Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

21.Италияның туристік аудандары және оларға сипаттама беріңіз.

Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн-нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%-дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т.б. Пьемонт.Бұл аймақ өзінің Франция мемлекетімен шекаралас орналасуымен және өзінің тау курорттарымен өте әйгілі. Облыс орталығы-Турин қаласы. Облыста машина жасау, текстиль және электротехника өнеркәсібі жақсы дамыған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы да қарқынды даму үстінде. Облыстың ірі қалалары: Асти, Кунео, Новара, Варчелли.Бұл облыстың негізгі мамандандырылған туризм түрі тау шаңғы туризмі, яғни Турин курорттары. Облыста қаңтар айынан бастап сәуір айына дейін тау шаңғы туризмі қарқынды жұмыс істейдң де, жазғы маусымда жастарға арналған белсенді туризмді ұсынады. Валле д` Аоста.Бұл облыс Пьемонттың географиялық бөлігі болып табылады, бірақ 1948 жылдан автономияның бірқатар құқықтарын қолдануда. Франциямен және Швейцариямен шектеседі. Облыстың орталығы Аоста. Облыс пайдалы қазбаға бай: темір, мыстың кендерінің және мәрмәрмен.Негізгі сала ауыл шаруашылық, оның ішінде ірі мүйізді қара. Облыс сондай-ақ өзінің ірімшіктерімен атақты, ең белгілі ірімшіктердің бірі "Фонтина". Лигурия.Жерорта теңізінің ең ірі теңіз сауда орталықтарының бірі. Облыс орталығы-Генуя. Облыстың негізгі туризм бағыты-теңіз жағасындағы туризм. Жұмсақ климат, жылы қыс, таза ауа, көркем ландшафтты. Шенген келісімі Лигурий туристеріне Ниццаға, Каннға, Ментонға, Антибқа, Монакоға саяхат жасауға мүмкіндік береді. Лигурийге қосымша танымалдылықты әлемге әйгілі курорттар: Портофино, Репалло және Санта Маргерита Лигуре, Сан ремо береді.

Ломбардия. Облыстың орталығы Милан қаласы. Ол Оңтүстік Европадағы Италияның басты қаржы жасауда орталығы, ең маңызды авто және теміржол түйіні. Екі әуежай-үлкен санды италиялық және халықаралық сызықтарға қызмет етеді. Миланда, Варезе, Комо, Бергамо және Брешиде-Италияның металлургиялық, индустриялық кәсіпорнының көпшілігі, машинажасау, химиялық, азықтық, тоқымалық өнеркәсіптері, құрылыс материал өнеркәсіптері орналасқан.

Лацио. Лацио облысында Италия астанасы Рим(мәңгі қала) орналасқан. Лацио өзінің жазықтарымен, теңізімен, өзендерімен, тауларымен және сөнген жанартауларымен ежелгі облыстардың бірі болып табылады. Рим-тек Лационың емес, бүкіл Италияның туристік орталығы

Кампания. Бұл аймақ халқының тығыздығымен ерекшеленеді. Облыс орталығы-Неаполь. Ол әлемнің ең әдемі шығанақтарының жағасында және вулкан жанында орналасқан. Аймақта Торре-Дель-Греко – әлемнің әйгілі маржан өңдеу астанасы орналасқан. Әйгілі курорттар Амальфи, сорренто орналасқан.

Италияның көне қалаларының бірі-Венеция. Махаббат мекені депте атайды.Венециядай соңғы бес ғасырдан бері өзгермеген күйінде тұрған екінші шаһар жоқ. Расында мұнда бәрі дерлік бәз-баяғы қалпында сақталған. Мұнда ешнәрсе өзгере-де қоюы қиын. Мұнда бірнеше ғасырдан бері, қалада жаңа ғимарат салынбайды, салам десеңіз де рұхсат етілмейді, құрылыс жүргізетін алақандай жер жоқ. Венеция Су үстіндегі ең танымал қала. Венеция мүйісіндегі 118 аралда орналасқан, оларды бір-бірімен 400-ден астан көпір байланыстырып тұр. Каннареджо-Венециядағы солтүстік район.Тарихи қаланың бірі. Италияндықтар бұл жерде негізгі канал деп атайды екен. Бұл жерде туристер қызығып келетін жерлер-Гетто және готическая церковь Мадонна делл орто. Сан-Поло-орталық район,сан-Марко және Санта-Кроче жанында орналасқан.Венециядағы тарихи сауда орталығы болып табылады.

