Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
elmeri.docx
Скачиваний:
60
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
297.6 Кб
Скачать

3 Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау

1. «Қазатомпром» МАЭК-тегі қауіпті және зиянды факторларға талдау жасау.

«Қазатомпром» МАЭК-те қауіпті және зиянды факторларға аттестация қорытындылары бойынша сарапту жүргізілді.

Аттестациялауды жүргізу кезінде еңбекті қорғаудың келесідей сұрақтары талқыланды:

  1. Зиянды және қауіпті факторларды сараптау;

  2. Еңбектің ауырлығы мен қауырттылығын анықтау;

  3. Қондырғылар мен құрал-саймандардың қауіпсіздік нормасына сәйкестігін тексеру;

  4. Жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыздандырылуын бақылау.

Сурет. Аттестациялауды жүргізу кезінде еңбекті қорғаудың сұрақтары

Зиянды және қауіпті өндірістік факторларды сараптау еңбек процесіне сай, мемлекеттік реестрге енген арнайы өлшеу қондырғыларымен жүргізілді. Барлық пайдаланылған өлшеу құралдары уақытылы тексеру мен калибровкадан өткізіліп отырған.

Қорытынды нәтижелеріне келетін болсақ, зиянды және қауіпті факторлар деңгейі өлшеніп, өлшеу нәтижелері төмендегі кестелерде берілген (кесте 7,8).

Кесте 7 – Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде (Iб) еңбек жағдайын бақылау нәтижелері

Өндіріс орнындағы факторлар атауы, өлшем бірлігі

Нормасы,

ШРД, ШРК

Іс жүзіндегі деңгейі

Еңбек жағдайының класы

1

Микроклимат

А) температура, оС

Б) салыстырмалы ылғалдылық, %

В) ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с

А) 21-23 оС

Б) 40-60 %

В) 0,1 м/с аспайды

А) 22 оС

Б) 65 %

В) 0,1 м/с

А) тиімді (1 класс)

Б) рұқсат етілген (2 класс)

В) тиімді (1 класс)

2

Зиянды заттар (газдар, аэрозольдер), мг/м3

Шаңдар

6,0

5,0

рұқсат етілген (2 класс)

3

Шу, дБ

80 дБА

50 дБА

рұқсат етілген (2класс)

4

Діріл

112 дБА

-

-

5

Иондалмаған сәулелену

500 В/м

450 В/м

рұқсат етілген (2класс)

6

Электростатикалық өріс

20 кВ/м

20кВ/м

тиімді (1класс)

7

Жарықтандыру, лк

200 лк

100 лк

рұқсат етілген (2класс)

Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде микроклимат деңгейі: температура 22оС-қа, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65 %-ға, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 м/с-ке тең болды. Бұл көрсеткіштер №1.02.006-94 СН сәйкес. Шу деңгейі нормаға сәйкес, яғни 50 дБА-ға тең. Иондалмаған сәулелену мен электростатикалқ өріс нормативтерге сәйкес. Жарықтандырудың іс жүзіндегі деңгейі 100 люкске тең. Нәтижесі бойынша бұл бөлімнің еңбек жағдайы рұқсат етілген класқа жатқызылды, яғни 2 класс. 1-суретте көрсетілгендей, берілген бөлімнің еңбек жағдайын бағалау нәтижелері нормаға сәйкес және адам өміріне қауіп төндірмейді.

Сурет . Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде (Iб) еңбек жағдайын бақылау нәтижелерінің арасындағы нормаға сәйкестік диаграммасы

Кесте 8 – Компрессорлы цех (IIб) бөлімінде еңбек жағдайын бағалау нәтижелері

Өндіріс орнындағы факторлар атауы, өлшем бірлігі

Нормасы,

ШРД, ШРК

Іс жүзіндегі деңгейі

Нормадан асып кетуі

1

Микроклимат

А) температура, оС

Б) салыстырмалы ылғалдылық, %

В) ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с

А) 17-19 оС

Б) 40-60 %

В) 0,2 м/с аспайды

А) 20 оС

Б) 65 %

В) 0,1 м/с

А) рұқсат етілген (2класс)

Б) рұқсат етілген (2клас)

В) тиімді (1класс)

2

Зиянды заттар (газдар, аэрозольдер), мг/м3

Шаңдар

6,0

6,0

тиімді (1класс)

3

Шу, дБА

80 дБА

75 дБА

тиімді (1класс)

4

Діріл

112 дБА

70 дБА

тиімді (1класс)

5

Иондалмаған сәулелену

500 В/м

5мкТл

500 В/м

тиімді (1класс)

6

Электростатикалық өріс

20 кВ/м

20кВ/м

тиімді (1класс)

7

Жарықтандыру, лк

200 лк

300 лк

рұқсат етілген (2класс)

Компрессорлы цех бөлімінде микроклимат деңгейі: температура 20 оС-қа, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65 %-ға, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 м/с-ке тең болды. Бұл көрсеткіштер №1.02.006-94 СН сәйкес, яғни еңбек жағдайының класы бойынша бұл көрсеткіштер рұқсат етілген (2) класқа жатады. Аэрозольдер көрсеткіші 6,0 мг/м3 тең болды. Бұл ШРК-дан аспайды. Шу деңгейі нормаға сәйкес, яғни 75 дБА-ға тең. Дірілдің деңгейі 70 дБА тең. Иондалмаған сәулелену мен электростатикалық өріс нормаға сәйкес. Жарықтандырудың іс жүзіндегі деңгейі 300 люкске тең. Нәтижесінде еңбек жағдайының класы рұқсат етілген класқа сай болып шықты. 2-суреттен көріп отырғанымыздай, берілген бөлімнің еңбек жағдайын бағалау нәтижелері нормаға сәйкес және адам өміріне қауіп төндірмейді.

