Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

50.Испанияның туристік - рекреациялық ресурстарына сипаттама.

Испанияның негізгі туристік рекреациялық ресурсы Жерортатеңіздік жағажайлар. Туристік рекреациялық ресурсты 2 үлкен топқа бөлуге болады: табиғи-рекреациялық ресурстар және тарихи-мәдени және инфрақүрылымдық ресурстар. Климатаны келер болсақ, Жерортатеңіздік субтропикалық климатты қарастырамыз орташа температура қыста 8-14, жазда 23-29.жауын-шашын 250-700мм жылына. Ел территориясының 90% тау алып жатыр, атап айтсақ: Пиренеи, Сьерра-Невада, Кантабрия таулары, Орталық Кардильера, Иберий таулары, Месета биік таулы беткейі және т.б.Жерорта теңізі мен Атлант мұхиты сулары: жағажай(ЮНЕСКО туы астындағы 329 жағажай); Эбро, Дуеро, Тахо, Гвадиана, Гвадалкивир өзендері; емдік су көздері, термикалық және емдік-бальнеологиялық батпақтар. Бальнеологиялық курорттардың көп бөлігі Жасыл Испания ауданында. Ауданның бұлай атау себебі, емен,эвкалипт,қарағай ағаштарына,әрі таулы массивтерге бай. Ерекше қорғалатын табиғи территориялары да туристік ресурстарға жатады. Елде 200ден аса қорық бар, Испания территориясының 5%(500ден аса табиғи саябақтар мен қорықтар) мемлекет қорғауында. Экскурсиялық танымдық мақсаттағы туризм үшін аса маңызды ботаникалық бағы бар Буено-Пэтиро ҰП, Мадридтегі РЕтиро паркі, Мальорка аралындағы Драк және Хамс үңгірлері, Тенерифе аралының Оротава жазығындағы ботаникалық бақ, Лансароте арлындағы Хамеос-дель-Агуа и Куэва-делос-Вердос үңгірлері. Слнымен қатар, елде діни және экскурсиялық-танымдық туризм үшін орны ерекше көптеген мұражайлар(Барселонадағы «Пабло Пикассо», «Хуано миро», Мадридтегі Испан халқы мұражайы, «Прадо»көркемсурет жәнесәулет мұражайы, Санчос қаласындағы «эль Греко» т.б. мұражайлары) бар. Инфраструктуралыққа келер болсам, ойын-сауық индустриясы ең маңызды орындардың бірін алады: Барселоналық аквариум оның суасты әнек туннелі әлемде ең ұзыны; «Магиялық арал»(Севилья)әлесдегі ең алғашқы тематикалық ойын-сауық паркі; «Лора-парк»(Тенерифе)-әлемдегі ең үлкен тотықұс колониясы бар(230 түр); Порт-Авентура 8 ілгегі(петля)бар Еуропадағыең үлкен америкалық сырғанақ; «Акваленд» Испаниядағы ең үлкен аквапарк. Транспорт.Автожолдардың 3 типі бар: мемлекеттік, австрадалар(картада А деп белгіленеді және жол жүру ақылы), муниципалды. Әуежай саны 153 тен асады. Қонақүйлер мен отельдер 1-5* жұлдыздар арасында. 1900 қонақүй 4-5* дәрежеде. Ең үлкен қонақүй желілері - «Групо Соль Мелья-Трур», «Групо-Риу», «HX».Парадорлар- мемлекетке тиесілі қонақүйлер саны 90ға жетеді. Рефухьос – альпинистерге арналған таудағы приюттер.

51.Испанияның ішкі айырмашылықтары, әкімшілік-аумақтық бөлінуі.

Испания патшалығы – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Жер көлемі 505,9 мың км2.. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 39,2 млн. (1999). Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн.), баскилер (2 млн-нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. Астанасы – Мадрид қаласы (5 млн.). Бұған қоса Барселона (1,8 млн.), Валенсия (1 млн.), Севилия (750 млн.), т.б. ірі қалалары бар. Ұлттық мейрамы 12 қазан – Испан ұлты күні (Христофор Колумбтың 1492 жылы Американы ашқан күні). Ұлттық ақшасы – песета. Мемлекет әкімшлік-территориялық жағынан 52 провинцияға бөлініп, 17 автономиялық аймақ – Басков елі, Каталония, Андалусия, Галисия, Астурия,Валенсия, Кантабрия,Мурсия,Кастилия-леон, ла-Риоха, Канар аралдары,Арагон, Кастилия-Ла-Манча,Наварра провинциясы, Мадрид қаласы, Эстремадура тарихи облысы,Балеар аралдары. Әр облыста өз үкіметі мен парламенті бар (comunidades autónomas) және 2 автономиялық қала (ciudades autónomas) – Кеута және Милилла, бар.Тағыда Испания 15 провицияға бөлінеді. Жеті автономиялық аймақ тек қана бір провинцияға кіреді, олар: Астурия (Asturias), Балеар аралдары (Balearic Islands), Кантабрия (Cantabria), Ла Риоха (La Rioja), Мадрид (Madrid), Мурсия (Murcia) және Наварра (Navarre).Провинциялар аудандарға (comarcas) бөлінеді. Ал одан әрі, олар микро-аудандарға (municipio) айырылады. Қазіргі таңда Испания Еуропа елдері арасында автокөлік шығару жөнінен алдыңғы орындардың бірінде. Мемлекет шарап жасаумен әйгілі.Мемлекетте болат балқыту, текстиль, химия өнеркәсіптері дамуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]