Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

46. Үндістанның ішкі айырмашылықтары әкімшілік аумақтық бөлінуі.

Үндістан — федеративті республика, құрамына 28 штат пен 6 одақтық аумақ, Дели ұлттық астаналық округі кіреді. Барлық штаттары мен екі одақтық аумақ (Пудучерри мен Дели ұлттық астаналық округі) өз сайлау үкіметі бар. Қалған бес одақтық аумақ орталық билікпен сайланатын әкімшімен басқарылады және де үндістан президентінің тікелей басшыллығында. 1956 жылы үндістан штаттары қайта ұйымдастырылған болатын. Сол жылдан бастап әкімшілік құрылымы өзгертілмеген.Барлық штаттар мен одақтық аумақтар округ деп аталатын әкімшілік және үкіметтік бірліктерге болінген. Үндістанда 600ге жуық округ бар. Округтер ТАЛУККЕ бөлінеді. Штаттары: Андхра-Прадеш, Аруначал-Прадеш, Ассам, Бихар, Гоа, Гуджарат, Джамму и Кашмир, Джаркханд, Батыс Бенгалия, Карнатака, Керала, Мадхья-Прадеш, Манипур, Махараштра, Мегхалая, Мизорам, Нагаланд, Орисса, Пенджаб, Раджастхан, Сикким, Тамилнад, Трипура, Уттаракханд, Уттар-Прадеш, Харьяна, Химачал-Прадеш, Чхаттисгарх.Одақтық аумақтар: Андаман және Никобар аралдары, Дадра және Нагар-Хавели, Даман және Диу, Лакшадвип, Пондишери, Чандигарх. Ұлттық астаналық округ Дели. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы жоғарғы органы — президент және қос палатадан (халық палатасы мен штаттар кеңесі) тұратын парламент. Жоғарғы атқарушы органы — Министрлер кеңесі, оны премьер-министр басқарады. Ұлттық мейрамдары: Республика күні — 26 қаңтар (1950) және Тәуелсіздік күні (15 тамыз). Британ Достастығының құрамына кіреді, БҰҰ-ның мүшесі (1945). Ақша бірлігі — үндістан рупийі.

47.Үндістанның туристік-рекреациялық әлеуеті және оны пайдалану.

Үндістан - таң ғажайып ел, тіпті мыңдаған жылдарға ұласқан мәдениет, дәстүрлерін қазіргі таңға дейін өзгеріссіз ұрпағына жеткізе білген бірде-бір ел десекте артық болмайды. Индия, оның тарихы және мәдениеті қазіргі бар мәдениеттерге мағыналы түрде ықпалын тигізуде. Үндістанға келетін туристер мемлекет мәдениеті мен музыка, би өнерін тамашалауға келеді. Үндістан- ғажайып мемлекет. Оның нағыз көркін тамашалаған адамдар өмір бойы саяхаттарын ұмытпас және туристердің көбісі қайтып келеді.Мумбайдан кейінгі екінші мегаполис. Делиде халық өте тығыз. Ауылдық жерлерден келген жұмыс қолдарын есептемегенде, ресми түрде 15 миллион адам өмір сүріп жатыр. Аумағы 1484 шаршы шақырым болатын Үндістанның астанасы Дели қаласы Инд пен Ганг өзендері суарып жатқан алып алқапқа орналасқан. Ел аузындағы аңыз бойынша, қазіргі Дели бұрынғы жеті қаланың орнын алып жатыр. Солардың бірі біздің дәуірімізге дейінгі ХІІ Әлемдегі жеті кереметтің бірі – Тәж Махалды салдырған Жақан шах 1638 жылы ескі Делидің іргетасын қалатып, үлкен шаһарға айналдырды. Бүгінгі күнге дейін сол күйінде сақталған ескі Делидің қорғандары әлемдік тарихи мұраға жатады. XVІІ-XІX ғасырлардағы ескі Дели Үндістандағы мұсылман орталығы болған. 1911 жылы сол кезде әмірін жүргізіп тұрған ағылшын үкіметі Үндістан астанасын Калькуттадан Делиге көшіреді. Сол кезде ағылшын мәнеріндегі Жаңа Дели бой көтер­ген. Қызыл құмнан жасалған күйдірілген кірпіштен салынған сол кездегі үйлер қазірге дейін қаланың көркін кіргізіп тұр. Агра - Үндістандағы қала. (Уттар-Прадеш штаты, Үндістан) — моғолдық билеушілердің екінші астанасы. Акбардың тұсында (1556—1605) қызыл сарай мен қамал салынды; , Шаһ-Жаһанның тұсында (1627—1658) Диван-и-ааз, Моти-Мазджид, Итимад-уд-Даула және олардың бәрінен артық Таж-Маһал салынды. Аурангзебтің түсында (1658—1707) астана қайыра Делиге көшірілді. Тадж Махал Заңды түрде әлемнің 7 кереметінің тізіміне 2007 жылдың 7 шілдесінде енді. Бұл сарай да, шіркеу де емес, Ұлы Моғол патшасы Шах-Джаханның сүйікті әйелінің құрметіне тұрғызған мәртебесі биік мовзолей. Бұл архитектуралық шеберлікті тұрғызуға 20 000 жұмыс күші қажет болған. Мумбаи (Mumbai) (Бомбей) — Махараштра шт. әкімшілік орталық, Батыс Үндістан, халық саны - 11 914 398 адам (2001); қала маңындағылармен 16 368 084 адам. Жарты бөлігі Мумбаи аралында орналасқан, тағы бір бөлігінде айлақ бар, екінші жағы Арабия теңізімен ұласып тұр.Бұл аталмыш теңіздегі Үндістанның басты айлағы және дүниежүзіндегі ең үлкен әрі жиі қоныстанған қалалардың бірі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]