Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

28.Қытайдың географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстарын сипаттаңыз.

Қытай Халық республикасы. Аумағы – 9561 мың. кв.км. Халқы – 1300 млн адам. (2004 ж.) ЖІӨ – 3679 млрд долл. (1997 ж.) Жан басына шаққандағы ЖІӨ – 2950 долл. Аумағы, шекарасы, географиялық орналасуы . Қытайлар өз елдерін «Чжунго» деп атайды, аудармасы «Орталық мемлекет» дегенді білдіреді.Қытай республикасы Синьхай революциясы нәтижесінде 1912 жылы құрылған болатын. Қытай - әлемнің ең ірі елі, құрлықтың шамамен 7% алып жатыр. Ел батыстан шығысқа қарай – 5700 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай – 3650 км созылып жатыр, 21,5 мың км- шекарасы құрлық арқылы, 15 мың км жуығы теңіз арқылы өтеді. Қытай құрлық арқылы КХДР, Ресеймен, Монғолиямен, Қазақстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Ауғанстанмен, Үндістанмен, Непалмен, Бутанмен, Мьянма, Лаос және Вьетнаммен шектесіп жатыр. Сары, Шығыс қытай және оңт қытай теңіздерінің шайып жатуы кеме қатынасы мен балық шаруашылығының дамуына да септігін тигізіп отыр. Табиғи жағдайы және ресурстары.Жер бедері күрделі. Аумақтың ¾ бөлігін таулар, үстірттер мен қазаншұңқырлар алып жатыр. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жазықтар елдің шығысында шамамен аумақтың 12 % алып жатыр. Аумағы бойынша ең үлкен Ұлы Қытай жызығы солтүстік бөлігінде Хуанхэ өзенінің аллювийлі шөгінділерімен, ал орталық және оңтүстік бөлігінде Янцзы және оның салаларының шөгінділерімен көмкерілген. Ұлы қытай жазығынан батысқа қарай Ордос шөлі мен Лессо үстірті алып жатыр. Бұл аудан әлемдегі ең эрозияға ұшыраған аймақ. Оңтүстікке қарай Циньлин жотасы жатыр. Оңтүістікке қарай өнімділігі аз Юньнань-Гуйчжоу үстірті жатыр, мұнда әлемдегі ең ірі карст аудандары бар. Елдің оңтүстік-батыс бөлігін Тибет үстірті алып жатыр, оның көп бөлігі 4000 м биіктікте жатыр.Елдің солтүстігінде Монгол таулы үстірті мен Гоби шөлі алып жатыр. ҚХР- әлемде минералды шикізатпен қамтамасыз етілген бірден бір ел, тас көмір, темір, марганец, боксит және цинк, күміс, сурьма, вольфрам мен молибден, сынап, титан, ас тұзы қоры бойынша әлемде алғашқы орында. Уран, бериллий және алтын қоры да мол. Батыс бөлігі геологиялық тұрғыдан аз зерттелеген.Тас көмір қоры бойынша (1,5 трлн т) Қытай тек АҚШ жол береді, ал барланғаны бойынша (783 млрд т) әлемде бірінші орында. Индустриалды дамыған Солтүстік және Солтүстік- Шығыс Қытай көмірге бай. Басты көмір бассейіндері: Шаньсий, Шэньсий, Кайлуань, Фушунь и Фусинь. Ішкі Монголияның солтүстігі перпективті қорлар орналасқан.Мұнай мен газдың барланған қоры бойынша Қытай әлемдегі басты мұнай елдеріне жол береді.Ірі кен орындары – Аньшан бассейіні (елдің солтүстік шығысы), Баян-Обо (Ішкі Монголия), Дае, Мааньшань (Шығыс Қытай) және т.б. Түсті металдар елдің оңтүстік және орталық провинцияларында шоғырланған. Таулы-химиялық шикізат әртүрлі және қоры өте мол. Ас тұзының мол қоры Цайдам қазаншұңқырында орналасқан, көптеген аудандарда фосфат, күкірт, калий тұзы, йод, бром және бордың мол қоры бар. Қытайдың климаттық жағдайы әркелкі. Елді субтропик, тропик және қоңыржай белдеулер кесіп өтеді. Шығыс бөлігінің климаты муссонды, жазғы муссондар жауын-шашын әкеледі. Жазы ыстық, солтүстікте қыс – суық, оңтүстікте- салқынырақ, ал қиыр оңтүстікте – жұмсақ және жылы (Хайнань). Оңтүстік-шығыста тайфундар жиі болады. Батысында климат шұғыл континентальды. Қысы өте суық, қар аз түседі, жазы қазаншұңқырларды жылы, тауда салқын. Температуралардың тәуліктік амплитудасы үлкен. Жауын-шашын аз түседі. Қытай су қорына өте бай, бірақ аумақ бойынша және маусым бойынша біркелкі таралмаған. Оңт шығыс пен шығыс суға өте бай, ал батысы кедей. Қытайдың ірі өзендері - Янцзы, Хуанхэ және Сицзян. Қытайдың топырақ жамылғысы да әркелкі: солтүстіктен оңтүстікке қарай Янцзыдан солтүстікке қарай табиғи зоналардың ендік бойынша ауысатыны байқалады : шығысында – муссон типті жалпақ жапырақты ормандар, батысында – дала өсімдігі, шөлейтке айналады.

