байланыс орталығы болып табылады Ұлттық табыс көлемі (1146,2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Жапония, Германия, Франциядан кейін 5-орында, оны жан басына шаққанда 3-орында. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі – 35,6%, ауыл шаруашылығы – 3,9%, қызмет көрсету – 60,5%. Халқының 70%-ы – қызмет көрсету, 22%-ы – өнеркәсіпте, 8%-ы – ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Экономикасында шетел капиталының үлесі үлкен. Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т.б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1-орында), оған қоса жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім (90%-ы – шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі. Еуропалық одақтың талабы бойынша мал шаруашылығы аса дамытылмай, көбінесе, сүтті және етті мүйізді ірі қара өсіріледі. Теңіз саудасы жақсы дамыған: экспорттың 60 – 65%-ы, импорттың 80 – 90%-ы сауда флотының үлесінде (жүк тасу мөлшері бойынша әлемде 10-орында).Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн-нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%-дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]