Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eltanu-wpor.docx
Скачиваний:
151
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
143.79 Кб
Скачать

56.Еуропа қалалары танымдық туризм орталығы ретінде.

Рим — Италия астанасы, Лацио әкімшілік аймағына қарасты Рим провинциясында орналасқан.Батыс өркениетінің бесігі – мәңгі қала атанған - Рим, ірге тасы қаланғанына үш мың жылға жуық.Осы шаһардағы Әулие Петр Соборы, Венеция сарайы, Сикст капелласы, Капитолий Консерваторлар сарайы, Рим форумы, Апий жолы, Треви субұрқағы, Әулие Каллиста Катакомбасы, Испания алаңы, Пантеон, Әулие періште қамалы сияқты ғимараттарды атап шығуға болады. Солардың негізгі үшеуіне тоқтала кетсек – Колизей мен Пантеонға, Әулие Петр соборы. Колизей - амфитеатр,Ежелгі Римдегі архитектуралық ескерткіш (біздің заманымыздың 75 — 80 ж.). Құрылыс тас кесек, кірпіш және түрлі бетонқоспаларынан салынған.Колизей атауы латынның « колоссеум» («алапат ауқамды» ) деген сөзінен шыққан. Бұл амфитеатрдың ұзындығы 188 метр, ені 156 метр, сыртқы қабырғасының биіктігі – 48 метр бұл дегеніңіз кәдімгі 12 қабат үй мен тең,ірге тасының тереңдігі 13 метр, амфитеатрдың мыңдаған жыл қозғалмай тұрғанының да себебі сонда. Колизейге бір мезгілде 50 мың көрермен сиятын болған. Сексен жерден кіріп шығатын есіктерден енген адамдар айналасы он минуттың ішінде толық жайғасып үлгереді екен. Сол заманда бүгінгідей трибунасы, секторлары отыратын орны көрсетілген, билеттер болған, сондай-ақ Колизей гладиаторлар айқасын қызықтайтын жер болған.Мәңгі қаладағы тағы бір құдірет – Пантеон. Пантеонның кереметі оның 9 метірлік шаңырағы.Онда жалғыз есік пен жалғыз тесік бар. Нөсерлеген жаңбыр жауса да оған бір тамшы су тамбайды. Оған кіргенен-ақ бір жерден түсетін күн сәулесі тек қана сіздің жүзіңізге түскендей тылсым бір күй кешесіз. Оның себебін түсіндіру қиын. Париж (фр. Paris) — Франция елінің астанасы, маңызды экономикалық және мәдени орталығы. Франция ортаңғы бөлігінің солтүстігінде, Иль-де-Франс аймағында, Сена өзенінің жағасында орналасқан. Парижде 13 млн халық тұрады. Қала жоспары шеңбер үлгісінде құрылған. 13 ғ-да шіркеулер мен монастырьлар салына бастады. Атақты Лувр 1204 жылы салына бастап, сол тұста 20 мың шәкірті бар Париж мектептері университет болып бірігеді, алғашқы университет 1629 жылы салынған.Парижде әлемге әйгілі Г. Эйфель мұнарасы, Үлкен және Кіші сарай, ЮНЕСКО ғимараты, Шайо сарайы, Пантеон, СенЖеневьев кітапханасы, т.б. бар. Тұрғындардың айтуы бойынша қаланы Сен-Мишель бульварынан бастап аралау керек. Бұл жер француз жастарының сүйікті орны. Бульвардан таяк тастам жерде Люксембург сарайы бар. Мария Медичидің әмірі мен салыған әсем ғимарат.

57.Азия елінің экономикалық-әлеуметтік жағдайына сипаттама.