Сурет. Компрессорлы цехте еңбек жағдайын бағалау нәтижелерінің арасындағы нормаға сәйкестік диаграммасы

Кез келген авария кезінде санитарлық-қорғау зонасының шекарасындағы халықтың сәулеленуі 10 бэрден аспауы тиіс. Бұл нормативтер «Қазатомөнеркәсіп» МАЭК-те қатаң түрде сақталады.

Қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, компания қызметкерлері мен компания жұмыс жүргізетін аймақ тұрғындарының денсаулығын қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаға мүмкін болған радиологиялық және химиялық әсерді болдырмау Қазатомөнеркәсіптің басым міндеттері болып табылады. Сондықтан қызметкерлердің 1 жылда алатын дозалық шектері де нормативтерден аспайды (кесте 9).

Кесте 9 – Атом станциясындағы қызметкерлерлердің 1 жылда алатын дозалық шектері

Нормаланған шамалар

Дозалық шектер

персонал (А тобы)

халық

Эффективті доза

5 жыл ішіндегі жылына 20 мЗв, бірақ жылына 50 мЗв-тен аспауы қажет.

5 жыл ішіндегі жылына 1мЗв, бірақ жылына 5 мЗв-тен аспауы қажет

1 жылда көз шынысындағы эквивалентті доза

150 мЗв

15 мЗв

терідегі

500 мЗв

50 мЗв

қол сүйегі мен табандағы

500 мЗв

50 мЗв

Зиянды заттар концентрациясы, оның ішінде химиялық қосылыстардың зияндылығы бәрімізге мәлім. Бұл өндіріс орнында бұл зиянды қосылыстардың келесідей түрлері кездесуі мүмкін.

Бром қосылыстары өте улы. Ауадағы концентрациясы 0,001 % болғанның өзінде сілекейлі қабықшалардың тітіркенуі, бас айналу, мұрыннан қан кету байқалады. Ал жоғары концентрацияда тыныс алу жолдарының тарылуы, тұншығу сияқты белгілер болуы мүмкін. Профпатолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, офтальмолог, аллерголог сияқты дәрігерлерден жылына 1 рет медициналық тексеруден өту қажет. Себебі бұл қосылыстардың әсерінен жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары, дистрофикалық бұзылулар, көздің созылмалы аурулары тууы мүмкін. Бериллий қосылыстары да улы болып табылады. Ұшқыш бериллий қосылыстары, соның ішінде шаңдарының улылығы жоғары. Бериллийдің анық көрінетін аллергиялық және канцерогенді әсері бар. Құрамында бериллий бар атмосфералық ауамен жұтыну тыныс алу органдарының ауруы – бериллиозға шалдықтыруы мүмкін. Сонымен қатар аллергиялық аурулар, гиперпластитті ларингит ауруына, жоғары тыныс алу жолдарының дистрофикалық ауруларына әкелуі мүмкін. Кремний қосылыстары, оның ішінде кремний диоксиді жалпы жағдайда шаң пайда болуына қолайлы жағдай жасайтын бионертті қатты зат болып табылады. Кремний диоксидінің зиянды әсері өкпе ұлпаларына жиналған заттарға негізделіп, ауыр кәсіби ауруға – силикозға әкеліп соғуы мүмкін. Жүйелі түрде кремний диоксидімен жұмыс істейтін адамдар жеке қорғаныс құралдарын қолданған жағдайда да, сілекейлі қабықшада әр түрлі процестер болуы мүмкін. Бұл қосылыстар шекті рұқсат етілген концентрациядан асатын болса, келесідей аурулар тудыруы мүмкін: жоғары тыныс алу жолдарының дистрофикалық, аллергиялық аурулары, өкпе-бронх жүйелерінің созылмалы аурулары, терінің созылмалы аурулары. Жылына рет келесідей дәрігерлерден медициналық тексерістен өту керек: профпатолог, терапевт, оториноларинголог, невропатолог, аллерголог, дерматовенеролог. Хлор – улы тұншықтырғыш газ. Хлормен жұмыс кезінде газқағар, қолғап, арнайы киім кию қажет. Натрий сульфиті немесе натрий тиосульфатына малынған дәкені де тыныс алу жолдарын қорғау мақсатында қолдануға болады. Профпатолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, офтальмолог, аллерголог сияқты дәрігерлерден жылына 1 рет медициналық тексеруден өту қажет. Себебі бұл қосылыстардың әсерінен жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары, дистрофикалық бұзылулар, көздің созылмалы аурулары тууы мүмкін.

Бұл қосылыстардың қасиеттерін атап кеткен себебіміз, атом компаниясында кездесетін зиянды факторлардың басым көпшілігі осы қосылыстардан келеді. Сондықтан бұлар адам ағзасына зиянды әсер келтірмеуі үшін ауадағы концентрациясы нормативтерге сай болуы тиіс (кесте 10).