29.ҚХР Шаруашылығы.

Қытай – дүниежүзілік шаруашылықта аса маңызды орынға ие болып отырған өте қуатты индустриалдық – аграрлық ел. Қытай көмір жəне темір кендерін өндіру, болат қорыту, мақта – мата тоқу, теледидар, радиоқабылдағыш шығару салалары бойынша дүние жүзінде бірінші орын, электр қуатын, химиялық тыңайтқыштар, синтетикалық материалдар жəне т.б. өндіруден екінші орын алады. Электроника, əуе-ғарыштық басқа ғылым тікелей қатысатын ғылым салалары тікелей өсті. Химиялық кешен кокс-химия жəне өсімдік шикізаттарына сүйенеді. ҚХР – соңғы жылдары қарқынды дамып келе жетқан индустриалды-аграрлық социалистік мемлекет. өнеркәсіп, ауыл шаруышылығы, қорғаныс, ғылым мен техниканың модернизациялау бағдарламасы жүзеге асуда.Соңғы жылдары ҚХР өндірісті орналастыруда айтарлықтай өзгерістер болды. Қазіргі уақытта экономиканы модернизациялау нәтижесінде Қытай аймақтары бірдей қарқынмен дамып жатқан жоқ. Арнайы экономикалық аймақтар теңіз маңы провинцияларында құрылды, себебі шетел капиталын тартуда өте қолайлы. Елге шетел инвестициялары тартылды. Соңғы 5 жыл ішінде оның көлемі 60 млрд доллардан асты (80 пайызға жуығы теңіз маңы провинцияларында). Теңіз маңы мен ішкі аймақтар арасындағы өмір сүру деңгейінде айырмашылықтар бар. реформалардың жемісін Шығыс қытай көрді. Бұл аймақ ауданның ¼ бөлігін алып, халықтың 1/3 тұрады. Бірақ ЖІӨ 2/3 бөлігі өндіріледі. әр адамға орташа табыс ішкі аймақтарға қарағанда 4 есе көп. 1991-1997 жж Шығыс қытайдағы экономика 16 пайызға өскен, ал Орталық және Батыста – тек 9 пайызға. Ішкі аймақтардың Шығыс қытайдан қалуының тағы бір себебі олар шикізат пен энергияны жеткізушілер, ал теңіз маңы провинциялар соңғы өнімді шығарады.