Қытай Халық Республикасы — Азия құрылығында орналасқан мемлекет. Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 14 мемлекетпен шектеседі. Қазіргі Қытай – дүниежүзілік шаруашылықта аса маңызды орынға ие болып отырған өте қуатты индустриалдық – аграрлық ел. Қытай көмір жəне темір кендерін өндіру, болат қорыту, мақта – мата тоқу , теледидар, радиоқабылдағыш шығару салалары бойынша дүние жүзінде бірінші орын, электр қуатын, химиялық тыңайтқыштар, синтетикалық материалдар жəне т.б. өндіруден екінші орын алады. Өндіріс екі топқа бөлінеді 1) минералды тыңайтқыштар, 2) тұрмыстық химия жəне фармацевтика. Тоқыма өнеркəсібі – Қытайдың жеңіл өнеркəсібінің басты саласы. Дəстүрлі салалардың қатарына сондай – ақ жібек өнеркəсібі кіреді. Онда 450 млн адам жұмыс істейді. Бұл бидай, жүгері өсіретін “сары Қытай” мен күріш өсіруге маманданған “жасыл Қытай” жəне мұнда шай плантациялары да бар. Қытай экспортқа негізінен дайын киім, тоқыма өнеркəсібі өнімдерін, тұрмыстық электроника, басқа да кеңінен тұтынатын тауарлар, сондай –ақ отын мен шикізат шығарады. Ал сырттан импортқа дайын бұйымдар, əсіресе машиналар мен құрал - саймандар алады. Қытайдың басты сауда серіктері – Жапония мен АҚШ, ал жақын уақытқа дейін Сянган де серік болып келді.80 жылдары аумақты жоспарлауды іске асыру мақсатымен Қытайда үш экономикалық аймақ құрылды: Шығыс, Орталық жəне Батыс. Шығыс аймағы – экономикалық жағынан барынша өскен аймақ .мұнда Қытай қалаларының ең үлкені Шанхай қаласы орналасқан. Қытайдың Орталық аймағында жылу мен қуат, химиялық өнімдер, шикізаттар мен жартылай фабрикаттар жəне азық – түлік өндіріледі. Ал, Батыс аймағында мал шаруашылығына, минералдық шикізаттар өңдеуге баса мəн беріледі. Соңғы 20 – 25 жылда Қытай экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Сыртқы сауда ел экономикасының 45%-дан астамын құрайды. Негізгі сауда серіктесі – Жапония, онан кейін АҚШ пен Оңтүстік Корея. Шетел инвестициясын тартудан Қытай АҚШ-тан кейінгі 2-орында. 1997 жылы 1 шілдеде ҚХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) аралы қайтарылды. Сянганның қосылуы Қытай экономикасының дамуын жеделдетті. Бұл аудан дүние жүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орталығы болып табылады. Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан.

58.Еуропа елінің экономикалық-әлеуметтік жағдайына сипаттама.

Швейцария — жоғары дамыған өнеркәсібі мен өнімді ауыл шаруашылығы бар мемлекет. Швейцария дүние жүзінде капиталды шеттен тартудан алғашқы орындардың бірін иемденеді, дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі саналады. Щвейцария банкілерінің сейфтерінде дүние жүзіндегі ең дамыған елдердің, барлық құнды қағаздарының жартысы жатыр. өнеркәсібі жоғары сапалы, қымбат және ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдер шығаруға маманданған. Жетекші салалары — машина жасау мен металл өң-деу, химия, тамақ өнеркәсіптері. Машина жасауда ұсталық-престеу жабдықтарын, дәлдігі жоғары металл өңдеу станоктарын , дәл өлшеу аспаптарын (күрделі медициналық аппараттар, дәл таразылар, оптик. аспаптар, т.б.), сағаттар (дүниежүз. өндірістің жартысынан көбі, өнімнің 95%-ы экспортталады) шығару неғұрлым жоғары дамыған. Щвейцария тоқыма , полиграф. (баспахана машиналары, түптеу станоктары, т.б.; өнімнің 90%-ы экспортталады), тамақ, сағат өнеркәсібі үшін құрал-жабдықтар өндіру мен экспорттау жөнінде дүние жүзіндегі ең алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Үлкен Цюрих облысы 1.5 млн адамдардың және 150-ден астам компаниялардың үйі. Химия өнеркәсібінде дәрі-дәрмектер , агрохимикаттар (дүние жүзінде 1-орын), тағамдарға иістік және дәмдік қоспалар, парфюмерлік бұйымдар, тоқыма өнеркәсібі үшін бояғыштар, химиялық талшықтар мен пластмассалар шығару да неғұрлым жоғары дамыған. Швейцариялық ірімшіктер, шоколад, кофе, балалар тағамдары, қоюлатылған сүт, тағамдық концентраттар (“Нестле” концерні дүние жүзінде нидерландық “Юнилеверден” кейін 2-орын алады) бүкіл дүние жүзіне танымал өнімдер болып есептеледі. Тоқыма,тігін, аяқ-киім өнеркәсібі дамыған. Жылына 57,2 млрд. кВт/сағ электр қуаты өндіріледі.. Темір жолдарының барлығы электрлендірілген, ең биіктегі т. ж. бекеті теңіз деңгейінен 4000 м-ден жоғары орналасқан. Негізгі дәнді дақылдар: бидай ,қара бидай, жүгері, сұлы. Сондай-ақ қант қызылшасы, картоп, азықтық шөптер мен тамыржемістілер өсіріледі. Жүзім, жеміс-жидек өсіру де дамыған. Швейцарияда жылына 12,5 млн-дай турист демалады. Мейманханалық іс, сонымен бірге арнаулы мейрамханалық құрал-жабдықтар шығару жоғары дамыған. Швейцариядағы ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 53.400 АҚШ долларына тең (2005). Негізгі сауда серіктестері: Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания мен Еуро Одақтың басқа да елдері, АҚШ, Жапония. Швецария Қазақстанның Батыс Еуропадағы ең ірі сыртқы сауда серіктесі болып табылады. Оның үлесіне Қазақстанның еур. елдермен жүргізілетін сауда айналысының 11%-ына жуығы тиеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]