Кесте 10 – Зиянды және қауіпті өндірістік факторларға жүргізілген аттестация қорытындысы

Өндірістегі қолайсыз факторлар

Пайдаланылатын стандарт

Шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК)

Тексеру нәтижесі

1

Кремний қосылыстары

СН 245-71 және МЕСТ 12.1.007-76

1 мг/м3

0,5 мг/м3

2

Бром қосылыстары

СН 245-71 және МЕСТ 12.1.007-76

0,5 мг/м3

0,1мг/м3

3

Бериллий қосылыстары

СН 245-71 және МЕСТ 12.1.007-76

0,001 мг/м³

0,001 мг/м³

4

Хлор (қауіптілігі жоғары)

СН 245-71 және МЕСТ 12.1.007-76

1мг/м3

1 мг/м3

Төменде берілген суретте көріп отырғанымыздай, зиянды заттарды тексеру нәтижелері шекті рұқсат етілген концентрациядан аспайды және нормаға сәйкес.

Сурет. Зиянды заттардың ШРК мен тексеру нәтижелерінің арасындағы нормаға сәйкестік диаграммасы

Өндіріс орнының метереологиялық жағдайымен қатар еңбек жағдайын бағалағанда, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы бағаланды. Келесі кестелерде осы параметрлер бойынша бағалау қорытындылары берілген (кесте 11,12,13,14).

Кесте 11 – Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде еңбек процесінің ауырлығының көрсеткіші бойынша еңбек жағдайын бағалау қорытындылары

Еңбек процесінің ауырлығының көрсеткіші

Еңбек жағдайының кластары

Тиімді (жеңіл физикалық жүктеме)

Рұқсат етілген (орташа физикалық жүктеме)

Зиянды (ауыр еңбек)

1 дәреже

2 дәреже

1

2

3,1

3,2

  1. Физикалық динамикалық жүктеме (ауысым ішінде сыртқы механикалық жұмыстың бірлігі, кг*м)

    1. Аумақтық жүктеме кезінде 1 м-ге дейінгі қашықтыққа жүктің орын ауыстырылуы

+

    1. Жалпы жүктеме кезінде

( қол-аяқ, дене қатысымен)

+

      1. 1-ден 5 метрге дейінгі аралықта жүктің орын ауыстырылуы

+

      1. 5 метрден асатын аралықта жүктің орын ауыстырылуы

+

  1. Қолмен орын ауыстыратын және көтеретін жүктің массасы (кг)

    1. Басқа жұмыспен кезектестіріп жүкті көтеру мен орын ауыстыру (бір реттік)

+

    1. Бір ауысым ішінде тұрақты түрде жүкті көтеру мен орын ауыстыру (бір реттік)

+

  1. Стереотипті жұмыс қимылдары (бір ауысымдағы саны)

    1. Локальді жүктеме кезінде (қолдың шынтаққа дейінгі бөлігі мен саусақтардың күшімен)

+

    1. Аймақтық жүктеме кезінде (көбінесе иық пен қол бұлшық-еттерінің күшімен)

+

  1. Статикалық жүктеме – жүкті ұстау кезіндегі бір ауысымның статикалық жүктемесінің өлшемі (кгс*с)

    1. Бір қолмен

+

    1. Екі қолмен

+

    1. Дене қозғалысы мен аяқтың күшімен

+

  1. Жұмыс қалпы (поза)

    1. Жұмыс қалпы (поза)

+

  1. Дене қалпының еңкеюі деңгейі

    1. Дене қалпының еңкеюі (30о артық еңкеюге мәжбүрлік)

+

  1. Технологиялық процеспен байланысты кеңістікте орын ауыстыру, км

    1. Көлбеуінен

+

Әр кластағы көрсеткіштердің саны

9

5

Еңбек ауырлығын бағалаудың соңғы нәтижесі – рұқсат етілген еңбек жағдайы (2класс)

Физикалық күш адамның шаршауы мен қажуына әкеледі. Сондықтан жұмыс процесі кезінде физикалық жүктеменің нормаға сәйкес болуы өте маңызды. Физикалық жүктемелер нормативке сәйкес болмаса, еңбек өнімділігі төмендейді. Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде 11 кестеден көріп отырғанымыздай, еңбек ауырлығына байланысты барлық параметрлер тиімді немесе рұқсат етілген еңбек жағдайына сәйкес. Бұл кестенің толықтай нұсқасын Қосымша Б-дан көруге болады. Нәтижелері бойынша физикалық динамикалық жүктеме ер адамдар үшін 2500 кг*м-ге, ал әйел адамдар үшін 1500 кг*м-ге тең. Бұл тиімді еңбек класына сәйкес. Қолмен орын ауыстыратын және көтеретін жүктің массасы ер адамдар үшін 15 кг-ға, әйел адамдар үшін 5 кг-ға тең. Бұл тиімді еңбек класына сәйкес.

Стереотипті жұмыс қимылдарының локальді жүктемесінің бір ауысымдағы саны 40 000-ға дейін жетеді, ал аймақтық жүктеме кезінде 20 000-ға дейін жетеді. Бұл жағдайда еңбек кластары, сәйкесінше рұқсат етілген және тиімді еңбек кластарына жатқызылды. Статикалық жүктеме – жүкті ұстау кезіндегі бір ауысымның статикалық жүктемесінің өлшемі – бір қолмен, екі қолмен және дене қозғалысы мен аяқ күшімен істелінген жұмыс нормалары рұқсат етілген еңбек класына жатқызылды. Жұмыс қалпы ерікті және ыңғайлы болып есептелді. Қызметкердің қалауы бойынша «отырып-тұру» қалпына сәйкес. Дене қалпының еңкеюі бір ауысымда 50 ретке дейін. Технологиялық процеспен байланысты кеңістікте орын ауыстыру 4 км-ге дейін болуы мүмкін. Нәтижесінде қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде еңбек процесінің ауырлығының көрсеткіші бойынша еңбек жағдайын бағалау қорытындылары рұқсат етілген еңбек жағдайын көрсетті.

