Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

48.Испанияның ішкі айырмашылықтары, әкімшілік-аумақтық бөлінуі.

Испания мемлекеті Еуропаның оңтүстік батыс шетінде орналасып, Пиреней түбегінің 5/6 бөлігін алып жатыр. Мемлекеттің орталық бөлігін 600-800 м биіктіктегі Месета орташа тауы алып жатса, солтүстігінде Кантабрий жəне Пиреней таулары, Арагон ойпаты бөліп тұрса, оңтүстігін Андалуз таулары мен ойпаты алып жатыр. Испания құрамына сонымен қатар, Жерорта теңізіндегі Балеар жəне Питиуз аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдары кіреді. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 39,2 млн. (1999). Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн.), баскилер (2 млн-нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. Астанасы – Мадрид қаласы (5 млн.). Бұған қоса Барселона (1,8 млн.), Валенсия (1 млн.), Севилия (750 млн.), т.б. ірі қалалары бар. Ұлттық мейрамы 12 қазан – Испан ұлты күні (Христофор Колумбтың 1492 жылы Американы ашқан күні). Мемлекет әкімшлік-территориялық жағынан 52 провинцияға бөлініп, 17 автономиялық аймақ – Басков елі, Каталония, Андалусия, Галисия, Астурия,Валенсия, Кантабрия,Мурсия,Кастилия-леон, ла-Риоха, Канар аралдары,Арагон, Кастилия-Ла-Манча,Наварра провинциясы, Мадрид қаласы, Эстремадура тарихи облысы,Балеар аралдары. Әр облыста өз үкіметі мен парламенті бар (comunidades autónomas) және 2 автономиялық қала (ciudades autónomas) – Кеута және Милилла, бар.Тағыда Испания 15 провицияға бөлінеді. Жеті автономиялық аймақ тек қана бір провинцияға кіреді, олар: Астурия (Asturias), Балеар аралдары (Balearic Islands), Кантабрия (Cantabria), Ла Риоха (La Rioja), Мадрид (Madrid), Мурсия (Murcia) және Наварра (Navarre).Провинциялар аудандарға (comarcas) бөлінеді. Ал одан әрі, олар микро-аудандарға (municipio) айырылады.Қазіргі таңда əлемнің 320 млн халқы испан тілінде сөйлейді. Испания БҰҰ, ЕО пен НАТО-ға мүше. 2 автономиялық қала (ciudades autónomas) – Кеута және Милилла, бар.Провинциялар аудандарға (comarcas) бөлінеді. Ал одан әрі, олар микро-аудандарға (municipio) айырылады.Ең ірі қалалар - Мадрид қаласы. Испанияда халқы саны 1 миллионнан асатан 2 қаласы бар олар: Мадрид - 2 232 000, Барселона - 1 595 000,Валенсия - 797 000. Мадрид европада үлкендігінен үшінші орын алады. Европаның мәдени қалаларының бірі. Испанияның орталығында орналасқан. Барселона испанияның шығысында орналасқан, Каталония аутономды обылысында орналасқан, аттас провинциясының астанасы. Испанияда үлкендігінен екінші орын алады. Жерорта теңізімен шектеседі.

49.Испания халқы: саны, туылу деңгейі, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық проблемалары.

Испания халқының саны 39,3 млн. адам. Салыстырмалы түрде Испания демографиялық кезеңді өте кеш бстады. 1940-1970 жылдары өлімнің төмендеуі арқасында халық саны өте көп болып көптеген кезеңдерде қала берді. Тек 1970ттжылдары урбанизация процессінің дамуымен,өмір деңгейінің көтерілуі,ажырасу туу санын барынша кемітті. Егер 1950 жылдары 20,3 адам 1000 тұрғынға келетін болса, ал 1955 жылы бұл көрсеткіш 9,1 дейін кеміді, өлім көрсеткіші 8,9 халықтың 1000 адамға шаққанда ,және бұл Испанияны көптеген еуропалық елдердің деңгейіне жеткізді. Алдағы туудың төмендеуі халық санының төмендеуіне алып келеді. Орташа өмір сүру ұзақтығы : еркектерде 74 жас, ал әйелдерде 81,7 жас,ал өсу структурасы орташа еуропалық деңгейге жақын: жастар 15 жасқа дейінгі 18,1 %, ал 65 жастан жоғары – 16,4 % . Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 79 адам. Жоғары көрсеткіштер агломерацияларда байқалған, Жерортатеңізінде Каталонияда, Валенсияда,Мурсияда, Кадис аймағында, сонымен қатар Страны Басков жағалауларында.Эбро және Гвадалквивир тығыз халықтың орналасуымен ерекшелінеді, ол ауылшаруашылығының дамуының арқасында. Қалалық тұрғындардың саны 76 % құрайды.Ірі агломерациялары Мадрид (5 млн. адам., орталығында 3,1млн адам),Барселона (3 млн. адам орталық 1,7 млн. адам),Валенсия ( 800 мың адам), ірі қалалар қатарына Севилья (684 мың адам), Сарагоса (614мың адам ), Малага (525 мың адам ), Бильбао (372 мың адам), Лас-Пальмас (348 мың адам), Вальядолид (345 мың адам), Мурсия (329 мың адам), Кардова(309мың адам).Испандықтар (27 млн) .Кастилияда , Астурияда, Леонеде, Эстерамадуре, Арагоне, Андалузияда және Мурсияда қоныстанған.Галисийлер португалдықтардың дәстүріне және оларға ұқсайтын халық. Оның құрылуына кельттер септігін тигізді. Табыс көзі бойынша, тұтыну және өмір деңгейі бойынша Испания Еуропада жетекші орынды алмайды. Жұмыссыздық деңгейі жоғары (18,8 %) .Әсіресе оның көрсеткіші құрылыс пен ауылшаруашылығында жоғары, әйелдер мен жастар арасында 25 жасқа дейін. Аумағы бойынша ең үлкен жұмыссыздық Андалузияда және Эстремадуре,ең төмен көрсеткіш Галиссияда. Жұмыссыздықтың бірден бір себебі ауылшаруашылығының автоматтандырылуы, соған байланысты жұмыс күшінің қысқаруы. Үлкен жұмыссыздықа қарамастан материалды жағынан жоғары болып келеді 69% жанұяның автомобильдері бар. Бір тұрғын үйге 2,4 адамнан келеді, ал испандықтардың 13% қаладан тыс үйлері бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]