Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

3.II дүние жүзілік соғыстан кейінгі дүние жүзінің саяси картасында қандай өзгерістер болды?

ХХ ғасырдың басында жер шарында тәуелсіз дербес мемлекеттер саны 55 болса, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары олардың саны 81 - ге жетті. Бұл елдердің Исландиядан басқасы өз саяси тәуелсіздіктеріне қол жеткізе алған Азия құрлығының жас мемлекеттері болды. Олардың қатарында осындағы аса ірі елдер – Үндістан, Индонезия, Пәкстан, Филиппин, т. б. бар.Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар аралығы мен одан кейінгі уақыт қазіргі саяси картаның бірінші немесе алғашқы кезеңі деп аталады. Бұл кезең Ресей, Австрия - Венгрия, Осман империяларының ыдырауымен, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) т. б. мемлекеттердің құрылуымен және социалистік жүйе елдерінің саяси картада пайда болумен сипатталады. Сонымен бірге осы кезең аймақтық қақтығыстар мен дүниежүзілік соғыстарды болдырмай, ауыздықтау сипатында құрылған халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасының (ҰЛ) (1920 ж), әсіресе қазіргі кезеңдегі аса беделді Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) (1945ж) құрылуымен ерекшеленеді. 1950 жылдардың соңында егеменді мемлекеттердің саны 92 - ге жетті. Енді Азия елдерімен қатар Африка құрлығындағы елдер де саяси бостандық алды. Ең алдымен, оның солтүстігіндегі араб елдерінің көп бөлігі, оның артынша тропиктік Африкада - Гана (1957ж) ең бірінші болып, ал келесі жылы Гвинея өз тәуелсіздіктерін алды. 1960 жыл «Африка жылы» болып есептелінеді. Өйткені осы жылы аталған материктің 17 елі өз егемендіктеріне ие болды. 1990 жылы планетамызда егеменді ел 171 - ге жетті. Келесі жылы Берлин қаласы Германия Федерациялық Республикасының астанасы болып жарияланды. Осы себепті 1991 жылдың қаңтары картасында дүние жүзінің саяси картасында егеменді мемлекеттердің саны 169 - ға дейін қысқарды.1991жылдың қыркүйек айында Балтық маңы елдері - Латвия, Литва және Эстония тәуелсіздіктерін алды. 1991 жылдың соңында КСРО ыдырағаннан кейін, оның орнына егеменді, жас тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар: Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Армения және Грузия республикалары. Осы аталған мемлекеттер енді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды. 1993 жылдың қаңтарында Чехословакия Федерациялық Республикасы өзінің бірігіп өмір сүруін тоқтатып, оның орнында тәуелсіз екі мемлекет: Чехия және Словакия республикалары құрылды. Қазіргі кезде дүние жүзінің саяси картасында 200 - ден астам егеменді мемлекеттер бар. Бүгінгі таңда Біріккен Ұлтар Ұйымына 194 мемлекет мүше.

4.Елдің экономикалық-географиялық орналасу жағдайы туризм даму факторы ретінде сипаттаңыз.

Территория – бұл табиғи ресурстармен қатар адам әрекеті нәтижесінде өзгерген ресурстар тән жер беті кеңістігі. Конуфигурация – мемлекет территориясымен анықталатын ел территориясының формасы. Конфигурацияның практикалық маңызы зор. Әсіресе, конфигурация сыртқы және ішкі қарым-қатынастарға, инфрақұрылым параметрлеріне, саяси -әкімшілік және өндірістік орналасуға, өндіргіш күштердің орналастыруға, туристік ресурстарға және толық туризмге әсер тигізеді. Баранский Н.Н. ЭГЖ берген анықтамасы: «белгілі-бір ауданның, орынның, қаланың экономикалық маңызы бар оған жатпайтын мәліметтерге қарым-қатынасы», қазірдің өзінде өз өзектілігін жоғалтқан емес. Егер бұрын географияны дәстүрлі түрде «арақашықтықтық ғылымы» немесе «кеңістіктік қарым-қатынас» деп санаса, қазіргі кезде уақыттық географияға ерекше көңіл аударуда. Себебі «кеңістіктік» көп жағдайда уақытпен анықталады, транспорттың дамуына байланысты ол салыстырмалы және динамикалық болуда. Бұл проблема «ластану импортымен» байланысты.ЭГЖ мемлекеттің стратегиялық ресурсы болып табылады және географиялық, экономикалық және тарихи факторлардың жиынтығымен анықталады. Туризмнің дамуына әсерін тигізетін бірнеше елдердің ЭГЖ бөлуге болады:Ең бірінші, ол елдің ауданы мен оның шекара ұзындығының қарым-қатынасы тең елдер, оларды шартты түрде елдің «ықшам» коэффициенті деуге болады. Ықшамдылық коэффициенті идеалды деп шеңберге жақын форманы атауға болады. Бұл жағдайда елдің географиялық орталығынан оның шекараларына дейінгі қашықтық тең, яғни елдің әртүкпірі оған келген туристер үшін қолжетімді. Ықшамдылық коэффициенті аз болған сайын, ел мередиан (Бразилия,Аргентина,Италия,Скандинав елдері) немесе параллель бойына (Ресей, Туркия, АҚШ, Канада) орналасады. Территорияның ұзын болуы оның шеткі нүктелерінің бір-іріне алыс болады. Бұл жағдайда елде туристік индустрия барлық аймақта бірдей дерлік дамымайды, тек белгілі ареалдарда немесе туристік аймақтарды, ірі көлік тораптарында ғана дамиды. Мысалы, Қытайда туризмнің дамуының бірнеше зоналарын бөлген : Сары теңіз бен ОҢТ Қытай теңізі аралдарымен қоса, «туристік үшбұрыш» Пекин, Лоян, Сиань. АҚШ –та ірі туристік агломерация елдің оңт шаттарда Калифорния мен Флорида, танымдық туризм ішкі аудандарда – Бостон- НьюЙорк, Филадельфия мен Вашингтон.Мередиан бойымен орналасқан елдер ұтымды десек те болады. Ол мередиан бойы созылып орналасуымен бірнше елдермен шектеседі (туристердің өтуі көп, сауда туризмі ), және бірнеше климаттық белдеулерді де көруге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]