Кесте 12 – Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде еңбек процесінің қауырттылығының көрсеткіші бойынша еңбек жағдайын бағалау қорытындылары

Еңбек процесінің қауырттылығының көрсеткіштері

Еңбек жағдайының класы

Тиімді

Рұқсат етілген

Зиянды

Жеңіл дәрежедегі еңбек қауырттылығы

Орташа дәрежедегі еңбек қауырттылығы

Қауыртты еңбек жағдайы

1 дәреже

2 дәреже

1

2

3,1

3,2

  1. Интеллектуалды жүктеме :

1.1 Жұмыстың мазмұны

+

1.2 Сигналдарды (информация) қабылдау және оларды бағалау

+

1.3 Міндеттердің ауырлығы бойынша қызметтерді топтастыру

+

1.4 Орындалатын жұмыстың сипаттамасы

+

  1. Сенсорлы жүктемелер

2.1 Топталған бақылаудың ұзақтығы

+

2.2 1сағат жұмыс ішіндегі сигналдар (жарықтық, дыбыстық) мен хабарламалардың тығыздығы

+

2.3.Бір уақытта бақыланатын өндірістік объектілердің саны

+

2.4. Есту анализаторына жүктеме

+

2.4.1 Ұзақ уақыт топтастырылған бақылау кезінде мм-мен берілген айыра алу объектісінің өлшемі (жұмысшының көзі мен айыру объектісінің арақашықтығы 0,5 м аспайтын)

+

2.4.2 Ұзақ уақыт топтастырылған бақылау кезінде оптикалық приборлармен жұмыс (микроскоп, лупа)

+

2.4.3 Видеотерминалдар экранын бақылап отыру:

-Информацияның әріп-сандық типте берілуі;

-Информацияның графикалық типте берілуі.

+

2.5 Дыбыс аппаратына жүктеме

+

  1. Эмоционалды жүктеме

3.1.Өз жұмысының нәтижесі үшін жауапкершіліктің деңгейі. Қателердің маңызы

+

3.2.Өзінің өміріне байланысты тәуекел дәрежесі

+

3.3.Басқа адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктің деңгейі

+

  1. Жүктемелердің бірсарындылығы

4.1.Қарапайым міндетті орындау немесе бірнеше рет қайталанатын операциялар үшін істелетін элементтер саны

+

4.2.Қарапайым өндірістік міндеттің немесе қайталанатын операциялардың ұзақтығы

+

  1. Жұмыс режимі

5.1.Нақты жұмыс күнінің ұзақтығы

+

5.2.Жұмыстың ауысымдылығы

+

Әр кластағы көрсеткіштердің саны

10

9

Еңбек қауырттылығын бағалаудың соңғы нәтижесі – рұқсат етілген еңбек жағдайы (2класс)

Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде еңбек процесінің қауырттылығы бойынша бағалау қорытындылары келесідей: интеллектуалдық жүктеме нұсқама бойынша қарапайым альтернативті шешімдер қабылдауды талап етеді. Информацияны қабылдау және оларды бағалау одан әрі іс-әрекетке жөндеулер мен басқа да операцияларды орындауды талап етеді. Қызметкерлер тапсырманы орындап, өңдеп және тексеруге міндетті. Орындалатын жұмыстың сипаттамасы жұмыс барысында түзетуге мүмкіндігі бар бекітілген кесте бойынша атқарылады. Еңбек жағдайының класына байланысты жоғарғы көрсеткіштер тиімд класқа жатқызылды. Сенсорлы жүктемелердің параметрлеріне сәйкес те еңбек класы тиімді болып есептелді. Эмоционалды жүктеме кезінде қызметкер қосымша міндеттердің сапалы орындалуына жауапты, басшылықтың тарапынан берілген тапсырмаларына жауапты. Өзінің өміріне және басқа да қызметкерлердің өміріне байланысты тәуекел жоқ. Жүктемелердің бірсарындылығы еңбектің рұқсат етілген класына сәйкес. Жұмыс режимі 8 сағатта тең, жұмыс ауысымдылығы 5 күндік жұмыс, 2 күн демалыс. Нәтижесінде еңбек жағдайы рұқсат етілген еңбек класына сәйкес болды.

Кесте 13 – Компрессорлы цехте еңбек процесінің ауырлығының көрсеткіші бойынша еңбек жағдайын бағалау қорытындылары

Еңбек процесінің ауырлығының көрсеткіші

Еңбек жағдайының кластары

Тиімді (жеңіл физикалық жүктеме)

Рұқсат етілген (орташа физикалық жүктеме)

Зиянды (ауыр еңбек)

1 дәреже

2 дәреже

1

2

3,1

3,2

    1. Физикалық динамикалық жүктеме (ауысым ішінде сыртқы механикалық жұмыстың бірлігі, кг*м)

    1. Аумақтық жүктеме кезінде 1 м-ге дейінгі қашықтыққа жүктің орын ауыстырылуы

+

    1. Жалпы жүктеме кезінде

( қол-аяқ, дене қатысымен)

+

      1. 1-ден 5 метрге дейінгі аралықта жүктің орын ауыстырылуы

+

      1. 5 метрден асатын аралықта жүктің орын ауыстырылуы

+

  1. Қолмен орын ауыстыратын және көтеретін жүктің массасы (кг)

    1. Басқа жұмыспен кезектестіріп жүкті көтеру мен орын ауыстыру (бір реттік)

+

    1. Бір ауысым ішінде тұрақты түрде жүкті көтеру мен орын ауыстыру (бір реттік)