22.Германияның географиялық орналасуы, территориясы, табиғи жағдайы мен ресурстарын сипаттаңыз.

Германия Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Жалпы көлемі – 356,9 мың шаршы шақырым. Германия солтүстікте Даниямен, батысында Польшамен, оңтүстік батысына Чехиямен, оңтүстікте Австриямен, Швецариямен, батысында Франциямен, Бенилюкс елдерімен шектесіп жатыр. Германия Солтүстік теңізге шыға алады. Жағалау ұзындығы 2,4 мың шақырым. Сонымен қатар, Германияның ішкі ауданынан ағып шығатын екі өзен Рейн және Эльба да маңызды. Жалпы тас көмір (230 млрд т) қорынан Германия Еуропада тек қана Ұлыбританияныалға шығарады,ал қоңыр көмір қорынан басқа елдерді озады. Барлық тасты көмір қоры үш Батыс германдық бассейндерінде шоғырланған: Рурда (4/5),Саарск және Ахенде.Ал қоңыр көмір қоры (80 млрд т жуық) 3/5 жуық бөлігі шығыс Германиядағы Лаузицк және орталық герман бассейндерінде ,Батыс германиядағы Нижнерейнский бассейнде шоғырланған, негізгі шоғырланған жері Кельн бассейінінде ашық əдіспен өндіріледі. Қоңыр көмірдің қоры 44 млрд т. Қоңыр көмірді өндіру бойынша Германия 1-ші орында.Табиғи газ қоры да маңызды болып келеді.(340 млрд м куб). Пирит,барит, графит қорлары және құрылыс материалдарын жасайтын ресурста, глина және керамика қорларына бай. Орманды алқаптар елдің батысында. Калий тұзын өндіру мен калий тыңайтқышын өндіру бойынша Германия əлемде алдыңғы орынды иеленуде. Жұмсақ климат және жауын – шашынның қажетті көлемінің болуы ауыл шаруашылығының дамуына мүмкіндік туғызады. Жауын – шашынның орташа көлемі 600-650 мм, ең көп түсетін жері Бавар Альпілерінде – 2000 мм дейін. Германия ауданының жартысына жуығын ауыл шаруашылық жерлер, 30 % ормандар алып жатыр. \Ел дамуында үлкен роль атқаратын минералды шикізат ресуртары Германия үшіне тиімсіз. өзінде өндірілетін шикізаттан гөрі импортталатын шикізат бірнеше есе арзан түсіп отыр.Қоңыр көмірдің қоры 44 млрд т. негізгі шоғырланған жері Кельн бассейінінде ашық әдіспен өндіріледі. Қоңыр көмірді өндіру бойынша Германия 1-ші орында. Германия – еуропа елдерінің ішінде халқының саны (82,02 млн адам) мен тығыздығы (1 шаршы шақырымға 229 адам) жөнінен алдыңғы орында. 1972 жылдан бастап халық санының өсуі кеміді. Туылудың төменгі көрсеткіші тән. Германия жоғары урбанизацияланған ел, қалаларда халықтың 87 % тұрады. Өмір сүрудң орташа ұзақтығы бойынша Германия алдыңғы орында, ер адамдардың орташа өмір сүрі ұзақтығы – 73 жас, әйелдердің – 79,5 жас. 20 жасқа дейінгі жастардың үлесі 20 % аспайды. Германия халықтың өмір сүрі деңгейі өте жоғары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]