30. Қытай халқы: саны, туылу деңгейі, этникалық және діни құрамы, халықтың жұмыспен қамтамассыз етілу деңгейі, демографиялық проблемалары. Халқы. ҚХР – көп ұлтты мемлекет, оның аумағында 56 әртүрлі ұлттар тұрады. Бірақ та халықтың 91% қытайлар құрайды.Қытайлыр елдің шығыс бөлігінде шоғырланған, аумақтың 2/3 бөлігін батысқа қарай қытай емес ұлттар алып жатыр. Олар табиғи жағдайы ауыр ауылдық жерлерде өмір сүреді. Қытай емес ұлттар ішінде ең көбі - чжуандар, хуэй,ұйғырлар,монголдар,тибеттіктер,бірақ көп автономиялық ауданда ханьцтар басым. Солтүстік шығыста корейцтер, маньчжурлар, оңтүстікте - ицзу, мяо, яо және т.б. өмір сүреді.Қытай халқын діни халық деп атау қиын, бірақ та әрбір қытайлықтың өмірі үш басты діни ағым- конфуций, дао және будданың моральдық-этникалық нормаларына бағынышты. Сонымен қатар Қытайда хуэй, уйгуров, казах, киргиз және Памирдің кейбір халықтарында ислам таралған. Қытай әлемде халық саны бойынша бірінші орында. (әлем халқының 20 пайызы). ХХ ғасырдың басында Қытайда халық саны 430 млн адамды құраған, өмір сүрудің орташа ұзақтығы 30 жас.ҚХР құрылғанан кейін, туу көрсеткіші жоғары қала берді, өлім азайып, халық саны жоғарғы көрсеткішпен өсті. Бұл арнайы демографиялық саясатты талап етті. 80 жылдардан бастап бір отбасыға – бір бала саясаты енді. ал екінші бала туылғанда отбасы бұл жеңілдіктен айрылатын және үлкен соммада аыйп пұл төлейтін. Жалпы Қытайдың демографиялық саясаты өте тиімді, әсіресе қалалық жерде, ХХ ғасырдың соңында туу көрсеткішін 15,2 ‰ шейін төмендеді. өлу көрсеткіші 6,5 ‰, ал табиғи өсім 8,7 ‰ құрайды. Қытайдың халқында ерлер үлесі басым (51%), ол ерлердің әлеуметтік дәрежесінің жоғарылығымен және әйелдің тұрмыстық жағдайының ауырлығымен байланысты. Еңбек ресурстары елдің жартысын құрайды, ¾ ауыл шаруашылығымен шұғылданады. Еңбекпен қамтамасыз етілгендердің өнеркәсіпте және экономиканың өзге алаларында үлес салмағы артуда. Мемлекеттік секторда еңбек ресурстарының 15% ғана қамтылған. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің жетіспеушілігіне байланысты а.ш. еңбекпен қамтамасыз етілу мәселесі өзекті. Бұл салада 140 млн адам еңбекпен қамтылған. Қлада да жұмыссыздық сақталған, олардың саны 8 млн адамға жетеді.Қазіргі таңда Қытайлық эмигранттардың саны 45 млн адамға жетті, олардың басым бөлігі Оңт Шығыс Азияда өмір сүріп жатыр. Қытай жұмыс күшінің экспортері десек те болады. (АҚШ; Жапонияға тұрақты тұруға көшуде, заңсыз мигранттар РФ Қиыр шығыснда өте көп, бизнес, Чайна таун).

31. Қытайдың ішкі айырмашылықтары, әкімшілік-аумақтық бөлінуі. Елдің әкімшілік-аумақтық құрылымы төрт деңгейлі : 1-ші – бұл 23 провинция (Тайваньды қосқанда), 5 аз ұлтты автономиялық аудан және орталыққа бағынышты 4 қала - Пекин, Шанхай, Тяньцзинь және Чунцин. Көптеген провинциялар шекаралары ескі, ал автономиялық аудандар халық билігімен құрылған болатын (Тибет автономиялық ауданы 1965 жылы ғана құрылған).1997 жылы Ұлыбритания Азиядағы соңғы иелігін – үлкен емес, бірақ сауда – экономикалық, қаржылық жағынан саяси маңызы зор Гонконг аумағын 99 жыл жалға пайдаланудан кейін Қытайдың өзіне қайтарды. Сянган өзінің ерекше статусы 50 жыл бойы сақаталатын ҚХР-дың құрамындағы Арнаулы əкімшілік аудан болып жарияланды. 1999 жылдың аяғында елдің оңтүстігіндегі тағы бір шағын аймақ, бұрын португалдық отарлық империяның соңғы тұяғы – Аомынь да Қытайдың құрамына өтті. 1949 жылы ҚХР болып өзгергеннен бері Қытай халқының саны екі есе өсті., 1990 жылғы бүкіл қытайлық халық санағы бойынша саны 1 млрд 134 млн адамды құрады. Қытайдың 600 млн-нан астам адам еңбекке жарамды, оның 2/5 бөлігін жастар құрайды. Этникалық құрамы жағынан Қытай халқының көпшілігін қытайлықтар құрайды. Олар елдің шығыс бөлігінен қоныстанған. Урбанизация деңгейі бойынша Қытай осы жақын уақытқа дейін бұл процесс нашар жүрген елдердің қатарына қосылды. Бірақ қазіргі таңда үлкен қалалар (500), “миллионер” – қалалар (50), тұрғындары шектен тыс көп (370 млн) қалалар деген сияқты қалаға қоныстанғандардың жалпы саны бойынша Қытай дүние жүзінде бірініші орын алады. Әкімшілік бөлінудің екінші деңгейі- округтер, олар 200 астам, сонымен қатар 36 ұлттық автономиялық округтер . Синцянь Ұйғыр автономиялық ауданында қазақ ұлттық округы бар. округтер уездерге бөлінелі (олар 2 мыңнан астам) – бұл үшінші деңгей. Билік органдарының төменгі деңгейі – болыс (волость). Экономикалық аудандары:А) Солтүстік-шығыс1Хэйлунцзян 2Гирин 3Ляонин; Ә) Солтүстік1 Ішкі Монголия, 2 Шаньси, 3 Хэбэй; Б) Шығыс1 Шаньдун, 2Цзянсу, 3Аньхой, 4Чжэцзян, 5Цзянси, 6Фуцзянь; В) Оңтүстік-батыс1 Тибет автономиялық ауданы, 2Сычуань, 3Юньнань ,4Гуйчжоу; Г) Орталық-оңтүстік1 Хэнань, 2Хубэй, 3Хунань, 4Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы, 5Гуандун, 6Хайнань; Д)Солтүстік-Батыс1Синцзян-Ұйғыр автономиылқ ауданы, 2Цинхай, 3Ганьсу, 4 Нинся-Хуэй автономиялық ауданы, 5Шэньси. Ірі қалалары: Пекин, Тяньцзинь, Шанхай, Тайбэй, Гуанчжоу, Ухань, Шэньян