+

  1. Стереотипті жұмыс қимылдары (бір ауысымдағы саны)

    1. Локальді жүктеме кезінде (қолдың шынтаққа дейінгі бөлігі мен саусақтардың күшімен)

+

    1. Аймақтық жүктеме кезінде (көбінесе иық пен қол бұлшық-еттерінің күшімен)

+

  1. Статикалық жүктеме – жүкті ұстау кезіндегі бір ауысының статикалық жүктемесінің өлшемі (кгс*с)

    1. Бір қолмен

+

    1. Екі қолмен

+

    1. Дене қозғалысы мен аяқтың күшімен

+

  1. Жұмыс қалпы (поза)

    1. Жұмыс қалпы (поза)

+

  1. Дене қалпының еңкеюі деңгейі

    1. Дене қалпының еңкеюі (30о артық еңкеюге мәжбүрлік)

+

  1. Технологиялық процеспен байланысты кеңістікте орын ауыстыру, км

    1. Көлбеуінен

+

Әр кластағы көрсеткіштердің саны

3

11

Еңбек ауырлығын бағалаудың соңғы нәтижесі – рұқсат етілген еңбек жағдайы (2класс)

Компрессорлы цехте 13 кестеден көріп отырғанымыздай, еңбек ауырлығына байланысты барлық параметрлер тиімді немесе рұқсат етілген еңбек жағдайына сәйкес. Нәтижелері бойынша физикалық динамикалық жүктеме ер адамдар үшін 5000 кг*м-ге, ал әйел адамдар үшін 3000 кг*м-ге тең. Бұл рұқсат етілген еңбек класына сәйкес. Қолмен орын ауыстыратын және көтеретін жүктің массасы ер адамдар үшін 30 кг-ға, әйел адамдар үшін 10 кг-ға тең. Бұл да рұқсат етілген еңбек класына сәйкес. Стереотипті жұмыс қимылдарының локальді жүктемесінің бір ауысымдағы саны 40 000-ға дейін жетеді, ал аймақтық жүктеме кезінде 20 000-ға дейін жетеді. Бұл жағдайда еңбек кластары, сәйкесінше рұқсат етілген және тиімді еңбек кластарына жатқызылды. Статикалық жүктеме – жүкті ұстау кезіндегі бір ауысымның статикалық жүктемесінің өлшемі – бір қолмен, екі қолмен және дене қозғалысы мен аяқ күшімен істелінген жұмыс нормалары рұқсат етілген еңбек класына жатқызылды. Жұмыс қалпы периодты түрде ыңғайсыз қалыпта болуды (бір-біріне қатысты дененің әр түрлі бөлігін өзгертуге мүмкіндіктің болмауы) талап етеді. Дене қалпының еңкеюі бір ауысымда 300 артық еңкеюге мәжбүрлі бір ауысымда 51-100 ретке тең. Технологиялық процеспен байланысты кеңістікте орын ауыстыру 10 км-ге дейін болуы мүмкін. Нәтижесінде қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде еңбек процесінің ауырлығының көрсеткіші бойынша еңбек жағдайын бағалау қорытындылары рұқсат етілген еңбек жағдайын көрсетті.

Кесте 14 – Компрессорлы цехте еңбек процесінің қауырттылығының көрсеткіші бойынша еңбек жағдайын бағалау қорытындылары

Еңбек процесінің қауырттылығының көрсеткіштері

Еңбек жағдайының класы

Тиімді

Рұқсат етілген

Зиянды

Жеңіл дәрежедегі еңбек қауырттылығы

Орташа дәрежедегі еңбек қауырттылығы

Қауыртты еңбек жағдайы

1 дәреже

2 дәреже

1

2

3,1

3,2

    1. Интеллектуалды жүктеме :

1.1 Жұмыстың мазмұны

+

1.2 Сигналдарды (информация) қабылдау және оларды бағалау

+

1.3 Міндеттердің ауырлығы бойынша қызметтерді топтастыру

+

1.4 Орындалатын жұмыстың сипаттамасы

+

    1. Сенсорлы жүктемелер

2.1Топталған бақылаудың ұзақтығы

+

2.2 1 сағат жұмыс ішіндегі сигналдар (жарықтық, дыбыстық) мен хабарламалардың тығыздығы

+

2.3 Бір уақытта бақыланатын өндірістік объектілердің саны

+

2.4 Есту анализаторына жүктеме

+

2.4.1 Ұзақ уақыт топтастырылған бақылау кезінде мм-мен берілген айыра алу объектісінің өлшемі (жұмысшының көзі мен айыру объектісінің арақашықтығы 0,5 м аспайтын)

+

2.4.2 Ұзақ уақыт топтастырылған бақылау кезінде оптикалық приборлармен жұмыс (микроскоп, лупа)

+

2.4.3 Видеотерминалдар экранын бақылап отыру:

-Информацияның әріп-сандық типте берілуі;

-Информацияның графикалық типте берілуі.

