Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

39.Жапонияның халқы, этникалық діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық мәселелері.

Жапония — бір ұлтты ел. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. адамдардың тығыз қоныстануы жағынан Жапония әлемдегi тоғызыншы орынды алады. 127 млн. халқы бар мемлекеттiң өзге елдерден басты айырмашылығының өзi де осында: Халқының 99,4%-і — жапондар . Мұның өзi ел өмiрiнiң өзге мемлекеттерге ұқсамайтын қырларын ерекшелеп көрсететiнi сөзсiз. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. соңғы онжылдықтарда халқының табиғи өсу сипаты күрт өзгерді. Жапония өсудің екінші түрінен бірінші түріне өткен Азиядағы мемлекетке айналды. Бұл «демографиялық революция» өте қысқа мерзімге өтті. Ол жапон қоғамының аса ірі әлеуметтік – экономикалық қайта құрылуының, білім беру мен денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде іске асты. Жапония – дүние жүзінде балалар өлімінің көрсеткішінен ең төмендігімен және өмір сүру орта жасы бойынша көрсеткішінің (80жас) ең жоғарылығымен танылған салауатты адамдар елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік демографиялық саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының мәселелерін жоспарлау жөніндегі сабақтар мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі. Неғұрлым кеш некелесу қатты насихатталады. Азшылық ұлттарға аз ғана айна тайпалары -аралдардың ежелгі тұрғындары, сонымен қатар Орта ғасырдан бері қоныстанған корейліктер. Елде ерте феодалдық кезеңнің өзінде енген екі негізгі дін бар: синтоизм және буддизм. Синтоизм Жапонияның ұлттық діні. Дінге сенушілер бір мезетте қатар өмір сүріп жатқан осы екі дінді де тұтынады; қайсысының әсері басым болса, соған көбірек ден қояды.Халық тығыздығы орта есебі бойынша (1 км2 –ге 340 адамнан). Жапония халқы екпіндеп қартаюда. Бұл процесс “күміс революция” деп аталса да, осыны туғызған себептер маңызды әлеуметтік-экономикалық қиындықтар дәмелендіреді. Демографиялық феномен немесе құбылыс: бала тууның төмендеуі.Жұмыспен қамтылуға келсек, Жапонияның 70% астам халқы 15тен- 64 жас аралығында ақылы жұмыспен қамтылған. Бұл елдер арасындағы ЕЭЫДҰ(66%) жұмыспен қамтылудың орташа деңгейінен асып түседі. Ерлер арасында ақылы жұмысты -80%, ал әйелдер- 60% алыр жатыр. Жапондықтар жылына 1733 сағат жұмыс істейді.

40.Жапонияның географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдай мен ресурстары туризм даму факторы ретінде сипаттаңыз.

Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады. Территориясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Өлттық саябақтар (Бандай — Асахи, Никко, Сето-Найкай, т.б.) мен қорықтар көп. Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді. Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның «Күншығыс елі» дейтін атауынан да бейнелі көрініс тапқан.Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2 .Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел.Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ шағын саябақтарды, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады.. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып келеді. Жапония шаруашылығының аса маңызды ерекшелігі – оның халықаралық экономикалық байланысқа айрықша кеңінен тартылуында. Елдің нашар қамтамасыз етілуі - өз отыны мен шикізатының жетіспеуінде, сондықтан оның 9/10 бөлігін сырттан алады. Басты өндірістік аудандар Токио, Осаки, Нагой, Китакюсю, шикізат пен отынды импорттауға сүйенетін ЖЭС пен АЭС – тің, металлургиялық, мұнай өндейтін және химиялық комбинаттардың, машина жасау завоттарының басым бөлігі осы арала орналасқан.

41.Жапонияның сыртқы экономикалық байланыстары, негізгі сауда серіктестіктері.

XXI ғ-ға барар жолда. 50 – жылдардан бастап ширек ғасыр бойы жапон экономикасы өте жоғары қарқынмен өсуде болды. Ел қысқа мерзім ішінде ғылымда, техникада, білім беруде, өнеркәсіп пен саудада үлкен жетістіктерге жетіп, қарыштап алға басты. Бугінгі таңда өзінің экономикалык потенциалы жагынан элемдегі алдыңгы қатардағы мемлекеттер ішінде. Елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 2,4 трлн $ (доллар). Әлемдік өнеркәсіп өндірісінің 12% Жапония үлесінде. Бул мемлекет автокөлік, кеме, темір өңцеу жабдықтарын, тұрмыстық-электрондық техника, роботтар шығарудан элем бойынша бірінші орында. Жапонияның өнеркәсібі алғашында негізінен эволюциялық жолмен дамыды. Энергетика, металлургия, автомобиль және кеме жасау, химия, мұнай-химия, құрылыс өнеркәсібі сияқты базалық салалар импорттық шикізат арқылы қайта құрылған болатын. Бұлардың бәрі техника мен технологияның ең жаңа жетістіктерімен жабдықталды, бұл кезде көптеген патенттер мен лицензиялар шетелден, әсіресе АҚШ пен ГФР-ден сатып алынып, жергілікті жағдайға бейімделіп құрылды.Қуат және шикізат көздерінің дағдарысынан кейін, яғни 70-жылдардың ортасында өнеркәсіп дамудың революциялық жолына түсті. Ел импортқа тәуелді отын мен шикізатты қажет ететін өндірістерді (қуат көзі мен металға қатысты болып келетін) барынша азайып, ал ең жаңа ғылымға тікелей қатысатын салаларды барынша көбейте бастады. Ғылым электроника, жұмыс техникасы, биотехнология салаларында жетекші орынға ие болып, дәстүрлі қуат көздерін пайдалануға кірісті. Жапония ғылымды қаржыландыру үлесі жағынан дамыған елдердің ішінде бірінші орын алады, ал ғылыми қызметкерлірдің саны жағынан ГФР, Ұлыбритания және Францияны қосып есептегендегіден асып түседі.Басты ауылшаруашылық өнім – күріш, сонымен катар жеміс-жидек, көкөніс өндірісі, сондай-ак балық аулау саласы. Негізгі экспорт тауарлары: машиналар мен жабдыктар, электроника, металдар және металл бұйымдары, химиялык өнімдер. Негізгі импорт тауарлары: өнеркәсіптік шикізат пен жарты-лай шикізаттар. жанармай жэне азык-түлік. Жапонияның тауар айналымындағы АҚШ-тың үлесі 90-шы жылдары 30,4% тең болды, ал жұмыссыздар саны осы жылдары 1,56 млн адам болған, ал сыртқы сауда көрінісі, экспорт 146 млрд доллардан асып, импорт - 126 млрд доллар болған. Негізгі сауда серіктестіктері Оңтүстік- Шығыс Азия елдері,АҚШ,Германия.Әлемдік экспортта Жапонияның үлесі 6%.

Экспорттағы серіктестері:АҚШ, Оң Корея, Қазақстан,ТайваньИндонезия,Сингапур,Малайзия.

Импорттайтын елдері: АҚШ, Қытай, Оң Корея, ГФР ,Ұлыбритания

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]