32. Қытайдың туристік-рекреациялық ресурстары және оны пайдалану. Қытайдың туристік-рекреациялық ресурстарын 3-ке бөлуге болады: 1)Табиғи (гидрологиялық, климаттық, ормандық, геологиялық, гидрологиялық, ерекше қорғалатын объектілер). 2)Курортологиялық (минералды сулар, емдік балшықтар, т.б.). 3)Тарихи-архитектуралық (мәдениет, тарих, археология ескерткіштері). Туристерді қызықтыратын орындардың саны 99 қала, 750 мемлекет қамқорлығындағы мәдени ескерткіштер и 119 орын мен учаскелер. Олардың жалпы саны территорияның 1% ғана алады. Ең танымал 27 объект ЮНЕСКО-ның қорғалатын объектілердің тізіміне енді.

Аты

Объект түрі

Тізімге қосылды

1

Ұлы Қытай қорғаны

Мәдени

1987

2

Император сарайы

Мәдени

1987

3

Могаоның Дуньхуандық үңгірлері

Мәдени

1987

4

Мавзолей Циньшихуанди және терракотты әскері

Мәдени

1987

5

Чжоукоудянь синантропы

Мәдени

1987

6

Тайшань тауы

Мәдени -табиғи

1987

7

Хуаншань тауы

Мәдени -табиғи

1990

8

Улинюань ұлттық паркі

табиғи

1992

9

Цзючжайгоу ауданы

табиғи

1992

10

Хуанлун ауданы

табиғи

1992

11

Чэндэ жаздық тау курорты және храмы

Мәдени

1994

12

Конфуций храмы

Мәдени

1994

Табиғи-рекреациялық ресурстар. Гидрологиялық-рекреациялық ресурстар Қытайдағы көптеген өзендер мен көлдердің санымен, теңіздер акваториясымен сипатталады. Олардың ішіндегі ең қызықтыратын ресурс-сарқырамалар, Қытайдағы ең ірісі- Гуйчжоу провинциясындағы Хуангошу сарқырамасы. Халық арасында «Жердегі жұлдызды торап» атанып кеткен. Оның биіктігі-74, ал ені-81м, әлеидегі ең танымал сарқырамалардың бірі. Туризм мен демалыс үшін ең танымал зона-Санья ауданы. Қыстың өзінде ондағы судың температурасы 18-220С. Шаңғы курорттары үшін гидрологиялық және климаттық ресурстардың ара-атынасы әсер етеді . Шаңғы курорттарының ішіндегі ең танымалысы- Ябули курорт , Харбиннен 195 км жерде оның ауданы- 23 км2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]