+

2.5 Дыбыс аппаратына жүктеме

+

    1. Эмоционалды жүктеме

3.1.Өз жұмысының нәтижесі үшін жауапкершіліктің деңгейі. Қателердің маңызы

+

3.2.Өзінің өміріне байланысты тәуекел дәрежесі

+

3.3.Басқа адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктің деңгейі

+

    1. Жүктемелердің бірсарындылығы

4.1.Қарапайым міндетті орындау немесе бірнеше рет қайталанатын операциялар үшін істелетін элементтер саны

+

4.2.Қарапайым өндірістік міндеттің немесе қайталанатын операциялардың ұзақтығы

+

    1. Жұмыс режимі

5.1.Нақты жұмыс күнінің ұзақтығы

+

5.2.Жұмыстың ауысымдылығы

+

Әр кластағы көрсеткіштердің саны

9

10

Еңбек ауырлығын бағалаудың соңғы нәтижесі – рұқсат етілген еңбек жағдайы (2класс)

Компрессорлы цехте еңбек процесінің қауырттылығы бойынша бағалау қорытындылары келесідей: интеллектуалдық жүктеме нұсқама бойынша қарапайым альтернативті шешімдер қабылдауды талап етеді. Информацияны қабылдау және оларды бағалау одан әрі іс-әрекетке жөндеулер мен басқа да операцияларды орындауды талап етеді. Қызметкерлер тапсырманы орындап, өңдеп және тексеруге міндетті. Орындалатын жұмыстың сипаттамасы жұмыс барысында түзетуге мүмкіндігі бар бекітілген кесте бойынша атқарылады. Еңбек жағдайының класына байланысты жоғарғы көрсеткіштер тиімд класқа жатқызылды. Сенсорлы жүктемелердің параметрлеріне сәйкес еңбек класы рұқсат етілген болып есептелді. Эмоционалды жүктеме кезінде қызметкер қосымша міндеттердің сапалы орындалуына жауапты, басшылықтың тарапынан берілген тапсырмаларына жауапты. Өзінің өміріне және басқа да қызметкерлердің өміріне байланысты тәуекел жоқ. Жүктемелердің бірсарындылығы еңбектің рұқсат етілген класына сәйкес. Жұмыс режимі 8 сағатта тең, жұмыс ауысымдылығы 5 күндік жұмыс, 2 күн демалыс. Нәтижесінде еңбек жағдайы рұқсат етілген еңбек класына сәйкес болды.

Қорыта келетін болсақ, «Қазатомөнеркәсіп» МАЭК-те зиянды және қауіпті факторларға сараптама жүргізіліп, нәтижесінде еңбек жағдайы рұқсат етілген еңбек жағдайына сай болды. Яғни қызметкерлер қауіпсіз еңбек жағдайында қызмет етуде.

2. «Қазатомпром» Маңғыстау атом-энергетикалық комбинатының еңбек жағдайын бағалау

Еңбек жағдайын бағалаудың тәжірибелік түрде жүргізілген әдісі Элмери жүйесі болатын. Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістерінде көрсетілгендей, Элмери жүйесі толықтай өлшеулерге негізделген. Төмендегі кестеде зерттеу әдістерінде берілген критерийлерге сүйене отырып, осы жүйенің нәтижелері берілген (кесте14).

Кесте 14 – Элмери жүйесі бойынша жұмыс орнын аттестаттау нәтижелері

Бақылау объектілері

Жақсы

Барлығы

Жаман

Барлығы

Болған жоқ

Барлығы

  1. Өндірістік процесс

    1. Қорғаныс құралдарын пайдалану және тәуекелді қабылдау

+

+

2

+

1

  1. Реттілік және тазалық

    1. Жұмыс үстелдері және шеберүстелдері

+

+

2

+

1

    1. Стеллаждар

+

+

+

3

    1. Жазықтықтар

+

+

+

3

    1. Қоқыс контейнерлері

+

+

2

+

1

    1. Еден

+

+

2

+

1

  1. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі

    1. Құрылысы және жай-күйі

+

+

+

3

    1. Басқару және авариялық қондырғы құрылысы

+

+

+

3

    1. Қорғаныс құрылғысы

+

+

+

3

    1. Қызмет көрсетулер мен көтерулерге арналған стационарлық алаңшалар

+

+

+

3

  1. Қоршаған орта факторлары

    1. Шу

+

+

+

3

    1. Жарықтандыру

+

+

+

3

    1. Ауаның тазалығы

+

+

+

3

    1. Температуралық режим

+

+

+

3

    1. Химиялық заттектер

+

+

2

+

1

  1. Эргономика

    1. Жұмыс орнының мөлшерлері және дененің жұмыс кезіндегі жағдайы

+

+

+

3

    1. Жүктерді қолмен жылжыту және көтеру

+

+

2

+

1

    1. Қайталанатын жұмыс операциялары

+

+

+

3

    1. Жұмыс уақытында дене жағдайларының ауысуы

+

+

+

3

  1. Өтпелер және өтер жолдар

    1. Құрылысы, белгіленуі және қорғаныс қоршаулар

+

+

+

3

    1. Реттілігі және жай-күйі

+

+

+

3

    1. Көрінушілігі және жарықтандырылуы

+

+

+

3

  1. Құтқару және алғашқы көмек көрсету үшін мүмкіндіктер (жұмыс орнында бәрінен де жақынырақ орналасқан жбдықтар мен құралдар)

    1. Электр қалқаны

+

+

+

3

    1. Құтқару және алғашқы көмек көрсету құралдары

+

+

+

3

    1. Өрт сөндіру құралдары

+

+

+

3

    1. Эвакуация жолдары

+

+

+

3

Барлығы

72

Барлығы

2

Элмери индексі * 100% *100%  97,3

Көріп отырғанымыздай элмери индексінің мәні 97,3-ке тең болды, яғни еңбек жағдайының күйі жоғары дәрежеде деуге болады.

