Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
elmeri.docx
Скачиваний:
60
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
297.6 Кб
Скачать

68

Кіріспе

Қазіргі заманғы жағдайларда еңбек медицинасы ерекше мәнге ие болып отыр. Қанағаттанарлықтай емес еңбек жағдайлары, өндірістегі жазатайым оқиғалар және кәсіби аурулар экономикалық шығындарға әкеп соқтырып қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлердің өздеріне және олардың отбасы мүшелеріне де ауыртпашылығын түсіреді.

Қазақстан дамыған өнеркәсіптік өндіріс республикасы болып табылады. Республикада зиянды және қауіпті еңбек жағдайындағы өндірістер аз емес. Еңбекті ұйымдастырудың негізгі критерийі – ең алдымен, жұмыс орнында жағымды және қауіпсіз жағдай туғызу. Халықтың денсаулығы жағдайына қамқорлық жасау – мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігінің деңгейін айқындайтын қоғамның басты міндеттерінің бірі.

Кәсіби аурулардың басқа негізгі ауруларға қарағанда сирек талданатындығы анық. Дегенмен олардың әлеуметтік маңызы зор. Өйткені олар еңбекке жарамды жастағы адамдардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді және еңбекке жарамдылықты жоғалтуға әкеп соқтырады. Сондықтан дамып келе жатқан мемлекетіміздің одан әрі гүлденуіне үлес қосу үшін мамандарымыздың денсаулығына көп көңіл бөлінуі тиіс.

Кәсіби ауруға шалдығудың негізгі себептерінің бірі – адамға ол еңбек қызметі кезінде кез болатын зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың ұзақ уақыт бойы әсер етуі. Сонымен қатар тұрақты дәрігерлік комиссияда қызмет ететін кәсіби дәрігерлердің және белгілі бір сала дәрігерлерінің біліктілік деңгейінің төмендігі, медицина мекемелерінің бәрінің бірдей толығымен диагностикалық жабдықтармен жабдықталмауы. Айтарлықтай себептің бірі – медициналық мекемелердің өнеркәсіп кәсіпорындары жетегінде кетуі. Өйткені жұмыс беруші келісім-шарт жасаған кезде: егер кәсіби сырқаттарды анықтайтын болсаңыз, сізбен келісім-шарт күшін жояды деп ескертеді.

Статистика растағандай, біздің елдегі 8 миллионнан астам адам (53%) белсенді жұмыс істейтін халықты құрайды. Олардың 690 мыңға жуығы зиянды және ерекше қауіпті өндірісте жұмыс істейді. Кәсіпорындардағы кәсіби ауруға шалдыққан қызметкерлер саны жылдан жылға көбеюде. Бірақ соңғы жылдарда акционерлік қоғамдардың, қауымдастықтардың, концерндердің, өнеркәсіптерді басқарудың құрылымдық жүйелерінің өзгеруіне байланысты кәсіби ауруларды есепке алу мен есептеу мәселелері қиындай түсіп отыр.

Қазіргі таңда санитарлық-эпидемиологиялық станциясының мәліметі бойынша, республикада кәсіби патологиямен диспансерлік тізімде 8 225 науқас тіркелген. Салыстырсақ, Жапон мемлекетінде жылына 15 000, АҚШ-та – 190 000 кәсіби аурумен ауыратындар тіркеледі. Бұл көрсеткіштер біздің мемлекетімізде өндіріс орындарында қолайлы жағдайдың артықшылығын емес, кәсіби аурулар толық зерттелмей, диагностика жүйелерінің жетіспеушілігін көрсетеді.

Бүгінгі күні жұмыс беруші біздің азаматтар заңнамамен сенімді қорғалған болса да өз жұмысшыларының денсаулығының жай-күйі үшін жауапкершіліктен оңай құтылып келеді. Медициналық тексерулер тиісті мерзімдерінде өткізілсе де, әрқашан ойдағыдай өткізілмейді. Қызметкерлердің көпшілігі денсаулығының нашар жай-күйін жұмыс орнынан айырылудан қорқып, өздері жасырады.

Осы негізгі себептерді талдай отырып, тақырыптың өзектілігіне көз жеткізуге болады. Себебі зиянды және қауіпті өндіріс факторларын жоймасақ, білікті медицина мамандарын дайындамасақ, медицина мекемелерін диагностикалық жабдықтармен жабдықтамасақ кәсіби аурулар көрсеткіші төмендемейді. Бұл жағдайда жұмыстың өнімділігіне қол жеткізу қиын. Жұмысшылардың денсаулығының нашарлауы мемлекетіміздің дамуына да кедергі болады.

Мақсаты: «Қазатомпром» Маңғыстау атом-энергетикалық комбинатындағы еңбек жағдайын бағалау және Қазақстан өнеркәсіптеріндегі кәсіби аурулардың кездесуін зерттеу.

Міндеті:

1) «Қазатомпром» Маңғыстау атом-энергетикалық комбинатындағы қауіпті және зиянды факторларға талдау жасау.

2) «Қазатомпром» Маңғыстау атом-энергетикалық комбинатының еңбек жағдайын бағалау.

3) Қазақстан өнеркәсіптері бойынша кездесетін кәсіби ауруларды зерттеу және топтастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]