Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
elmeri.docx
Скачиваний:
60
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
297.6 Кб
Скачать

Қорытынды

Кәсіби аурулар адамның еңбекке қабілеттігін жоғалтуға әкелетін үлкен дерт болып табылады. Сондықтан бұл мәселе өзектілігі өте жоғары дәрежеде.

Зиянды және қауіпті факторларды талдағанда, физикалық жүктеме мен өндірістік аэрозольдердің әсерінен болатын аурулардың басым болатыны анықталды. Бұл факторлардан невроздар, радикулиттер, тірек қимыл аппаратының аурулары, пневмокониоз, силикоз, биссиноз, кәсіби бронхит, эмфизема, жоғарғы тыныс алу жолдарының күрт дистрофикалық аурулары және т.б. аурулар дамиды. Республика бойынша Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кәсіби аурулардың көрсеткіштері өте жоғары дәрежеде.

Компаниялар зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысшылар үшін жеңілдіктер мен өтемақыға елеулі қаржы – жылына 15 млн-дай доллар ақша жұмсайды екен. Алайда мұның өзінде де кәсіби ауруға шалдығу тәуекелі ескерілмей қалып қояды. Зиянды және қауіпті факторларға мұндай елеулі қаржы жұмсағанша, алдын алу жұмыстарына зор көңіл бөлінуі тиіс.

МАЭК қызметкерлерінің еңбек жағдайын тексеру кезінде барлық талаптардың орындалып, қызметкерлердің қолайлы еңбек етуіне жағдайдың жасалғандығы берілген көрсеткіштерден-ақ көрініп тұр. Жыл сайынғы медициналық тексерулер, медицина қызметкерлерінің жоғары дәрежедегі жұмысы, сонымен қатар басшылығының қызметкерлер денсаулығына салғырт қарамауы – бұл өндіріс орнындағы еңбек жағдайын жоғары дәрежеде ұстауының нәтижесі деуге болады.

Дегенмен, кәсіпорындардың сараптама зертханасы мекеменің ішінде болмағаны дұрыс. Себебі бұл жағдайда әділ баға берілмеу мүмкіндігі бар. Мемлекетімізде кәсіби аурулардың тіркелмей, жалпы аурулардың көлеңкесінде қалып қоюының себебі де осы болар. Республикамыздағы кәсіби аурулардың жағдайын басқа мемлекеттермен салыстырған кезде, біздің көрсеткіштердің басқаларға қарағанда әлдеқайда төмен екендігін байқадық. Бұл дамыған мемлекеттердегі еңбек жағдайының бізге қарағанда төмен екендігін білдірмейді. Керісінше, біздің елімізде өндіріс орындарының басшылары өз дәрежесін түсірмеу мақсатында кәсіби ауруларды тіркемей, қызметкерлерді жеңіл жұмысқа ауыстыруынан болады. Себебі дамыған мемлекеттерде, мысалы Финляндияда қызметкер ауырған жағдайда оның жеңілдіктер мен сақтандыру алатынын әрбір қызметкер біледі. Ал біздің республикамыздың жекелеген кәсіпорындарындағы үнемі және тұрақты жалақы алатын жұмысшылар зауытта немесе бұрғылауда қалу үшін барлық күшін салады.

Кәсіби ауруды жасыруға міндетті периодтық тексерулерде көмектеседі. Себебі қазір мекемелерде дәрігерлердің қызметін ақылы түрде пайдаланатын қызметкерлер аз емес. Бұл адамдардың өз уақытын үнемдеген түрі болар. Бірақ бұлай өз денсаулығына немқұрайлы қарап, болашақта ауруға шалдығатын болса, өздерінің жапа шегетіндігін қазір ешкім ойламайды.

Өндірістік объектілерді аттестаттау еңбекті қорғау мен оның жағдайын тікелей жақсартудың негізгі формасына, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жоспарлаудың базасына айналды. Аттестаттау жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен жағдайдың объективті бет-бейнесін анықтауға және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту шаралары бойынша нақты бағдарлама дайындауға мүмкіндік беретіндіктен әлеуметтік тұрғыда өте маңызға ие. Аттестаттау негізінде жұмыс орындарында еңбек жағдайлары бойынша объективті бағалау механизмін енгізу, қызметкерлерге еңбек жағдайына сәйкес төлемақылар алуға, ал, еңбек жағдайларын жүйелі жақсарту жұмыстарын іске асырушы – жұмыс берушілерге ұйымның экономикасындағы бірден-бір маңызды берілетін жеңілдіктер мен төлемақылар мөлшерін қысқартуға мүмкіндік береді. Әрбір өндіріс орнында аттестаттау жылда кем дегенде 1 рет өткізіліп отырылуы тиіс. Тәжірибе жүргізілген өндіріс орнында бұл еңбек жағдайын бағалау мақсатында аттестаттау жылдың басында өткізілді. Нәтижелерімен танысу барысында ешқандай ауытқушылықтардың болмағанын, сонымен қатар қызметкерлердің рұқсат етілген еңбек жағдайында қызмет етіп жатқандығына көз жеткіздік.

Қорыта келетін болсақ, кәсіби аурулардың дамуына негізгі себепкер – ол қолайсыз еңбек жағдайы. Қызметкерлердің жұмыс уақытында кездесетін зиянды және қауіпті факторлар жойылмайтын болса, сонымен қатар қызметкердің өзі денсаулығы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, бұл кәсіби аурулардың дамуына әкелетін негізгі күш. Сондықтан кез келген өндірі орнында еңбек жағдайы уақытылы бағаланып, басшылық тарапынан қолайлы факторлар жағдайы жасалынуы тиіс. Сонда ғана біздің мемлекетіміз дамып, республиканы дамытушы негізгі фактор – адам факторы бірінші орында тұрады. Ол үшін қызметкерлердің өздері де денсаулықтан маңызды нәрсенің жоқ екенін түсінуі қажет, сондықтан әрбір адам өз денсаулығына ұқыпты қарап, ешқашан ауруын жасырмауы керек. Жұмыс берушілер өз жұмысшыларының денсаулығы үшін жауапкершіліктен оңай құтылмауы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]