Бұл кестеде берілген нәтижелер Қосымша А-дағы критерийлерге сүйене отырып бағаланды. Қорыта келетін болсақ, бұл өндіріс орнындағы еңбек жағдайы қанағаттанарлық жағдайда, яғни қызметкерлері рұқсат етілген еңбек жағдайында еңбек етуде. Сонымен қатар өндірістің медициналық-санитарлық бөлімі кәсіпорынның қызметкерлеріне медициналық жәрдем көрсету мақсатында қызмет істеп тұр. Бұл бөлім жұмысын 1996 жылы бастаған.

Бөлімнің құрамына емхана, тұрақты ем көрсету бөлімімен қоса өндіріс аймағында орналасқан төрт медпункт кіреді. Тұрақты ем жасау бөлімінде жоғары дәрежелі маман дәрігерлер қазіргі заманғы озық технологияны пайдалана отырып оташылық пен  емдеу ісін жүзеге асырады.

Аталмыш медициналық-санитарлық бөлім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №243 бұйрығына сәйкес енді бастау алып келе жатырған ауру-сырқаудың алдын алу мақсатында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің барлық жұмысшылары мен қызметкерлерін жыл сайын профилактикалық бақылаудан өткізіп отырады.

Өндірісте қолайсыз факторларымен жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмыс уақытына шектеу қойып, жыл сайынғы берілетін демалу уақытын ұзартуды қарастырған. Сонымен қатар айлық мөлшері көбейтіліп, зейнетақыға шығу мерзімі қысқартылған. Әйелдер бала көтерген жағдайда міндетті түрде зиянды және қауіпті факторлармен жұмыс істеуді тоқтатып, басқа жұмысқа ауыстырылады.

Жалпы және кәсіби ауруларды азайту мақсатында қызметкерлер санаторий-профилакторийлерде емделеді. Химиялық заттармен қарым қатынаста жұмыс істейтін қызметкерлер күнде сүт өнімімен қамтамасыз етіледі.

Емхана осы заман талаптарына сай медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда аурудың диагнозын қоюға арналған кардиологиялық комплекс, көп емханаларда қол жете бермейтін жоғары санатты ультрадыбыстық қондырғы қолданысқа енгізілген.

Хруничев атындағы мемлекеттік космостық ғылыми-өндірістік орталық дайындаған барокамера осы компанияның медициналық орталығы қызметкерлерінің мақтанышы болып табылады.

Бұл ерекше қондырғы ауруларды емдеу кезінде қолданылады. Қондырғының жұмысы әр түрлі эндоскопиялық операцияларды орындауға жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта комбинат 400 Мвт-қа дейінгі электрлік артық жұмысты атқарып келеді және тәулігіне 40 000 текше метрдей дистиллят өндіреді. Комбинаттың сәйкес қызметтері комбинат жұмысының қоршаған орта жағдайына әсерін әрдайым мониторинг өткізіп қадағалап отырады. Комбинаттағы қызмет барлық қажетті лицензиялармен қамтамасыз етілген.

3. Қазақстан өнеркәсіптері бойынша кездесетін кәсіби ауруларды зерттеу және топтастыру

Соңғы 5 жылдың статистикасын қарайтын болсақ, бұл өндіріс орнында ешқандай кәсіби ауру тіркелмеген. Бұл компаниядағы еңбек жағдайының жоғары дәрежеде екендігін білдіреді. Дегенмен, қай өндіріс орны болмасын өзінің жеке мүдделеріне байланысты кәсіби аурулар болған жағдайда да оларды тіркемейтіндігі белгілі. Бұл жағдай кәсіпорынның абыройына нұқсан келтіреді. Сондықтан Қазақстан Республикасы бойынша жиналған статистикаға назар аударайық.

Қазақстан енді дамып келе жатқан мемлекет болғандықтан, республикада өнеркәсіптің көптеген түрі кездеседі. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда кәсіби аурудың жоғары көрсеткіштері тау-кен өнеркәсібінде – 64 %, көмір өнеркәсібінде – 19 %, металлургияда – 10,7 %, химия өнеркәсібінде – 2,6 %, мұнай-газ өнеркәсібінде – 2,1% болып отыр (сурет 5).

Сурет. Өнеркәсіп салалары бойынша кәсіби аурулардың көрсеткіштері

Қазіргі уақытта құрамында медициналық санитарлық бөлімдер, дәрігерлік және фельдшерлік пункттер, шипажай-профилакторийлер, сауықтыру орталықтар, денсаулық, қоғамдық және диеталық тамақтандыру орталықтары кіретін өнеркәсіптік медицина нысандары айтарлықтай қысқартылды. Осыған байланысты жұмыс істейтін халыққа медициналық жәрдем көрсетудің сапасы төмендеуде.

Қазақстан Республикасында жалпы қызметкерлердің 12 %-ы зиянды еңбек жағдайындағы өндірістерде жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Еңбекті қорғау және кәсіби аурулар орталығының мәліметтері бойынша Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде 4 903 кәсіби аурулардың бірінші рет қабылданған жағдайы тіркелген. Көп жағдайда кәсіби жұмысқа қабілеттілікті жоғалту дәрежесі ғана тағайындалған. Бірақ кәсіби аурулардың тіркелген дәрежесі қазіргі Қазақстандағы еңбек жағдайына сәйкес емес.

Халықты әлеуметтік қорғау және бақылау комитетінің төрағасы Сериккали Бисакаевтың мәліметтеріне жүгінетін болсақ, Қазақстанда 100 000 адамға шаққанда кәсіби аурудың 6,1 жағдайы тіркелген. Еуропа елдеріндегі көрсеткіштер Қазақстанға қарағанда жоғары. Германияда дәл осы көрсеткіш 32 жағдайды құрайды, Жапонияда – 39,2, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 68,8-ге жетіп отыр (сурет 6).

Сурет 6. 100 000 адамға шаққанда кәсіби аурудың жағдайы

Яғни біздің елімізде кәсіби аурулардың негізгі бөлігі жалпы аурулардың құрылымында қалып қойып отыр. Сондықтан қызметкер сәйкес медициналық қызмет көрсету мен денсаулығының бұзылуына байланысты әлеуметтік көмек ала алмайды.

2009 жылдың мәліметтері бойынша кәсіби патология құрылымында бірінші орынды денеге түсетін жүктемелер мен жекелеген органдар мен жүйелердің зорығуымен байланысты аурулар (55,71%), екінші орынды – (34%), өндірістік аэрозольдардың әсер етуінен болатын аурулар (29,20%), үшінші орынды – физикалық факторлардың әсер етуімен байланысты аурулар (9,21%), төртінші орынды – химиялық факторлардың әсер етуінен пайда болатын аурулар (3,02%) алады. Биологиялық факторлардың әсер етуімен байланысты аурулар – 1,43%-ын, өндірістік аллергендердің әсерінен пайда болатын аурулар аурулардың 1,27%-ын құрайды. Ең соңғы орынды жаңа түзілімдер алып отыр, ол 0,16% құрайды. (сурет 7). Мұнымен қатар кәсіби ауруға шалдығушылықтың тіркелген деңгейі шынайы жағдайды бейнелемейді және заманауи Қазақстандағы еңбек жағдайларының жай-күйіне сәйкес емес.

Сурет 7.Кәсіби аурулардың классификациясы бойынша басым болатын ауру түрлері

2005 жылы республикада кәсіби аурулардың 440 оқиғасы, 2006 жылы -487, 2007 жылы – 545 оқиғасы тіркелген болса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 549-ға тең болды. 2009 жылы кәсіби аурулардың саны 635 оқиғаға жетті (сурет 8). Негізінен кәсіби аурулардың көрсеткіштері бірқалыпты артып отырғаны байқалады. Қолайсыз еңбек жағдайы болғандықтан, міндетті түрде кәсіби аурулар да артып, тіркеліп отыруы қажет. Алайда кәсіби аурулардың жоғары дәрежеде тіркелуі жайында соңғы 3 жыл ішіндегі дерек жоқ.

Сурет 8.ҚР бойынша кәсіби аурулардың саны

Дамыған мемлекеттерде, мысалы Финляндияда қызметкер ауырған жағдайда, оны жеңіл жұмысқа ауыстыратынын және оның жеңілдіктер мен сақтандыру алатынын әрбір қызметкер біледі. Ал біздің республикамыздың жекелеген кәсіпорындарындағы үнемі және тұрақты жалақы алатын жұмысшылар зауытта немесе бұрғылауда қалу үшін барлық күшін салады.

Кәсіби ауруды жасыруға міндетті периодтық тексерулерде көмектеседі. Себебі қазір мекемелерде дәрігерлердің қызметін ақылы түрде пайдаланатын қызметкерлер аз емес. Бұл адамдардың өз уақытын үнемдеген түрі болар. Бірақ бұлай өз денсаулығына немқұрайлы қарап, болашақта ауруға шалдығатын болса, өздерінің жапа шегетіндігін қазір ешкім ойламайды.

«Қазатомөнеркәсіп» Маңғыстау атом-энергетикалық комбинатында медициналық тексерулерге қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Бұл сауалнаманың қорытындысы барлық, яғни 100% қызметкердің медициналық тексеруден уақтылы және әділ түрде өтетіндігін көрсетті. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай. Дегенмен, барлық өнеркәсіптің жағдайы бірдей болуы мүмкін емес.

Өндіріс орнынан тыс әлеуметтік сауалнама анонимді түрде жүргізілді. Кездескен адамдардың жұмыс атқаратын орны да, кәсіби дәрежесі де әр түрлі болып шықты (сурет 9)

Сурет 9. Әр түрлі өнеркәсіптердегі қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі

Бұл әлеуметтік сауалнамада қызметкерлердің 52% медициналық тексерулерге көңілі толатындығын, 28%-ы медицина қызметкерлерінің мүмкіндігін ақылы түрде пайдаланатындығын білдірді. 22% қызметкер бұл сұрақтан белгісіз себептермен бас тартты.

Қазақстан Республикасының облыстары бойынша кәсіби аурулардың жоғары деңгейі Қарағанды облысында. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысында да көрсеткіш жоғары дәрежеде. Батыс, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда және Атырау облыстарында көрсеткіш өте төмен дәрежеде (кесте 15).

Кесте 15 – 2005-2009 жылдар аралығында тіркелген кәсіби аурулардың Қазақстан Республикасы бойынша таралуы

Облыстар

Тіркелген кәсіби аурулар саны

2005

2006

2007

2008

2009

Қазақстан Республикасы

440

487

545

549

635

Алматы

3

2

-

1

-

Ақтөбе

2

-

8

3

4

Шығыс Қазақстан

168

213

229

192

263

Жамбыл

28

14

18

15

16

Қарағанды

227

236

275

293

326

Қызылорда

-

-

-

1

2

Қостанай

4

8

2

3

-

Павлодар

2

4

5

8

1

Солтүстік Қазақстан

-

4

5

3

2

Батыс Қазақстан

-

-

-

-

7

Ақмола

-

5

2

29

8

Оңтүстік Қазақстан

-

1

-

-

3

Маңғыстау облысы

6

-

1

1

3

Атырау облысы

-

-

-

-

-

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]